Файл: Лекция тезистері дістемелік нСаулы Оу трі кндізгі Инклюзивті білім беру пні бойынша глоссарий.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түзету (коррекция)(лат.correctio-түзету) — балалар мен жасөспірімдердің психофизикалықдамуының ауытқуын алдын-алу немесе бағытталған арнайы және жалпы психологиялық, педагогикалықшаралар жүйесін ұйымдастыру.
Түзету мынадай болуы мүмкін:
• өз бетімен педагогикалық құбылыс;
• кемістіктерді біртіндеп түзетуге немесе бұзылыстың алдын алуға (сөйлеуді түзету; жеке дыбыстардың айтылуын түзету; көру, есту қабілетін түзету) бағытталған арнайы әрекет.
Сондай — ақ, түзету оқу-тәрбиелік процестің бөлігін құрауы да мүмкін және баланың жеке тұлғасының қалыптасуын өзгертуге бағытталған психологиялық, педагогикалық құбылыс та болуы мүмкін.
Түзету дамуында ауытқуы бар балалардың барлық категориясын қамтиды және әртүрлі саланыңмамандары: дәрігер, мұғалім, психолог, педагог-дефектолог, логопедтің бірлесе отырып жұмыс icтeyi арқылы жүзеге асады.
Компенсация (орнын толтыру) (лат.compensatio-орнын толтыру, теңестіру) — ағзаныңбұзылғаны немесе дамып жетілмеген психофизиологиялык функцияның қайта құрылуы, немесе орнын алмастырудың көп аспектілі, күрделі npoцeci болып табылады.
Компенсация процессі кезінде баланың ағзасында жаңа динамикалық жүйенің қалыптасуы, оныңжаңа шартты байланыстардың бұзылған немесе әлсіреген функциясының қайта құрылуы (көру анализаторы зақымдалғанда есту және сезім мүшелерінің мүмкіндігі күшейеді; сөйлеу мүмкіндігініңжеткіліксіз дамуында кинестикалық анализаторлардың ролі өседі) журеді.
Мүлде жойылған функцияны компенсациялауда арнайы техникалық құралдар маңызды орын алады. Мысалы, дыбыстық сигналдарды жарыққа айналдыратын арнайы құрылғылардың көмегімен естімейтін балалардың сөйлеу тілін қабылдауын жеңілдетуге болады, ал керісінше айналдыратын құрылғы көрмейтіндерге жарықты қабылдап, кәдімгі кітаптарды қолдануына болады.
Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қажет пе? -
Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары? -
Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ?
3.Инклюзивті білім беру пәні бойынша семинар тапсырмалары.
1-семинар. Инклюзивті білім беру пәні және міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
1. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
2. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны
2-семинар. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
1. Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу, оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау.
2. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құру. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.
3-семинар. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
-
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету -
Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. -
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы.
4-семинар. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.
1.Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру.
2.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің м.а. бұйрығымен бекітілген санитарлық ережесі.
5-семинар. Инклюзивті білім берудің шет мемлекеттердегі даму деңгейі.
1.Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде қарастырып отырған категориядағы балалардың даму деңгейін саралау.
2.Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
6-семинар. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту.
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер»
2.Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңы.
7-семинар. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.
2.Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру.
8-семинар. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
1.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020ж. арналған бағдарламасы.
2.Бала Құқықтары туралы Конвенция.
9-семинар . Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары.
1.Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру
2.Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
10- семинар. Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
1. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі.
2. Әлемдік практикада мүгедектердің білім деңгейі мен олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
СӨЖ № 1
Тапсырма. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
СӨЖ № 2
Тапсырма. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамыту шаралары.
СӨЖ № 3
Тапсырма.Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен логопед, психолог, әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің жұмыс істеу жүйесі.
СӨЖ № 4
Тапсырма. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары туралы мәлімет.
СӨЖ № 5
Тапсырма. Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары.
СӨЖ № 6
Тапсырма. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері. Мүгедек балаларды
оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
СӨЖ № 7
Тапсырма. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары.
СӨЖ № 8
Тапсырма.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.