Файл: Эссе жмысы орындаан апашев міржан. 11 А сынып оушысы Жетекшісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сарықобда орта мектебі
ЭССЕ ЖҰМЫСЫ
Орындаған: Қапашев Әміржан. 11 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Алпысбай Ақнұр Марысбекқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2022-2023 оқу жылы
Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік
«Барымыз да, бағымыз да –
Тәуелсіздік»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тәуелсіздік –бұл ел рухының азаттығы. Тәуелсіздік –қай мемлекетке, қай адам баласына болса да өте қымбат. Тәуелсіз ұлт ешкімнен сескенбестен емін-еркін өмір сүріп, жеке тұлғаға айналуға тырысып жүрген ұлттың баласына демеу көрсете алады. Сондықтан қазақтың тәуелсіздік алуы,жаңа заманға аяқ басуы жеке тұлғалардың өмірге келуімен теңбе-тең. Жеке тұлғалар демекші,қазақ халқы тәуелсіздік алмай тұрған уақытта да,қазақтың батырлары көп болған еді. Қазақ батырлары қай заманда да тәуелсіздік үшін күресті. «Тәуелсіздіктің жүгі ауыр», - деп Дінмұхамед Қонаев атамыз айтқандай, тәуелсіздік үшін жанын берген батырларымыз да аз емес. Қазақ батырларының жүректілігі арқасында ғана тәуелсіздікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Себебі,тәуелсіздік үшін біздің батырларымыз соңына дейін күреспесе, біздің тәуелсіздікке жетуіміз екі талай еді. Сондықтан тәуелсіздігімізді уысымызда ұстап тұру үшін біз де бабаларымыздың ерлігін қайталап, нағыз батырға айналуымызға тырысу керек. Тәуелсіздік туралы айтқанда батырларымызды айтпай кету мүмкін емес. Қазақта батыр көп, қай батырды немесе ақын-жазушыны айтсам да қазақ үшін тер төккені мәлім. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бері әлемнің жартысын өз қарамағында ұстады. Ақындарымыздың аса еркін, сөзі азат болып, батырларымыздың қаруы жауды қаймықпастан шаншылады. Бұл да тәуелсіздіктің бұзылмаған қаймағы іспеттес. Біз тек 1991жылдан емес, ұлт болып қалыптасқаннан бері тәуелсіз халық болдық. Сондықтан болар кітаптарда қазаққа қала й тиесілі болған, қазақтың жұмыр қолдарымен жазылған өлеңдер мен шығармалары көп. Өткен ғасырдан бері жалыны сөнбеген өлеңдерді қазақтың әр баласы дауысты күшейте екпінге салып,оқып жүргендері де рас. Осы қарқынмен жүріп,бабамыз тілін ,дінін ұмытпас болсақ, тәуелсіздігімізді жоғалтпаймыз. Менің ойымша,өз тілін,дінін ұмытпай берік ұстаған,бабасын беске танитын,бірақ өзгелерге бағынышты ұлт тәуелсіздігін жоғалтпаған ел болып саналады. Мұндай ұлтты қалайша тәуелсіздіктен айырылған ұлт деп айта аламыз. Сол секілді рухынан сынған , тілі ұмытылған,діннен алыс қалған, жерінен, ежелгі атамекенінен айырылған,бірақ өзгенің тілі, дінін жақсы көріп,сол тілде сөйлеп жүрген ұлт,міне, нағыз тәуелсіздіктен айырылған ұлт дер едім. Менің айтқым келгені,қазақ қандай заманды басынан өткерсе де тілін де, дінін де,тіпті,ұлан байтақ жерлерді жоғалтқан жоқ. Сондықтан қай заманда да тәуелсіз ұлт болды. Қазақ деген сөз ежелгі дәуірдің сөздігінде «еркін,алып» деп аударылады екен. Біздің қазақ деп аталуымыздың өзі үлкен мақтаныш. Біз өзіміздің деңгейімізбен де мақтануымыз керек. Мысалға келтірсем,бізде өмірде де, білімде де биік шыңды бағындырған,еуропалық алыптардан он есе деңгейі жоғары болған тұлғаларымыз көп. «
Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!»,- деп Әлихан Бөкейханұлы айтқандай, одан басқа да тұлғаларымыз Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин секілді ұлт жанашырлары қазақтың рухын оятты. Олар ең алдымен қазақтың рухани тәуелсіздік болуына еңбек етті. Балаларға қазақ тілінде білім берді,кітаптар жазып,өлеңдер жарық көрді. Бұл да тәуелсіз ұлттың жарқын бейнесі. Бұлар да бабаларымыздың тәуелсіздікте өмір сүргендерінің белгісі. Қазақ тәуелсіздікке жету жолында қанын төгіп,терін аямады. Қанмен бағаланған бұл тәуелсіздік оңай келмегені ,бірақ іштей тәуелсіз болғанымен, сырттай тәуелді болғанымыз анық. Сыртқы ортада еркін өмір сүру үшін жасалған еңбек- тәуелсіздік жолындағы күрес болып есептеледі. Бабамыз тәуелсіздіктің қадірін біліп,елін сүйген. Біз де бабаларымыз секілді,тәуелсіздіктің қадірін білуіміз шарт.
