ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A- Физикалық шамалар және өлшемдер | Мектеп:І.Үргенішбаев ОМ | |
Күні:22.09.2021 | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып:7А, 7Ә | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтақырыбы | Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі Үлкен және кіші сандарды жазу | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.3.2 – кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | |
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың барлығы: Ұсынылған суреттерден және аспаптардан көрсеткіштерді, жіберілген қателіктерін көрсету арқылы жазады; үлкен және кіші сандарды стандартты түрде жазады. Көптеген оқушылар: Өлшеулерді жүргізеді, ХБЖ –да алынған мәндерді жазады және аспаптың қателіктерін анықтайды. Кейбіреуі: В және С тобының есептерін шығара алады. |
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Ресурстар | ||
2-9 мин | Оқушылармен сәлемдесу (W) Ауызша жаттығулар 1. Сендер күнделікті өмірде өлшеулер жүргіздіңдер ме? Қандай? Мысалдар келтіріңдер. 2. Физикалық шама өлшем бірліктеріне мысал келтіріңдер. 3. Физикалық өлшем бірліктер алдындағы кило-, гекто-, санти-, милли-, микро- сөздері қандай мағынаны білдіреді? 4. Келесі мысалдар қандай физикалық шамалар туралы айтылады: а) сабақ 45 минутқа созылады; б) бөтелкеде 0,5 л су бар; в) мұз 0°С – та ериді; г) автобус 40 км жол жүрді? 5. Суретте ұзындықтары бірдей білеушені екі түрлі сызғышпен өлшегендігі көрсетілген. Қай жағдайда дәл нәтиже алынған? Жауаптарыңды негіздеңдер. 6 . «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалының физикалық мағынасын түсіндіріңдер. Мұғалім: Тәжірибелік есептеулерде, ғылыми зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі ерекше орын алады. Бүгінгі сабақта біз өлшеулер дәлдігі туралы толығырақ білеміз. Сабақ тақырыбы: «Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды жазу» Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын тұжырымдауды ұсынады. (Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып, сабақ мақсатын айқындайды) | Мұғаліммен амандасу Сабаққа дайын екендіктерін білдіру | Презентация | ||
10-24 мин | (W) Жаңа сабақ оқу Мұғалім: Өлшеу дәлдігі аспаптың сезгіштігіне және өлшеу жүргізетін адамның дағдысына тәуелді. Физикада өлшеулер кезіндегі нәтиженің дәл болмауы өлшеу қателігі деп аталады. Өлшеу қателігі аспаптың бөлік құнынан үлкен болмайды. Бөлік құны аз болса, өлшеу дәлдігі жоғары болады. Өлшеу дәлдігі- өлшеу аспабын дұрыс қолдануға,өлшеуді мұқият жүргізуге де тәуелді. Өлшеу аспаптарының кемшіліктері және біздің сезім мүшелеріміздегі кемшіліктердің салдарынан өлшеу жүргізген кезде өлшенетін шаманың дәл мәнінен артық немесе кем болатын жуық мәнін ғана аламыз. Зертханалық жұмыс немесе жай өлшеулер кезінде қарастырылуы тиіс:
Мысалы: Қарындаш ұзындығын өлшеп, оның мәнін аспап қателігін ескеріп жазамыз. Аспап қателігін ескере отырып, физикалық шаманы келесі формула арқылы өрнектейміз: L = l+ ∆l L – өлшенетін шама l – өлшеу нәтижесі ∆l – өлшеу қателігі Өлшеу қателігі – деп өлшем нәтижесінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуын айтады. Абсолюттік қателік x– физикалық шаманың шын мәні мен өлшенген мәнінің айырмасын айтады. Анықтау формуласы: x= G) Жұптық жұмыс 1. Сызғыштың бөлік құнын анықтаңдар 2. Сағат өлшеуіш аспап болып табылады, ал циферблат –аспап шкаласы. Аспаптың бөлік құны нешеге тең? Сағат неше уақытты көрсетіп тұр? 3.Төменде көрсетілген суреттегіқай мензурка арқылы сұйықтың көлемін дәл анықтауға болады? Неліктен? Аспаптың қателігін ескере отырып сұйықтың көлемін анықтаңдар. | Жаңа сабақты оқу тыңдау Аспаптың бөлік құны нешеге тең? Сағат неше уақытты көрсетіп тұрғанын анықтайды. Аспаптың қателігін ескере отырып сұйықтың көлемін анықтайды. | Презентация Таратпа материалдар 1 | ||
25-30 мин | Мұғалім:Физика мен астраномияда аса үлкен және кіші сандар жиі қолданылады. Мысалы, Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000 000 км, жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с, сутегі молекуласының өлшемі 0, 000 000 023 см. Мұндай сандар математикалық есептеулерде біршама қиындықтар туғызады. Сондықтан өте үлкен немесе кіші санды ықшамдап жазу үшін оны екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазу қолданылады. Әдетте, бірінші көбейткіш - бір таңбалы немесе үтірлі екі таңбалы сан, ал екінші көбейткіш-дәреже көрсеткіші бар 10 саны болып келеді. 1500000000 =1,5•109 км 300000000 = 3•108м/с 0.000000023 = 2.3•10-8см 10 санының дәреже көрсеткішінің натурал сан болуы есептеу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдарын орындауды жеңілдетеді. (Оқушылар математикалық түрлендірулерді дәптерлеріне жазады) 10m•10n = 10m+n 10m:10n = 10m-n (10m)n = 10m•n 100 = 1 | | Презентация | ||
31-35 36-42 | (I) Жеке жұмыс А тобы 1. Төмендегі сандарды стандартты түрде жазыңдар:
2. Келесі амалдарды орындаңдар:
В тобы 3. Бактерияның бір түрінің ұзындығы 0,5мкм-ге тең. Егер осындай бактерияларды бір қатарға орналастырсақ, 1 см ұзындыққа қанша бактерия сыяды? Жауапты стандартты түрде жазыңдар. С тобы 4.* Көлемі 1м3 болатын кубты тұрғызу үшін қыры 1мм болатын қанша кіші кубтар қажет? Әр қайсысының көлемі 1мм3 болатын кубтарды бір қатар бойына тығыз орналастырған жағдайда осы қатардың ұзындығы қанша болады? | | | ||
43-45 | Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - нені білуім керек Үй жұмысы § 7 ; 6 тапсырма, 4 (2) есеп, 43-бет | Сабаққа кері байланыс береді | Түрлі –түсті стикерлер 7 сынып физика оқулығы Р. Башарұлы, У. Токбергенова, Д.Қазақбаева | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |