Файл: Жалпы химия пні бойынша зертханалы ЖмыстарА дістемелік нСаулар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Инженерлік-технологиялық факультет

Химиялық технологиялар және экология кафедрасы


«Жалпы химия»


пәні бойынша

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



6В05301-«Химия»

мамандығы бойынша білім алушыларға арналған

2022


Әдістемелік нұсқаулар 6В05301 - «Химия» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін " Жалпы химия " пәні бойынша зертханалық сабақтарды өткізуге оқытудың барлық түрлеріне арналған.
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Химиялық технология және экология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Ж.С. Касымова

_______________ «31» 08 2022 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Химиялық технология және экология» кафедрасы отырысында

1 хаттама, «31» 08 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі ________ Сабитова А.Н.
Инженерлік-технологиялық факультеттің сапасын қамтамасыз ету Комиссиясының отырысында

1 хаттама, «02» 09 2022 ж.

Төрайым ________ Абдилова Г.Б.
3 БЕКІТІЛДІ

Факультет деканы ________ Нұрымхан Г.Н.
Мазмұны


1

Кіріспе

4

2

Зертханалық сабақтардың мазмұны

5

3

Әдебиет және интернет-ресурстар

51



1 КІРІСПЕ

Пән мақсаты:

Жалпы химияның теориялық негіздерінен алған білімдерін студентерді кәсіби міндеттерді шешуде пайдалана білуге үйрету.Уақытты, энергияны, шикізаттарды, еңбекті неғұрлым азжұмсап, бейорганикалық қосылыстардың жоғарғы сапалы өнімін алу үшін технологиямен және негізгі өндіріспен студенттерді таныстыру.

Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

- студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету;

- қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру;

- химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру;


- бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар зертханалық жұмыстарды орындау барысында білім алушыға теориялық білімдерін бекітуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, атап айтқанда:

- Физика-химиялық үрдістерді түсіндіру білу.

- Жұмыс нәтижесі бойынша есептеулар мен қорытынды жасай білу.

- Зертханалық қондырғыларды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды дұрыс қолдана білу.

- Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдей білу.

- Концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білу.

- Лабораториялық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды дұрыс қолдана білу.
2 Зертханалық сабақтардың мазмұны

ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері

1. Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан зертхананы қабылдап алуы керек.

2. Студенттер зертханаға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сумкаларды, бас киімді, т.б.)

3. Зертханалық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз нәрселер болмау керек, төгілген сұйықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза ұстау керек.

4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.

5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.

6. Күміс, сынап, бром, йод бар ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.

7. Құрылғылар, аспаптармен жұмыс істеу алдында, нұсқауымен танысып алу керек.

8. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқтың көзінен алып, жарықты өшіру керек.

9. Топ студенттері зертханадан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.
Қауіпсіздік ережелері

1. Реактивтердің көпшілігі улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек

2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.

3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.

4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.



5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.

6. Заттарды иіскегенде, сұйықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.

7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.

8. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды. 9. Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.

10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.

11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.

12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.
Жедел көмек көрсету

1. Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.

2. Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.

3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек.

4. Қызып тұрған шыны немесе металл күйдірсе, күйген жерді алдымен таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орап, одан кейін күйдіруге қарсы май орайды.

5. Галогендермен, күкіртті сутекпен, көміртек(ІІ) оксидімен уланғанда, уланған кісіні таза ауаға шығарып, дәргерді шақырту керек.

6. Мышьяктың, сынаптың, цианды қосылыстармен уланғанда дереу дәргерді шақырту керек.

7. Фосфор тиген жерден, фосфордың қалдықтарын дереу алып тастап, күйген жерді мыс сульфатының ерітіндісінде суланған мақтамен орап, дәргерге қарану керек.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.

Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды.

Жұмыстың есебін әр студент мына көрсетілген нұсқа бойынша өткізеді.

Күні «____» _____________ 20 _ ж. Жұмыс № ______________

Жұмыстың атауы: _______________________________________

_______________________________________________________

Жұмыс мақсаты: ________________________________________

_______________________________________________________

Тапсырма_______________________________________________

Негізгі құралдар (аты, типі, суреті, кестесі, негізгі құралдардың қысқаша түсініктемесі) ___________________________________

_______________________________________________________

________________________________________________

________________________________________________

Физика-химиялық процесс (әдіс, қандай физико-химиялық процеске негізделген, химиялық реакциялар теңдеуі т.б.)

