Файл: Силлабус павлодар . Ф. 4126.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф. 4-124
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

«Тарих» ББ




«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

ППУ барлық білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған

СИЛЛАБУС

Павлодар қ.

Ф. 4-126
Бекітемін

Академиялық мәселелер

жөніндегі проректор

______ Е.В.Игнатова

20 ж. «_____»________
Құрастырушылар: ____________доцент, т.ғ.к. Сабданбекова З.Ә.

____________доцент, т.ғ.к. Айткенов З.Ш.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

ППУ барлық білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған

СИЛЛАБУС

Силлабус жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген және жоғары оқу орнынан кейінгі және халықаралық байланыс Департаменті 2019 жылғы 31 қазанындағы №604 хатымен іске қосылған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, ППУ оқу-әдістемелік кеңесінің 2019 ж. ___________отырысының ____хаттамасымен бекітілді.
ББ бойынша Комитеттің отырысында ұсынылған 20__ж.___________ №____хаттамасымен.
ББ жетекшісі_____________ А.Е. Каримова

(ҚОЛЫ) (аты-жөні)
ЖМ кеңесімен мақұлданған ____________________ 20___ж. №____Хаттама

Төраға ___________ Қ.С. Ергалиев

(ҚОЛЫ) (аты-жөні)

Келісілді

ЖМ деканы ____________ Қ.С. Ергалиев ________________20__ж.


МАҚҰЛДАНДЫ

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры

____________ С.Ш Смайлов 20__ж. ___ _________

Оқытушы туралы мәлімет

Сабданбекова Зәмзәгүл Әбіләшқызы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. ППУ, корпус «5», Торайғыров к-сі 58, ауд.301а болатын уақыты сағат 09.00 - 17.00.

40-тан астам ғылыми еңбектер жарияланды, оның ішінде монография, скопус, және ККСОН ұсынатың ғылыми мақалалар.

Кафедрадағы қабылдау уақыты (№6-301а) топқа арналған кеңес кестелері бойынша. zamzagul77@mail.ru

Айткенов Зият Шайманович, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. ППУ, корпус «5», Торайғыров к-сі 58, ауд.301а болатын уақыты сағат 09.00 - 17.00.

40-тан астам ғылыми еңбектер жарияланды, оның ішінде монография, скопус, және ККСОН ұсынатың ғылыми мақалалар.


Кафедрадағы қабылдау уақыты (№6-301а) топқа арналған кеңес кестелері бойынша. ziat@mail.ru
Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пән 1 және 2 семестрде 15 апта көлемінде оқытылады. недель. Пәннің жалпы ауқымы 120 сағат, оның 30 сағаты аудиториялық және 90 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған. Аудиториялық сағаттардың сабақ түріне қарай бөлінісі күнтізбелік жоспарда көрсетілден.

Пәннің мақсаты: «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты: бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мэдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; сгуденттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отыра, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;

- проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;

- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;

- бүгінгі тарих және тарих ғылымының ролі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметгік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.

Құзыреттіліктер:

жалпы мәдени құзыреттер:

- әлеуметтік өзара әрекеттестік құру кезінде білім беру процесіне қатысушылардың этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарын ескере алатын;

- адамгершілік нормалары мен адамгершілік мінез-құлық негіздеріне ие;

- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерін, ғылыми білімдерге жету және оны құру жолдарын жүзеге асырады.

кәсіби құзыреттіліктер:

- оқу курсының мазмұнын меңгеруі керек;

- оқытуда курстың білімі мен дағдыларын тиімді қолдануға ықпал ету;

- курс туралы білімдерін құрылымдай білу;

- зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдерін дамытуға үлес қосу;

- оқытудың өзіндік инновациялық технологиялары.

пәндік құзыреттер:

студенттің ойы болуы керек:

- Қазақстанның жаңа тарихындағы процестер, кезеңдер мен құбылыстар туралы;



- ұлттық қазақ мәдениетінің құндылықтары және Қазақстан тарихының әлемдік тарихтағы орны туралы.

Білуі тиіс: әлемдік және еуразиялық тарихи үдеріс жағдайында тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерін.

істей білу тиіс: тарихи өткен кезеңнің жеке құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы тарихи және басқа да ғылыми зерттеу әдістері арқылы саралауды; дамудың қазақстандық моделінің өзіне тән артықшылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздылығын объективті және жан-жақты түсіну; шынайы тарихты фактілер мен дәлелдерге, жазбаша, археологиялық дереккөздерге және ғылыми талдауларға сүйене отырып, көркем әдебиеттен және мифтерден ажырата білу, ұлттық басымдықтарға, заман талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сана мен идеологиялық принциптерді қалыптастыруды.

