Файл: Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Ішек диаметрі 

2. Ішектің осы бөлімін толтыратын заттың тығыздығы

3. Ісік өсуінің макроскопиялық түрі

4. Қанмен қамтамасыздану ерекшеліктері 

5. Ісіктің морфологиялық пісіп-жетілуінің дәрежесі 

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

19. Қандай алдын-алу шаралары тоқ ішектің жиектік бөлігі рагының даму ықтималдығын азайтады?

1. өсімдік тектес тағам талшықтары жеткілікті мөлшерде болатындай дұрыс тамақтану

2. көп қозғалыспен өтетін өмір салты

3. тоқ ішектің созылмалы ауруларын жүйелі түрде емдеу

4. құрамында ақуыздар басым болатын тағамдармен тамақтану

5. ас мәзірінде майлы тағамдардың басым болуы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

20. Төменде аталған симптомдардың қайсысы жиек ішектің сол жақ бөлімі рагының ерте кезеңін сипаттайды:

1. анемия

2. дене қызуының көтерілуі

3. ішінің бүріп ауыруы

4. іштің біресе қатып, біресе өтуі

5. кенеттен ішек түйілуі

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. 3,4,5

Д. аталғанның барлығы

21. Жиек ішектің оң жақ бөлімі рагының клиникасына әсіресе тән симптомдардың жиынтығын таңдаңыз:

1. токсикалық-анемиялық синдром

2. сипап сезілетін ісік

3. ішінің бүріп ауыруы

4. нәжіске патологиялық заттардың араласуы

5. іштің біресе қатып, біресе өтуі

А. 1,2,3

Б. 1,2

В. 2,4

Г. тек қана 5

Д. аталғанның барлығы

22. Тоқ ішек рагының клиникалық түрлерінің қайсысы тек қана жиек ішектің сол жақ бөлімі рагына тән:

1. ауыру сезімімен өтетін

2. колиттік

3. симптомсыз

4. стриктуралық

5. анемиялық

А. 1,2,4


Б. 1,3

В. 2,5

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

23. Тоқ ішек рагының клиникалық түрлерінің қайсысы жиек ішектің оң жақ бөлімі рагына тән емес:

1. анемиялық 

2. ауыру сезімімен өтетін 

3. колиттік 

4. стриктуралық

5. симптомсыз

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,3,4

Г. 1,5

Д. аталғанның барлығы

24. Соқыр ішек рагы мен аппендикулярлы инфильтраттың клиникалық көріністерінің ұқсас белгілері көп, қай симптомдар аппендикулярлы инфильтраттың сипаттамасына тән:

1. түзілістің тығыз консистенциясы

2. бетінің бұдырлығы

3. анемия

4. пальпация кезінде ауыруы

5. лейкоцитоздың болуы

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 1,4,3

Г. 4,5

Д. аталғанның барлығы

25. Көрсетілген диагностика тәсілдерінің қайсысы жиек ішек рагын тануға ең үлкен көмек көрсетеді:

1. лапароскопия

2. селективті ангиография

3. ректороманоскопия

4. колонофиброскопия

5. ирригография

А. 1,3

Б. 4,5

В. 2,5

Г. 1,5

Д. 1,2

26. Науқас 58 жаста, 6 ай бойы оны іш қатуы, ішінің нақты қай жері екені белгісіз оқтын-оқтын ауыруы, іш кебуі, құрылдауы мазалап келеді. Төменде аталған диагностикалық әдістердің ішінен емхана жағдайында осы науқасқа өткізу оптимальды болатындарын таңдаңыз:

1. тік ішекті саусақпен тексеру

2. ирригоскопия және ирригография

3. ректороманоскопия

4. дизентерияға нәжісті себу

5. құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

27. Науқаста жартылай іш түйілуімен асқынған ІІ сатыдағы тоқ ішектің талақтық бұрышының рагы. Ең оптимальды хирургиялық ем тәсілін таңдаңыз:

