Файл: 130 бйры 7осымшасына сай мж келесі бетте Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№130 бұйрық 7-қосымшасына сай ҚМЖ келесі бетте
Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ-ны дидактикалық материалымен бірге жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз. https://ust.kz/qmg
Оқу мақсаттарының жүйесі
19. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімше, төртінші сан – оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
20. Оқыту мақсатының жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген.
1-сынып | |
Бөлімше | Компьютер |
Қауіпсіздік | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау; |
| Интернет желісінде жұмыс істеу |
1.Ақпараттар іздеу | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; |
2.Ақпарат алмасу | 1.3.2.1. желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсінгенін көрсету; |
| Есептей білу |
1.Алгоритмдер | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру; |
2.Программалау | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch) |
| Робототехника |
1.Жалпы робототехника | 1.5.1.1. білім беру роботының негізгі моделін жинау; |
1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | |
2. Роботтың қозғалысы | 1.5.2.1. белгілі бір жылдамдықта роботтың қозғалысын ұйымдастыру; |
1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.3. роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру; |
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді жоспары
а) Оқу бағдарламасында берілген ұзақ мерзімді жоспар үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Пән тақырыптары | Оқу мақсаттары |
3 тоқсан | ||
1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») | Өз денсаулығы-мызды сақтаймыз | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау; |
Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; | |
1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну; | ||
2-бөлім. Бағдарламалау (ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор») | Менің алғашқы программам | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру; 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch); |
4 тоқсан | ||
3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») | Роботпен алғашқы танысуым | 1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау; |
Роботқа арналған программа | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | |
Роботтың қозғалысы | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
Лабиринттен шығу | 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру |
ә) Оқулыққа авторлар тарапынан берілген ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Тақырыптар-дың қатар саны | Пән тақырыптары | Сағат саны |
| | 3-тоқсан | 9 |
І-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») | §1 | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 1 |
§2 | Компьютермен танысу . | 1 | |
§3 | Интернет – ақпарат көзі | 1 | |
§4 | Интернеттегі қауіпсіздік | 1 | |
ІІ-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор») | §5 | Әрекеттер реті. Оқиға | 1 |
§6 | Алгоритм. Сызықтық алгоритм | 1 | |
§7 | Scratch программалау ортасы | 1 | |
§8 | Менің алғашқы программам | 1 | |
§9 | БЖБ. Өзіңді тексер (бөлім бойынша қорытынды сабақ) | | |
| | 4-тоқсан | 8 |
3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») | §10 | Робот жайлы не білеміз? | 1 |
§11 | Роботпен танысу | 1 | |
§12 | Роботқа арналған программа | 1 | |
§13 | Робот дөңгелегінің айналымы | 1 | |
§14 | Роботты алға жылжыту қозғалысы | 1 | |
§15 | Роботты артқа жылжыту қозғалысы | 1 | |
§16 | Лабиринттен шығу | 1 | |
§17 | ТЖБ. Өзіңді тексер (тоқсандық қорытынды сабақ) | 1 | |
| | ||
| | Жалпы сағат саны | 17 |
Қысқа мерзімді жоспар
№ 1 сабақ . А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Өз денсаулығымызды сақтаймыз. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. Оқушылардың көбі үшін: Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі. Кейбір оқушылар үшін: ***.Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | 1. Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. | Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Сандықша, қағаз қиындылары. | ||
4. Топтастыру | | «Құпия сандық» әдісі Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді. 1-топ: «Информатика» 2-топ: «Компьютер» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. 5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | | ||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі. | Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | | ||
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында. | Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 4-бет | |||
Жаңа сабаққа дайындық. | Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады. | |||||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. | 1- тапсырма: Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр. | ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». | Интерактивті тақта | ||
| (МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі. 1-тапсырма: Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта | ||
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. | 2- тапсырма: Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс. Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта | ||
| (Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі. ***3- тапсырма: Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта | ||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | (Ж) «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады. | - Бүгінгі тақырып не туралы болды? - Бүгінгі тақырыпта не ұнамады? - Бүгінгі тақырып несімен ұнады? - Мені қызықтырғаны ... -Сабақта қандай сезімде болдың? - Тақырыпқа не қосар едің? -Тақырыптан қандай үлгі алдың? Менің қолымнан ... келеді. | ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптерлері | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
№ 2-сабақ. А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютермен танысу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. Көпшілік оқушылар үшін: Компьютер құрылғыларымен танысады. Кейбір оқушылар үшін: ***.Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметін біледі. |