Файл: 9 Тотыутотысыздану реакциялары блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9.2.Тотығу-тотықсыздану реакциялары бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты:


9.2.2.3 тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;

9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну.

9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;

9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану- электронды қосып алу деп түсіну

9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

  • Тотығу дәрежесі ережесін жазады.

  • Қосылыстардан элементтердің тотығу дәрежелерін анықтайды

  • Тотығу және тотықсыздану реакцияларын тауып жазады

  • Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш екенін анықтайды

  • Тотығу және тотықсыздану процесін электорондық баланс әдісімен тенестіреді.

Ойлау деңгейі:

Білу және түсіну, Қолдану. Жоғарғы деңгей дағдылары


Орындалу уақыты:

20 минут


1 тапсырма.Тотығу дәрежесінің дұрыс анықтамасы

А) Элементтердің тотығу дәрежелері өзгермейтін реакциялар

Б) Элементтердің тотығу дәрежелері өзгеретін реакциялар

В) Атомдардың иондарының өзгеру ракциясы

Г) Полюсті байланыстағы атомдардың шартты заряды

2 тапсырма.Төмендегі қосылыстардағы әр элементтін тотығу дәрежесін анықтаңдар.

АICI3, СО2, CH4, SO3,

3тапсырма.Келтірілген реакциялардың ішінен тотығу-тотықсыздану реакцияларын табыңыз.

А)2Na+CI2= 2NaCI

Б) NaCI+AgNO3=NaNO3+AgCI

В) Zn+2HCI=ZnCI2+H2

Г) CaCO3=CaO+CO2

4тапсырма. Тотығу және тотықсыздану үдерісін көрсетіңіз «+», «-»таңбасын қойыныз.




Тотығу

Тотықсыздану

N-3 N-2,








Mg0 Mg+2








AI0 AI+3








S+6 S-2








Cu0 Cu+2









5 тапсырма. Реакция тендеуін аяқтап, электрондық баланс әдісі арқылы коэффиценттерін қойындар.

NH3+O2=NO+H2O


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тотығу дәрежесі ережесін жазады.

1

Тотығу дәрежесін табудың ережесін анықтайды

1

Қосылыстардағы әр элементтін тотығу дәрежесін жазады.

2

АICI3, СО2 элементтердің тотығу дәрежелерін анықтайды.

CH4, SO3 элементтердің тотығу дәрежелерін анықтайды.

1
1

Келтірілген реакциялардың ішінен қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясына жататынын анықтайды.

3

реакция теңдеулерінен ішінен екі тотығу-тотықсыздану реакцияларын табады


2

Тотығу және тотықсыздану үдерісін көрсетеді.

4

берілген иондардан тотығу үдерісін табады

1

берілген иондардан тотықсыздану үдерісін табады

1


Электрондық баланс әдісі арқылы реакция тендеуінің коэффицентерін қояды.

5

Тотығу дәрежелерін анықтайды

Тотығу процесін жазады

Тотықсыздану процесін жазады

Электрондық баланс жасайды

Реакция теңдеуіне коэффиценттерін қояды



1

1

1

1

1



Барлығы

12