1. сол жақты гемиколэктомия

2. талақтық бұрышын резекциялап, ұшына ұшын келістіріп анастомоздау

3. Гартман операциясы

4. босатушы трансверзостома жасау

5. айналып өтетін трансверзо-сигмоанастомоз жасау

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 1,2

Г. тек қана 4

Д. барлық жауап дұрыс

28. Науқаста жедел іш түйілуімен асқынған ІІ-ІІІ сатыдағы тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігінің рагы. Осы жағдайға сай келетін хирургиялық ем тәсілін таңдаңыз:

1. сол жақты гемиколэктомия

2. ісікпен бірге сигманы резекциялап, ұшына ұшын келістіріп анастомоздау

3. босатушы стома жасау 

4. Гартман операциясы

5. сол жақты гемиколэктомия

А. 1,2,3

Б. 1,3

В. 2,4

Г. тек қана 4

Д. аталғанның барлығы

 

 

 

 

 


«Тоқ ішектің жиектік бөлігінің рагі» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны

 

1  -  в

17  -  б

2  -  г

18 -  а

3  -  в

19  -  а

4  -  д

20  -  г

5  -  г

21  -  б

6 - г

22  -  а

7 - а

23  -  в

8 - б

24  -  г

9  -  в

25  -  б

10  - б

26 -  а

11  -  б

27  -  в

12 -  б

28  -  г

13  -  д

 

14 -  д

 

15  -  а

 

16 -  д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тік ішек рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары

 

1. Тік ішектің рак алды ауруларына қайсысы жатпайады:

А. Анальдық сызат

Б. Бейспецификалық жаралы проктит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Полиптер

Д. Гиршпрунг ауруы

2. Тоқ ішекті арнайы зерттеуді қажет етпейтін белгілерді көрсетіңіз:

А. Іш қату 

Б. Дефекациядан кейін ішектің толық босамау сезімі

В. тамақ ішкеннен кейін эпигастрийдің толып, ауырлау сезімі

Г. Көп шырышты сұйық нәжіс

Д. Оқтын-оқтын нәжіске қан мен шырыштың араласуы

3. Тік ішек рагының жиі кездесетін белгілеріне қайсысы жатпайады:

А. Нәжістің қан аралас болуы

Б. Тік ішек аймағындағы жағымсыз сезім

В. Құсу

Г. Іш қату

Д. Тенезмдер

4. Науқас он жылдан бері ішкі геморроймен ауырады. Ұзақ ремиссиядан соң нәжісінде қан пайда бола бастады. Емхана дәрігерінің іс-әрекеті:

А. амбулаторлық жағдайда бақылау

Б. бұрынғы диагнозына сүйеніп геморройға қатысты ем жүргізу

В. толық кешенді түрде ішектің арнайы тексеру әдістерін өткізу

Г. инфекционист дәрігер кеңесіне жіберу

Д. айтылған ұсыныстардың ешқайсысы да емес

5. Тік ішек рагына келесі белгілер тән:


А. Ішек қызметінің бұзылуы

Б. Нәжістегі патологиялық қоспалар

В. Ауру сезімі синдромы

Г. Нәжіс массасының түрі мен пішінінің өзгеруі

Д. Аталғанның барлығы

6. Тік ішектің анальды бөлігінің рагына келесі белгілердің ішінде қайсысы тән емес:

А. Дефекация актінен кейінгі көп мөлшердегі қанды бөліністер

Б. Дефекация кезіндегі артқы өтістің ауыру сезімі

В. Жиі тенезмдер

Г. Іш қату,

Д. Іш кебуі

7. Тік ішек рагы диагнозын анықтауда келесі зерттеу әдістерінің қайсысы қолданылмайды:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригография

Г. Лапароскопия

Д. биоптатты морфологиялық зерттеу

8. Параректальды шел қабатына лимфогенді жолмен түскен метастаздардың диагнозын анықтау үшін қолданылады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Екі жақты төменгі лимфография