Есептеулер (кестелер, формулалар, графиктер т.б.) _______

________________________________________________

Қорытынды

Студент (Тегі, А.Ж., тобы, қолы)

Оқытушы (Тегі, А.Ж., қолы)
Графиктер қарындаш, сызғыш пайдаланып, миллиметровкалық қағазға салынып, дәптерге бекітілуі тиіс. Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.

1 зертханалық жұмыс

Тақырып «Химиялық зертханадағы жұмыс тәртібі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары»

Сабақтың мақсаты: Бейорганикалық заттардың жіктелуі, олардың алынуы, қасиеттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімдерін практикалық бекіту.


Бақылау сұрақтары:

1. Бейорганикалық заттардың қандай кластарын білесіз?

2. Қандай бейорганикалық қосылыстар оксидтер класына жатады? Мысалдар келтір.

3. Қандай қосылыстар негіз деп аталады? Мысалдар келтір.

4. Қышқылдар класына қандай бейорганикалық қосылыстар жатады?

5. Әртүрлі тұздарға мысалдар келтір. Олар қалай жіктеледі?

6. Барлық орта тұздарды қышқылдық және негіздік тұздарға айналдыруға болады ма?

7. Барлық қышқылдық және негіздік тұздарды орташа тұздарға айналдыруға болады ма?

8. Сілтілер мен ерімейтін негіздерді алу әдістерін салыстырыңыз.

9. Зертханалық жағдайда күкірт қышқылы мен кремний қышқылын алу әдістерін салыстырыңыз.

10. Қандай жағдайда тұз ерітінділері бір-бірімен әрекеттеседі?

11. Амфотерлі гидроксидтердің химиялық қасиеттері қандай? Мысалдар келтіріңіз.
Оксидтер

ТӘЖІРИБЕ №1 Элементтерді тікелей тотықтыру арқылы оксидтерді алу. Металл қасыққа күкірттің бір бөлігін салып, спирт шамының жалынына қыздырыңыз. Күкірт жанған бойда, түбіне және қабырғаларына тигізбей, қасықты құмыраға салыңыз. Күкірт жанып кеткенде, қасықты алып, банкаға аздап тазартылған су құйып, шайқаңыз. Ерітіндіні лакмуспен сынаңыз. Реакция теңдеуін жаз. Оксидтің табиғаты қандай? Қорытынды жасаңыз.

ТӘЖІРИБЕ №2 Тұздарды ыдырату арқылы оксидтерді алу.

Құрғақ пробиркаға аздап негізгі мыс карбонатын ((CuOH)2CO3) салыңыз. Сынауықты көлбеу күйде ұстап, тұз толығымен ыдырап кеткенше қыздырыңыз. Заттың түсі қандай? Пробирканың суық қабырғаларында не ерекшеленеді? Реакция теңдеуін жаз. Қорытынды жасаңыз.

ТӘЖІРИБЕ №3 Гидроксидтерді ыдырату арқылы оксидтерді алу.

Сілтінің артық мөлшерімен мыс сульфатының ерітіндісіне әсер етеміз, мыс гидроксидін аламыз. Алынған тұнбаны қыздырыңыз. Тұнбаның қараюын түсіндіріңіз және реакция теңдеуін жазыңыз. Қорытынды жасаңыз.
ГИДРОКСИДтер

ТӘЖІРИБЕ №4 Қышқылдармен әрекеттесу.

Сынауыққа бірнеше тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін құйыңыз. 1-2 тамшы фенолфталеин қосыңыз, содан кейін тамшылап тұз қышқылы ерітіндісін қосыңыз. Не байқалады? Реакция теңдеуін жаз. Қорытынды жасаңыз.
ҚЫШҚЫЛДАР

ТӘЖІРИБЕ №5 Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

3-4 мл күкірт қышқылы (дил.) бар сынауыққа мырыштың бір бөлігін салыңыз, пробирканы қайнағанша қыздырыңыз. Не байқалады? Реакция теңдеуін жаз. Қорытынды жасаңыз.
ТҰЗДАР

ТӘЖІРИБЕ №6