Қазақстанның картада арнайы шекаралармен белгіленуі де не деген ғажап?! Өзіміздің жеке сөйлеу тіліміздің болуы да үлкен еңбектің нәтижесі. Өзге мемлекеттермен иық тіресіп,тереземіз тең болса,бұл да қазақтың жанашырларының барын білдіреді. Тәуелсіздік қазақтың әрі қарай алға қадам басуына серпін береді. Тәуелсіздіктің қадірін білген адамның, қазаққа деген жанашырлығы артатыны анық. Тәуелсіздік- бейбіт таңның көрінісі. Тәуелсіздік- қазақ баласының есіне бабалардың ел үшін сіңірген еңбегін түсірері сөзсіз. Әңгімені қазіргі әлемнің сөзімен өрбітсек,қазақстанның тәуелсіздік алудан бөлек,көптеген шыңдарды бағындырғанын білеміз. Жаңа өмір,жаңа заман,жаңа білім,жаңа техналогия,оның барлығы да тәуелсіздіктің жемісі деп есептеймін. Қазіргі қазақтың рухы да азат, тілі де азат. Тәуелсіздікті алуымыз, қазақтың қазаққа тигізген үлкен пайдасы. Қазақ жанашырларының тәуелсіздікті алып беруі де, өзінен үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуінің көркем бейнесі. Сол көркем бейнені сомдаған, тәуелсіздік үшін жанын берген бабаларымызға мың алғыс айтамын! Қазір де заманымыз тыныш, елдігіміз бүтін. Тәуелсіз заманда өмір сүрген қандай ғажап! Бір жағынан бабаларымыздың арманы орындалғанына сонша қуанып қаласың. Олар да қазіргі шақта өмір сүрер болса, дәл осылай қуанар еді ғой. Тәуелсіздік жастарға үлкен мүмкіндік. Сондықтан тәуелсіздікті бағалағанымыз жөн. Тәуелсіздік жеке бір адамның жанынан да қымбат дүние. Әр қазақ баласының жүрегі тәуелсіз ұлттың қамы үшін ғана соққаны абзал.
«Тәуелсіздік – бақытым да, барым да,
Жыр жазамын, жырлаймын ол жайында.
Жаратқаннан тілейтінім, тәу етіп
Қазағымда еркіндіктен айырма!»-деп, Темір Мыңжас ағамыз жырламақшы,
тәуелсіз елімнің амандығын тілей отырып, жүрек жарды тілегімді өлең жолдары арқылы жеткізгім келеді.
Тәуелсіз ұлт еркін күштің елесі,
Қазақ халқы әр ғасырдың кемесі.
Ерен еңбек қылып өткен бабаға,
Тәуелсіздік қан мен тердің жемісі.
Тәуелсіздік таңдарымның атқаны,
Қазағымның өмір сүріп жатқаны.
Тәуелсіздік аңсап кеткен бабамның,
Армандары орындалып жатқаны.
Терезесі тең, керегесі берік ұлтымның,
Еш нәрсеге бұзылмайтын құлпымын.
Тәуелсіздік ел бақытын тербеткен,
Ең бақытты көрінісі жұртымның.
Бағалайтын тәуелсіздік мұрасын,
Барлық қазақ ел бірлігін құрасын.
Әр қамалда дәм-тұзымен жарасып,
Бірге құрып бейбіт өмір қаласын.