ойлау мәдениеті, ақпаратты қорыту, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеті; ақпаратты ұсынудың коммуникативті, интеллектуалды және шығармашылық әдістері; қазіргі Қазақстанның күрделі тарихи процестерін, құбылыстары мен тарихи тұлғаларын зерттеудегі аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдылары қалыптасуы тиіс.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Пән бойынша оқытудың жалпы нәтижелеріне келесі оқу әрекеттері арқылы қол жеткізіледі:

1) аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар - оқытудың инновациялық технологияларын ескере отырып, ғылымның, техниканың және ақпараттық жүйелердің соңғы жетістіктерін қолдана отырып және интерактивті түрде өткізіледі;

2) сыныптан тыс жұмыстар: студенттің өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен, жеке консультациялар;

Бағдарлама барысында өткізілетін дәрістер, семинарлар, пікірталастар, практикалық сабақтар, тәжірибенің әр түрлі түрлері студенттерге шешуші және арнайы құзыреттіліктерді дамытуға, атап айтқанда теориялық білімді тарихта нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескере отырып, білім беру процесінде ұтымды және шығармашылықпен қолдану үшін кең мүмкіндіктер береді. педагогикалық технологиялар және ақпарат көздері (мультимедиялық білім беру бағдарламалары, электрондық оқулықтар, теледидар, интернет және интернет-технологиялар).


Студенттердің өзіндік жұмысының профессорлық-оқытушылық құрамының көшбасшылығы, жеке консультациялар студенттердің оқу және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқытудың күтілетін нәтижелері:

КН1 - елдегі және әлемдегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайды түсінетіндігін көрсетеді.

КН2 - тарихтағы орта білім берудің педагогикасын, құрылымы мен мазмұнын, мектептің, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің интеграциясы мен сабақтастығының принциптері мен механизмдерін біледі. КН4 - нақты сұрақтарды қою және шешу үшін тиісті мәліметтерді қамтитын әр түрлі ақпарат түрлерімен (мәтін, графикалық аудио, видео) жұмыс жасауды біледі.

Пререквизиттер Пәнді оқыту Қазақстанның жаңа заман тарихы, география, этнография, археология, мәдениеттану, философия, пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді.

Постреквизиттер

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсын меңгеру пәндердің ойдағыдай дамуына ықпал етеді:

- құқық негіздері

- экономикалық теория негіздері

- Дінтану

- әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

- Философия

- педагогика

Н. 4-70


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Күндізгі бөлім



п/п

Тақырып атаулары

Сағат саны

Дәріс

Практ.

СОӨЖ

СӨЖ

1

Пәнге кіріспе.

1




3

1

2

Қазақстан тәуелсіздікке барар жолында: ұлттық мемлекеттің қалыптасу кезеңдері.

2

1

4



1

3

Азаматтық-саяси қарама-қайшылық.

2

1

4

4

Кеңестік мемлекеттік құрылыс моделін іске асыру.

2

1

4



1

5

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.

2

1

4

6

Қазақстанды «қайта кұру» саясаты.

1

2

4

1

7

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.

2

2


4



1

8

Экономикалық дамудың қазақстандық моделі.

2

2


4

9

Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әлеуметтік табысы.

2

2

3

1

10

Этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісім.

2

1

3



1

11

Дамудың қоғамдық-саяси болашағы және рухани жаңғыру.


1

2

4

12

Ұлы Дала халқының жаңа тарихи танымы мен дүниетанымын қалыптастыру саясаты.

1

2

4


1

13

Қазақстан қазіргі әлем таныған мемлекет.

1

2

3

14

Н.Ә. Назарбаев – тарихи тұлға.

2


1

3

1

15

Болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастыру.

2

2

4

1

ЖАЛПЫ:

30

30

75

15



КУРС КОМПОНЕНТТЕРІ
3.1 Дәріс сабақтарының тақырыптары
1 Тақырып. Пәнге кіріспе.

Отан тарихын оқытудағы тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекетінің бастауы мен сабақтастығы: ежелгі, ортағасыр, жаңа заман. Мемлекеттің дамуындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени заңдылықтары. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихының маңызды мәселелері. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы». Дүниежүзілік-тарихи үдеріс аясында қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихын зерттеудің функциялары мен принциптері Ұлттық тарихтың басымдықтары. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдендіру. Қазіргі заман Қазақстан тарихының тарихнамасы және тарихи деректер.

2 Тақырып. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолында: ұлттық мемлекеттің қалыптасу кезеңдері.

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалык жағдай.

Орталық Ресейден орыс және басқа еуропалык тұрғындарды қазақ жеріне қоныстануы. Аграрлық сектордағы қатынастардың шиеленісе түсуі.

Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарынын қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Көлік. Сауда. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы.

Ұлттық мемлекеттің қалыптасу жолындағы қоғамдық-саяси қозғалыс. XVIII - XIX ғасырдың басындағы Қазақстандағы отарлауға қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшелігі және тарихи сабақтастығы.

Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік кұрамы, білімі, қызметі. Қоғамда орталык биліктің атына арыз-тілектердін жазылуы. Қарқаралы петициясы. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясынын түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ыкпалдасуы. Мұсылмандардың кайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қазақтардың Ресейдің I - II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Думада қазақ жері туралы мәселенін қойылуы Б.Қаратаев, А.Биримжанов депутаттардың қызметі.

Ресейлік түркіліктің доктринасы және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына ықпалы. Қазак зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша қазақтан депутат сайлау құқының жойылуы. Қазақ саяси тобы өкілдерінің жалпыресейлік мұсылман съездеріне (С.-Петербург, Н.-Новгород) қатынасуы. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-әль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) ролі.