Файл: Силлабус павлодар . Ф. 4126.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Орыс әскерінің жазалау әрекеттері. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Ә.Бөкейхановтың шақыруымен тыл жұмысындағы жастармен жұмыс істеуге ұлт зиялыларының өз еркімен аттануы. Бұл азаматтық актінің салдары және тарихи маңызы. Қазактардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.

Ресейдегі Ақпан-буржуазиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элиталардың Қазақ комитеттерінің құрылуына байланысты шақырулары. Облыстарда өткізілген қазақ съездері және бұл жерде қаралған мәселелер. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдар кұрамындағы қызметі. 1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі.

ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: қазақ зиялылардың саяси, мәдени-ағарту қызметіне жаңа көзқарастардың қалыптасуы.
3 Тақырып. Азаматтық-саяси қарама-қайшылық.

Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің бекітілуі. Ресей халыктарының құқық Декларациясы (15 қараша 1917 ж.) жариялануы.

Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялау туралы шешім. Қоқан каласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) үкіметінің құрылуы. М.Шоқайдың естеліктері. Алашорда және Қоқан автономиясы билік органдарының таратылуы. Кеңес өкіметінің Қазақ комитеттерін «ұлттық-буржуазиялық» билігіне бағасы.

Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Таптық тұрғыдан қазақ халқының екіге бөлінуі. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. «Әскери коммунизм» саясаты. Алашорда үкіметіне «кешірім» жариялануы. А. Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылған сын. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы - ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР - нің территориялық аймағының белгілеудің әкімшіл-әміршілдің шешу мәселесі. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З. Валидов.


Қазақстандағы большевизм режимінің тұрақтануы. Жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жылдарында Қазақстандағы ашаршылық. Қазақ зиялылардың ашаршылыққа қарсы күресі. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер.

Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» карсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.


4 Тақырып. Мемлекеттік құрылыс Кеңес моделін іске асыруы.

Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімі. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты көзқарастар. Қазақстанды индустрияландыру идеясының ерекшеліктері.

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік-экономикалық салдары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Адам құқының тапталуы. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты-ащы шыңдықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдары. Ашаршылықтың демографиялық салдары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлы державалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі. Оның «Кеңестер билігіндегі Түркістан» еңбегі.

Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-территориялык аудандастыру. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдары. Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам кұқығының аяқасты етілуі.

Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындары мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Қазақстандықтар - партизан қозғалысына дем берушілер. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. Соғыс тұткындарының қайғылы тағдыры. Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар - кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі. Фашистердің «Түркістан» легионың кұру әрекеті. М.Шоқайдың соғыс жылдарындағы қызметі. Екінші дұниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

5 Тақырып. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролык сынақтар және олардың зардаптары.

Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.

Партияның шешімдеріндегі мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Партиялық-мемлекеттік басқару жұйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылыктар - Мәскеудің ұлттык мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.

Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы.

Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. 1965 - 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылыктары. Идеологиялық тоқырау. Зиялылардың астыртың әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. Қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі («Жас тұлпар»).

КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өндірістегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының келеңсіздігі. Өнеркәсіптердегі дағдарыстың өршуі.

Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Ауыл еңбеккерлерінің материалдық ынталандырудың төмендеуі. Енбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар - әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Орталықтың этнодемографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. «Көлеңкелі экономика» (кара нарық), криминалдық топтардың таралуы.


Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролык сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаган ортаны ластауы.

Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі кайшылықтардың тереңдей түсуі.
6 Тақырып. Қазақстанды «қайта кұру» саясаты.

Идеологиялық, экономикалық және саяси өмірдегі елеулі өзгерістер. М.С.Горбачевтың реформасы. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалык дағдарыс. КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта кұруға талпыныстар. «Қайта кұру» мен жариялылықтын экономикаға әсері. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі.

Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшы орындағы қызметі. 1986 ж. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шыңайы себептері. Партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі. КОКП Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы. Қазақстанда ұлт-азаттық сананын өсе түсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің сайлануы. Тіл туралы заңның кабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж. тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.

7 Тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.

«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық заң. Қазақстан Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-нің Қазақстан Республикасына өзгеруі. Тәуелсіз ұлттық және мемлекеттілік құрылыстың факторы ретінде. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясының анықталуы. Қоғамды демократияландыру үдерісін күшеюі. Дербес дамудың дара жолын айқындау.