ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: № | М. Өтемісұлы «Мен едім», «Бағаналы терек» өлеңдері | 47 орта мектеп |
Күні : | Мұғалімнің аты-жөні : Алипбаева С.Н. | Пәні: қазақ әдебиеті |
Сынып: 9 Ә | Қатысқаны: | Қатыспағаны: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері М.Өтемісұлының өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу. | |
Сабақтың міндеттері: | 1.Өскелең ұрпаққа ақынның өмірін дәріптеу арқылы ақын шығармашылығының тарихын аша отырып, оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру. 2.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыда ойларын, тілдерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жетелеу сұрақтары арқылы белсенділігін, ой еркіндігі мен танымын арттыру | |
Сабақ мақсаттары: | Барлықоқушылар:Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын біледі.Шығармаларына талдау жасай алады. | |
Оқушылардың басым бөлігі:Шығармаларды талдау арқылы өз ойларын айтады, салыстыра алады. Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды, көремдік ерекшелігін талдай алады. | ||
Кейбір оқушылар:Алған білімін күнделікті өмірде тиімді пайдаланады. Оқулық пен қосымша деректерді пайдаланып тарихи деректер бойынша тұжырым жасап, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдей, әдеби тілмен сөйлей, өз пікірін көркем тілмен жаза алады. | ||
Тілдік мақсат: | Оқушылар: сөзмаржан, түсініксіз сөздердің мағынасымен танысады. | |
Негізгі сөздер мен тіркестер: «Махамбет – жалынды ақын», «Махамбет-жыр жебе», «Махамбет-күйші», «Махамбет-батыр», «Махамбет-адал дос» | ||
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер : Талқылауға арналған тармақтар : «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен едім», «Бағаналы терек» өлеңдері. | ||
Алдыңғы оқу: | М.Өтемісұлы «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі | |
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | «Жедел жауап» әдісі, «Тірі кітап» әдісі, СКТ (сатылай кешенді талдау), «Төрт сөйлем» әдісі, «Қазына іздеу» әдісі, «Түйінді ой» әдәсі | |
Сабақта 7 модульдің өқамтылуы: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | |
Сабақтың негізгі түйіндері: | Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ішкі Бөкей ордасы, Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Гекке бастаған қарулы топ, Истай Тайманұлы, дауылпаз ақын | |
Қолданылатын ресурстар: | топтық жұмысқа арналған құралдар, сабаққа байланысты слайдтар, Махамбет өміріне байланысты деректі фильм маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер | |
Сабақтың нәтижесі: | Шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; - топта ойласа отырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды; - тапсырмаларға өз ойын айта алады; - оқушылар сөздік қорын молайтады. - сабақта тапсырманы қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады. |
Жоспар
Сабақ бөлімдері | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Басы Білу | 2 минут |
1 топ-ақын; 2 топ-батыр; 3 топ-күйші | Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. | | ||||||||||||||||||||||||
4 минут «Жедел жауап» әдісі 2 минут Үй тапсыр/н бекіту | Үй жұмысы: М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы. «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі. 1. Махамбеттің қанша өлеңі сақталған? (79 өлеңі) 2. «Қызғыш құс» өлеңінің тақырыбы не? (Исатайдан, жерінен айырылып өкінуі, өксуі) 3. Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасыңдар? Өлеңнен үзінді оқылады. Жәңгір хан Махамбетті шақырып:-Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.Махамбет:- Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісіңді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
4. Көтерілісті ұйымдастырудың басты себебі не? 5.Махамбет арабша, орысша хат таныған, қай араб – парсы, түрік, татар, орыс тілдерін меңгерген. 6. «Тарланым» өлеңі қандай сарында жазылған?(Жоқтау) 7. Өтемістен туған он едік Онымыз атқа қонғанда Жер қайсқан қол едік,-деп жырлаған болатын. Сол Өтемістен туған он кімдер? (Бекмағанбет, Махамбет, Тоқтамыс, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен, Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл) 8. Махамбеттің өзге сарбаздардан, тіпті Исатайдың өзінен де артықшылығы неде? (қолындағы наркескені мен тілінің найзадай өткірлігі, аузындағы ғаламат сөзінің құдіреттілігі) 9. Махамбетті кім өлтірді ? (кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймайды. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дайындайды. Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, табын Төрежен Тұрымұлы, Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы) 10. Махамбет поэзиясының тақырыбы не? (майдан) «Мен, мен едім, мен едім» өлеңін тыңдау 11.