Г. Жамбас астауы мүшелерінің селективті ангиографиясы

Д. Ирригография

9. Тік ішек рагына күдік тудыратын қауіп-қатер сигналдарына келесі белгілердің қайсысы жатпайды:

А. Қан аралас нәжіс, бір рет пайда болса да

Б. Тұрақты іш қатулар, іш өтуімен алмасады

В. Үлкен дәрет кезінде тік ішектің толық босамау сезімі

Г. Анорексия 

Д. Нәжіс бағанасының түрі мен пішінінің өзгеруі 

10. Тік ішекте бөлек орналасқан жіңішке аяқшадағы екі безді полип болған жағдайда қандай шара көрсетілген:

А. Емдік клизмалар

Б. Тік ішектің құрсақтық-анальдық резекциясы

В. Полиптердің эндоскопиялық элекроэксцизиясы

Г. Қуыс ішілік сәулелік терапия

Д. Динамикалық бақылау

11. Тік ішектің ортаңғы қампайма бөлімінің рагына қай симптом айрықша тән:

А. жиі тенезмдер кезінде қан мен ірің бөлінуі

Б. біресе іш өтіп, біресе іш қатуы

В. еріксіз желдің шығып кетуі

Г. оң жақ мықын аймағының және шап үстінің ауыруы

Д. Нәжіс массасының түрі мен пішінінің өзгеруі

12. Анустан орналасу биіктігі 5-6 см-ден аспаған, тік ішектің аноректальды бөлігінің  операцияға көнетін рагы болса, қандай операция көрсетілген:

А. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Б. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

В. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

Г. Гартман операциясы

Д. Жасанды анус салу

13. Анустан 7-12 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ортаңғы  және жоғарғы қампайма бөлігінің операцияға көнетін рагы кезінде қандай операция көрсетілген:


А. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

Б. Гартман операциясы

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Д. Екі бағаналы жасанды анус

14. Анустан 13 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің операбельді рагы кезінде қандай жоспарлы операция көрсетілген:

А. Гартман операциясы

Б. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Д. Сол жақтық гемиколэктомия

15. Анустан 13 см қашықтықтан жоғары орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің рагы жедел іш түйілуімен асқынған жағдайда қандай операция көрсетілген:

А. Тік ішектің алдыңғы резекциясы мен құрсақ ішілік анастомоз

Б. Гартман операциясы

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы мен сигманы төмен түсіру

Г. Екі бағаналы жасанды анус

Д. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы

16. Операция жасауға келмейтін тік ішек рагында таңдалатын ем әдісі?

А. Гартман операциясы

Б. Босатушы сигмостома

В. Сәулелік ем

Г. Химиотерапия

Д. Босатушы сигмостомамен қоса химиосәулелік ем

17. Саусақпен тексеру кезінде тік ішектің қай бөлімдерінің ісігін анықтау мүмкін емес:

А. анальдық өзектің

Б. төменгі-қампайма бөлігінің

В. ортаңғы-қампайма бөлігінің

Г. жоғарғы-қампайма бөлігінің кейбір жерлерінің

Д. ректосигмалық бөлігінің

18. Тік ішектің  облигатты ісік алды ауруына қайсысы жатпайды:

А. Анальдық сызат

Б. Жаралы проктит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Жайылмалы аденоматозды полипоз

Д. Гранулематозды илеит (Крон ауруы)

19. Тік ішектің қампайма бөлігі рагының ең жиі кездесетін гистологиялық түрі:

А. Жалпақ жасушалы мүйізделген рак

Б. Жалпақ жасушалы мүйізделмеген рак

В. Төмен деңгейде жетілген жалпақ жасушалы рак

Г. Аденокарцинома

Д. Майда жасушалы рак

20. Қандай зерттеу әдісінің көмегімен тік ішектің стеноздаушы рагы кезінде ісіктің ішек бойымен қай жерге дейін созылғандығын анықтауға болады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригография 

Г. Екі жақты төменгі лимфография

Д. лапароскопия 

21. Тік ішек рагы қай мүшеге метастаз береді:

А. миға

Б. бүйрекке