Файл: Ертегілік зге тілді брін біл, з тіліді рметте! Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 2
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ертеңгілік : «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
Мақсаты: Тіл күні мерекесінің маңыздылығын сездіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Оқушыларға өз ана тіліңмен бірге басқа тілді үйренудің үлкен еңбектің жемісі екенін қызықты деректер арқылы таныту
Көрнекіліктер: Тіл жайлы жазылған нақыл сөздер, интерактивті тақта
Жүргізуші:
- Құрметті оқушылар халқымыздың ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлы мұрасы ол-тіл. 5 қыркүйек ұлт ұстазы, тіл жанашыры,Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күні. Осыған орай 5 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдері күні болып бекіген болатын.Ендеше «Тіл мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана тілің-арың бұл
Ұятың болып тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр ағамыз жырлағандай халқымыздың өшпес асылы сөнбес шырағы мол қазынасы сан ғасырлық тарихы бар қасиетті тілі жайлы оқушылар үніне құлақ салсақ
1-бала: Сүйемін туған тілді –анам тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
2-бала: Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
3-оқушы Алуан – алуан ғасырдың
Шежіресі болған тіл
Небір ұлы асылдың
Шын көңілі толған тіл.
4-бала: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
7-бала: Ана тілім – бал шағым, өркенім
Ана тілім – болашағым, ертеңім
Ана тілім – сайын далам, жер көгім
Ана тілім – арман отым, өрнегім.
8-бала: Әлемдегі ең бай
Қазақ тілге ардақта
Есіңе сақтап оқып біл
Жүрсең дағы қай жақта.
9 бала. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
9-бала: Ана тілің біліп қой
Еркіндігін теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышың елдігің.
10-бала: Учить язык мы будем
И никогда и никогда
Мы правил не забудем.
12-бала: Родной язык!
Родная речь!
Нам суждено беречь.
13-бала: Язык родной
Он нужен всем
Писать, читать, творить,
И чтоб просто говорить!
Мұғалім:
Балалар біз бүгін тіл туралы қызықты деректермен де бөліссек дейміз
(экраннан көрсетіледі)
-Адамзат тарихында көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты деректермен бөліскенді жөн көрдік
Шығыс ғұламасы Әл Фараби 70 ке жуық тілді меңгерген..Ұлы Аба орыс ,қазақ тілдерімен қатар парсы ,араб тілдерін жетік меңгерген екен.Орыс тілінің өзін орта жастан асып барып үйренген екен.А.С.Пушкин француз,ағылшын,неміс,итальян,испан,латын,грек,славян тілдерін білген.Көне еврей тілін білген.Профессор Қ.Жұбанов көп тіл білген кісі.Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де ебі бар деп жапон тілін меңгерген.Кибернетика атасы деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. Люксембург халқының түгелге жуық халқы төрт тілде еркін сөйлей алады
Жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз.
Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Қазақ тілі – әлемдегі
6 мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан алғашқы ондықтар қатарында. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ халқының әдет – ғұрпын, тілін, мәдениетін, әдебиетін білу міндетті.
Қазақ тілі – туын биік ұстаған
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі
Құрметтеп отыр бүгін ел сені
«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ
Ертеңгілік:
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Жауапты: Ибраева Ж.