«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің шығу тарихы қандай? (Көтеріліс жеңілгеннен кейін Махамбет ел ішінде жүре алмайды. Бір күні Баймағамбет пен Махамбет оңашада кездесіп қалады. Батыр үйге қару –жарағын тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан «Исатаймен бірге не мақсатпен күреске шықтыңдар?»-деп сұрайды. Батыр «Менің сөзім сізге жақпас»,- деп айта қоймайды. Сұлтан қайта – қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты өлеңі дүниеге келген екен. Баймағамбеттің алдындағы жас төрелер ашуланып қызған кезде, сұлтан «Бұлай айтпаса Махамбет батыр болар ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам ба»,- деген екен) 12.«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі қанша тараудан тұрады? 12 тарау Өлеңнің тақырыбы, идеясы, сюжеті. Тақырыбы-«Кек жолында» Идеясы- өшпенділік. Шығарма арқауы- қиял. Сюжеті- тартыс. | Қойылған сұрақтарға оқушылар нақты, дәлелмен жауап береді. Махамбет өлеңдерімен толықтырулар жасайды. | аудиожазба | |||||||||||||||||||||||||
Ортасы Түсіну Қолдану Талдау | 6 минут Сөздікпен жұмыс «Тірі кітап» әдісі 3 минут | Махамбеттің «Бағаналы терек» өлеңі аудиожазбадан тыңдалады. 1. қаптама- суықта киетін тысталған қалың киім. 2. туырлық-киіз үйдің түңлігі мен үзгінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабатын киіз. 3. бақыраш-қаңылтыр Оқулықтың 234-238 беттерін оу тапсырылады. Бейнебаян: М.Шаханов «Әке үкімі» үзінді тыңдату. (344 -448 аралығы) | Оқушылар аудиожазбадан «Бағаналы терек» өлеңін тыңдайды. Түсініксіз сөздерді дәптерге жазады. Кітаптың 234-238 беттерін оқиды | Аудиожазба Қазақ әдебиеті оқулығы «Арман ПВ» баспасы Аудиожазба | ||||||||||||||||||||||||
10 минут Постер қорғау СКТ (сатылай кешенді талдау) «Төрт сөйлем» әдісі «Қазына іздеу» әдісі | 1 топ: «Бағаналы терек» өлеңі бойынша. /жұптық жұмыс/
2 топ: Пікір-«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңіндегі кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді. Махамбет өр, қайсар да қайтпас батыр. Дәлел-мәтіннен үзінді жатқа айта отырып, өз пікірін дәлелдейді. Өздеріңдей хандардың Қарны жуан билердің Атандай даусын ақфыртып, Басын кессем деп едім,- Мысал-пікірін тарихпен, мысал келтіреді. Қорытынды-тақырып бойынша қорытынды шығарады. Махамбет-қиып түсер өткірлігімен, қызу қанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр. 3 топ: оқушыларға мәтін мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын «Мен едім» өлеңі бойынша үзінді алынады. Оқушылар әрбір қазынаны тапқаннан кейін, өлеңдегі лирикалық кейіпкердің жиынтық бейнесін анықтайды. Мысалы: МЕН-мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс; МЕН-кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр; МЕН-ойшыл, дана тұлға; МЕН-елі мен жері үшін мазаланған жан; МЕН-ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.МЕН-елімді Еділ бойы ен тоғайға ел қондырсам деген асыл арман иесі | | Плакат, маркер, ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Соңы Жинақтау Бағалау | 5 минут «Түйінді ой» әдісі | Бейнекөрсетілім: М.Шаханов «Махамбеттің соңғы сөзі» | Махамбеттің ақындық, батырлық, күйшілік қырын ашады. 1.Махамбет от ауызды, орақ тілді шешен болған дейді. Оның дәлелі -Аспанды жаңбыр, жерді Жәңгір, Еділді қалмақ, Жайықты орыс бермейді. Оны өздеріңдей сұлтандардың көзі көрмейді. Жәңгірді өлтірейін десем, Исатай ерік бермейді,-деп Баймағамбетке айтуы; екіншіден: генерал-губернатор Перовский Махамбеттен жауап алғанда: «Қолыңа билік берсем не істер едің? дегеніне «Не істер едім, жер-суымды, байтағымды, атамекенімді келімсектерден тазартар едім...» деуі де соның айғағы. 2.Махамбетті күйші дедік, оның-«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Шілтерлі терезе», «Тарлан» - барлығы 11 күйі бар.1982 жылы «Шашақты найза шалқар күй» деген атпен күйтабаққа жазылған. 3. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім... өлеңінде Махамбеттің уайымынан гөрі болашаққа сенімі зор екенін, осындай сенімнің арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. | бейнекөрсетілім | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау рефлексия | Өздерін бағалау, топты бағалау «Жұдырық-алақан» әдісі | Әр топтағы оқушылардың жинаған ұпайларын есептей отырып бағалау және топтың ұпайын шығару. Әр жауап 1 ұпайдан.
10-15 ұпай-«5», 6-9 ұпай-«4», 2-5 ұпай-«3»
| ||||||||||||||||||||||||||
| Үйге тапсырма: | Эссе: «Махамбет рухымен сырласу» тақырыбында өлең немесе ойтолғау жазу. Үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп алады. |