Файл: Саба жоспары Кні 25. 11. 2022 Саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Күні: 25.11.2022

Саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тобы: «Ақбота» тобы

Тақырыбы: Берекелі алтын күз

Мақсаты: музыканы тыңдау, жаңа ән жаттату, сөздердің анық шыққандығын қадағалау, Күз мезгілі жайлы қысқаша мәлімет беру

Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, Күзді сипаттайтын суреттер көрсету

Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, нота, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру

Ұйымдастыру кезеңі. Музыкамен кіру: «Біз өмірдің гүліміз». Авторы:Б. Ғизатов. Сапты бұзбай, арақашықтықты сақтап, музыка ырғағымен кіру

Музыкамен амандасу: До, ми, соль, ми, до Соль, фа, ми, ре, до

Мұғалім:Сәлеметсіз бе? Балалар:Сәлеметсіз бе?

Кіріспе әңгіме: Балалар, қазір Күз мезгілі өтуде. Жылда 4 мезгіл болады. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Әр мезгілде 3 ай болады. Күз мезгілінде Қыркүйек, Қазан және Қараша айлары болады.

Дауыс жаттықтыру: До, ми, соль, ми, до, соль, фа, ми, ре, до

«Біз ән айтамыз,

Жақсы айтамыз»

Мұғалім: Балалар, қазақ халқы «Нағыз қазақ-қазақ емес, Нағыз қазақ- домбыра» деп домбыра аспабын қадір тұтқан. Домбыра-біздің ұлттық аспабымыз болып табылады. Ал домбырамен ойналған шығармалар күй деп аталады. Біз күй атасы деп Құрманғазы Сағырбайұлын айтамыз. Қазір оның «Адай» атты күйін тыңдайық.

Музыка тыңдау:«Адай» күйі. Авторы: Құрманғазы Сағырбайұлы

Жаңа ән жаттау: «Кап-кап тук-тук»

Әннің сөзі: Кап-кап, тук-тук-тук,
Тереземді кім қақты?
Таңертең жаңбыр жауып
Балаларды оятты.

Кап-кап,дон-дон-дон,
Тамшылар тамып жатыр.
Егер шықсан далаға
Қолшатырды ұмытпа!

Кап-кап,тук-тук-тук,
Көңілді жаңбыр жауды.
Таңертең біз тағы да,
Серуендейміз далада!

Әнді үйрету барысында қойылатын талаптар:

1.Мәнерлеп өзім орындап беремін

2.Фраза арқылы сөзін орындап беремін

3.Әуенімен үйрету, әуенін үйрету

Кейін балалармен қосылып, әуенді бірге орындау.

Музыкалық-ыпғақтық қимылдар: Қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әр түрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру


Ойын: «Самолет».

Мақсаты: Балаларды музыка арқылы эстетикаға тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Музыкамен балалар самолет образын сомдап залда ұшып жүреді. Музыка сөнген бойда самолеттер өз орындарына қонулары тиіс. Үлгермеген самолет ойыннан шығып қалады

Қорытындылау: Мұғалім: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Мұғалім: Күз мезгілінде қандай айлар болады?

Балалар: Қыркүйек, Қазан, Қараша

Мұғалім: Бүгінгі сабақта не үйрендіндер?

Балалар: Құрманғазының «Адай» күйін тыңдадық, «Кап-кап тук-тук» әнін жаттадық, қызықты ойын ойнадық, т.б.