Файл: дістемелік бірлестігі отырысыны 1 хаттамасы Мерзімі 2022 ж. 31 тамыз атысандар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика

Әдістемелік бірлестігі отырысының
№1 хаттамасы


Мерзімі: 2022 ж. 31 тамыз Қатысқандар: математика ӘБ мүшелері
Күн тәртібінде:

1.     2022-2023 оқу жылына арналған жаңартылған білім мазмұнына байланысты өзгерістермен және жаңа әдістемелік нұсқау хатпен танысу.

2.     Бірлестіктің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасау және жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын талқылау, бекіту

3.     Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, факультатив сабақтарының, қолданбалы курс жұмыс жоспарын қарау

4.     Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жоспарын құру

Сөйледі:
1-мәселе
бойынша ДОІЖО С.Исанова 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктеріне тоқталып,сонымен бірге 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып өтті. Үстіміздегі оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта оқитын болады. Сынып жетекшілер оқушыларды «Күнделік.кз», «Онлайн мектеп» оқу платформасына тіркеп, сабақ кестесін енгізеді.. Әрбір оқушыға платформадағы онлайн сабақтарға кіру үшін құпия сөз бен пароль беріледі. 2022-2023 оқу жылында қалыптастырушы баға шекті 10 балдық жүйемен қойылады. Оқушы еңбегі 10 балдық жүйемен есептеліп, электронды журналға формативті баға ретінде қойылатын болады. 1-3 балл-төменгі, 4-7 балл орта,
8-10 балл жоғары деңгейді көрсетеді.Оқушы бағасы белгілі бағалау критерийлеріне қарай қойылады. Сіздерден 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты толық қарап шығуларыңызды сұраймын.
2-мәселе бойынша директордың бейіндеу ісі жөніндегі орынбасары Кузбаева Н.. жалпы білім беретін «Ынтымақ» мектебінің 2022-2023 оқу жылына арналып құрылған жұмыс жоспарымен таныстырды. Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуінен басталған іс-жоспарда оқу-тәрбие жұмыстарының бір жылдық реттілігі жүйелі берілген. Тоқсандық қорытынды жұмыстар, пән олимпиадаларын өткізу, қашықтық байқауларға қатысу және оқушыларды қатыстыру,т.б. жылдық жоспарға енген мәселелерді атап өтті. Соған сәйкес жұмыс бірге жұмыла жұмыс атқарамыз деген ойдамыз деп аяқтады өз сөзін.

3-мәселе бойынша математика ӘБ жетекшісі Г.Беккулиева сөз сөйледі. Оқу бағдарламасына сәйкес құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қарап шығып, бекітуге ұсынды. Параллель сыныптардың ктж-рының бірыңғайлығы қаралды. КТЖ-ын электронды журналға енгізілетіні ескертілді. Жыл бойы жоспардан ауытқымай, кіріктіретін тақырыптарды бірге кіріктіріп, бірегейлікті сақтау үшін жауапкершілік тапсырылды.

5-сыныптарға Турекулова С, 6-сыныптарға Аринова З, 7-сыныптарға Давлетов Қ, 8-сыныптарға Ибрагимова Б, 9-сыныптарға Джасанова А, 10-сыныптарға Биботаев М, 11-сыныптарға Абдиев Е бекітілді. Сонымен бірге қысқа мерзімді жоспардың үлгісі берілді. Дәстүрлі форматта оқу кезіндегі қмж үлгілері қоса ұсынылды.

Жарыссөз: Бірлестіктегі пән мұғалімдері өзара пікір алмасып, жоспарларды талқылап, отырыста қаулы қабылданды.

Қаулы:

  • Ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстарында 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктер ескерілсін.

  • Оқу-тәрбиелік жұмыстары 2022-2023 оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспары аясында атқарылсын.

  • Қаралған күнтізбелік- тақырыптық жоспарлар бекітуге ұсынылсын.

Хатшы: Джасанова А.