Файл: Жалпы химия пні бойынша зертханалы ЖмыстарА дістемелік нСаулар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. тәжірибе. Оттегінің әртүрлі келуіне байланысты болатын коррозия.

Металл пластинкасын тас қағазымен тазартып сумен жуыңыз және фильтр қағазымен сүртіңіз. Таза бетіне бірнеше тамшы NaCl /3 %/ ерітіндісін / фенолфталеин және қан қызыл тұзы араластырылған/ тамызыңыз. Пластинканы 10 минутқа қойыныз /басқа тәжірибеге кірісе беріңіз/. 10 мин. соң пластинканың ортасында және шет жағындағы түсінің өзгеруіне назар аударыңыз. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Анодтық және катодтық процестердің электрондық тендеулерін жазыңыз.

  1. тәжірибе. Әртүрлі электролитерде темірдің коррозияға ұшырауы.

Бес пробирканы алып, оған келесі ерітінділерді құйыңыз: I –шіге- натрий хлориді (рН=7), 2-шіге- натрий хлориді және 1-2 тамшы натрий гидроксидін (рН=13), 3-шіге -дистиллинген су және 1-2 тамшы күкірт қышқылын, 4-шіге- дистиллинген су, 5-шіге- кран суын. Барлық пробиркаларға 2 тамшыдан К3/Fe/CN/6 ерітіндісін құйыңыз. Алынған ерітінділерді шайқап аралыстырып, барлық 5 пробиркаға да 1 шегеден тастаңыз (алдын-ала тас қағазбен тазаланған). 2-5 мин. соң қай пробиркадағы шегенің төңірегіндегі ерітінді көгерді, түсіндіріңіз. Қандай иондар ингибиторлар және қайсы активаторлар болып табылады / темір коррозиясы үшін/.

  1. тәжірибе. Протекторлық қорғаныс.

Қорғасын –мырыш үлгісіндегі протекторлық қорғаныстың схемалық принципін түсіндіріңіз.

Пробиркаға 5 мл шамасында 0,4 н сірке қышқылының ерітіндісін құйып, оған 5 тамшы йод ерітіндісін қосыңыз. Алынған сұйықты 2 пробиркаға бөліңіз және әрқайсысына металл бөлшектерін салыңыз: біріншісіне – мырыш пен темір / бір-бірімен байланыскан/ екіншісіне қорғасын. Екі пробирканың қайсысының /бетінде/ металл бөлшегінің бетінде PbI2 ерітіндісін сарғыш бояуы байқалады.

Анодтық және катодтық процестердің тендеуін, қорғасын – мырыш коррозиялық гальвани элементінің схемасын жазыңыз.

6 тәжірибе. Коррозия процесінің ингибиторлары

Үш пробиркаға 5 мл тұз қышқылын құйыңыз. Үшеуінің біріне -ұсақталған уротропин таблеткасын қосып қатты араластырыңыз, тағы біріне 1-2 мл формалинді қосыңыз. Пробиркалардың әрқайсына темір сымынан екі бөлшегін салыңыз. Не байқалады? Темірдің тұз қышқылымен жүретін реакциясының тендеуін жазыңыз. Реакциядан кейінгі тұз қышқылы өзінің, агрессивтігің жоғалтып алды, бірақ тұздармен, қышқылдармен, гидраттармен реакцияласы алатындағын жоғалтқан жоқ. Соңғы ерітіндіні құйып алып оған мәрмір /СаСО3 / бөлшегін таста. Не байқалды? Реакция тендеулерін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары


  1. Металдар коррозиясы дегеніміз не?

  2. Қандай себептерден металдар коррозияға ұшырайды?

  3. Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?

  4. Анодтағы тотықсыздану және катодтағы тотығу процесстерін түсіндіріңіз?

  5. Катодтық деполяризация дегеніміз не? Оттекті және сутекті деполяризация қалай жұреді?

6. Бейтарап ортада хромдалған темірдің атмосфералық коррозиясы кезінде катодта қандай процесс жүреді. Теңдеулерін келтіріңіз.

7. Қышқыл ортада қандай зат никельденген темірдің коррозиясың өнімі бола алады: Теңдеулерін келтіріңіз.

3 ӘДЕБИЕТ және интернет-ресурстар

3.1. Негізгі әдебиет

3.1.1. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Жалпы және бейорганикалық химия курстары бойынша есептер мен
жаттығулар. Астана, Фолиант. - 2015. – 344 б.

3.1.2. Кабдулкаримова К.К., Касенова Н.Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің баспасында басылып шығарылды, 2018ж. – 165 б.

3.1.3. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И.Общая и неорганическая химия.-М.: Ленанд, 2018. -600 c.

3.1.4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. - СПб.: Изд-во "Лань", 2014. -752 с.

3.1.5. Керімбаева К.З. Бейорганикалық химия: оқу құралы (2-ші басылым). — Қарағанды, 2019. 154 б.

3.2. Қосымша әдебиет

3.2.1. Нұрахметов Н.Н., Ташенов Ә.К. Бейметалдар химиясы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. – 430 б.

3.2.2. Павлов Н.Н. Неорганическая химия. М.: Высш.шк., 2011. – 332б.

3.2.3. Киселев Ю.М. Химия координационных соединений. - М.: Академия. – 2007. – 352c.

3.2.4. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия. Алматы: Бастау. 2007 – 136б.

3.2.5. Бірімжанов Б. Жалпы химия: оқулық. Алматы: Ана тілі, 2011 – 752 б.

3.2.6. Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2008. - 544б.

3.3. Интернет-ресурстар

3.3.1 Хаускрофт К., Констебл Э. Современный курс общей химии. - М.: Мир, 2002. - 540с.