Файл: Жалпы сратар таырыбы бойынша баылаутестілер сратары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Билиопанкреатодуоденальды зона (БПДЗ) рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Билиопанкреатодуоденальды зона ісіктеріне қай жерден шыққан ісіктер жатады:
1. бауырдан тыс өт жолдарынан
2. бауыр ішілік өт жолдарынан
3. ұйқы безінің басынан
4. үлкен дуоденальдық бүртіктен (Фатер бүртігі)
5. Вирсунг өзегінен
А. 1,2
Б. 1,2,3
В. 1,3,4,5
Г. 4,5
Д. 2,3,4
2. Билиопанкреатодуоденальды аймақтың рак алды ауруларына қайсылары жатады:
1. созылмалы рецидивті панкреатит
2. үлкен дуоденальдық бүртіктің (Фатер бүртігінің) аденомасы
3. инсулома
4. бауырдан тыс өт жолдарының бүртіктік аденомасы
5. ұйқы безі құйрығының кисталары
А. 1,3,5
Б. 1,2,4
В. 2,3,4
Г. 3,5
Д. 1,5
3. БПДЗ рагы тудырған механикалық сарғаю кезінде лабораторлық анализдерде келесі өзгерістер пайда болады:
1. жалпы билирубин деңгейінің тура фракциясы есебінен жоғарылауы
2. жалпы билирубин деңгейінің тура емес фракциясы есебінен жоғарылауы
3. зәрде билирубин мөлшерінің жоғарылауы
4. нәжістің гемокульт-тетінің оң болуы
5. нәжісте стеркобилиннің азаюы немесе жоғалуы
А. 1,2,3
Б. 2,4,5
В. 1,3,5
Г. 4,5
Д. 1,3,4
4. БПДЗ рагы шақырған механикалық сарғаю кезінде пайда болады:
1. тері мен склералардың сарғаюы
2. терінің қатты қышып, тырнаған іздердің болуы
3. Курвуазье симптомының оң болуы
4. Ортнер-Греков симптомының оң болуы
5. Пастернацкий симптомының оң болуы
А.1,2,4
Б. 1,2,3
В. 1,2,5
Г. 2,3,4
Д. 1,4
5. Фатер бүртігі рагының диагнозын анықтау үшін қолданылады:
1. гипотониямен өткізілетін дуоденография
2. тері арқылы жасалатын гепатохолангиография
3. гастродуоденоскопия
4. селенметионин-75 қолданып радионуклидтік зерттеу
5. альфафетопротеин деңгейін анықтау
А. 1,2,5
Б. 2,3,4
В. 1,4,5
Г. 1,2,5
Д. 1,2,3
6. Ұйқы безінің қатерлі ісіктеріне қайсысы жатпайды:
А. өзектік аденокарцинома
Б. өзекішілік папиллярлы-муцинозды рак
В. ацинарлы-жасушалы рак
Г. инсулома
Д. ажыратылмаған рак
7. Ұйқы безі рагының құрсақ қуысы мүшелеріне таралуын анықтау үшін қайсысын қолданбайды:
А. эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
Б. цилиакография
В. лапароскопия
Г. радиоизотопты зерттеу
Д. пневмомедиастинография
8. Ұйқы безі рагы кезінде келесі белгілердің қайсысы болмайды:
А. дуоденальды терезенің кеңеюі
Б. Курвуазье симптомының оң болуы
В. тері мен склералардың сарғаюы
Г. Ортнер-Греков симптомының оң болуы
Д. нәжістің түссізденуі
9. Ұйқы безі басының рагының клиникалық симптомдарына қайсысы жатпайды:
А. іштің жоғарғы жартысының белдеулеп ауыруы
Б. үдемелі жүдеу
В. диспепсиялық бұзылыстар
Г. жиі мұрын қанауы
Д. сарғаю
10. Ұйқы безі рагының диагнозын анықтау үшін келесі зерттеулердің қайсысын қолданбайды:
А. асқазан мен 12-елі ішектің рентгенологиялық зерттеуі
Б. ультрадыбыстық зерттеу
В. компьютерлі томография
Г. тері арқылы аспирациялық пункциялық биопсия алу
Д. Абелев-Татаринов реакциясының көмегімен альфа-фетопротеинді (АФП) анықтау үшін қанды иммунохимиялық зерттеу
11. Ұйқы безі рагы кезінде келесі түбегейлі операциялардың қайсысы қолданылмайды:
А. гастродуоденальды резекция (Уиппл операциясы)
Б. дистальды корпорокаудальды субтотальды резекция мен аймақтық лимфодессекция
В. тотальды панкреатодуоденэктомия
Г. ісіктің криодеструкциясы
Д. панкреатодуоденальды резекция жасай отырып, асқазан кіреберісін сақтап қалу
12. Ұйқы безінің операбельді емес рагы кезінде келесі паллиативті операциялардың қайсысы қолданылмайды:
А. холецистогастроанастомоз
Б. холецистоеюноанастомоз
В. гастроеюноанастомоз
Г. холедоходуоденоанастомоз
Д. өт жолдарын сырттан дренаждау
13. Ұйқы безінің жергілікті таралған операбельді емес рагы кезінде қолданылады:
А. сәулелік ем
Б. химия-сәулелік
В. паллиативті операциялар (әртүрлі айналмалы анастомоздар)
Г. симптоматикалық ем
Д. аталғандардың барлығы
14. Фатер бүртігі рагы кезінде келесі түбегейлі операциялар қолданылады:
1. ұлтабар бөлігі мен ұйқы безі бөлігінің циркулярлы резекциясы және холедох пен Вирсунг өзегін ұлтабарға немесе жіңішке ішекке реимплантациялау
2. дуоденэктомия мен аймақтық лимфодессекция
3. панкреатодуоденальды резекция мен аймақтық лимфодессекция
4. трансдуоденальды папиллоэктомия
5. холецистоеюноанастомоз
А. 1,2,3
Б. 2,3,5
В. 1,4
Г. 2,5
Д. 3,5
15. Курвуазье симптомы ненің бітелуі кезінде байқалады:
А. бауырдың оң жақ өт өзегінің
Б. бауырдың сол жақ өт өзегінің
В. ортақ өт өзегінің
Г. өт қапшығының өзегінің
Д. барлық жағдайда
16. Инсулинді ұйқы безінің қандай жасушалары өндіреді:
А. альфа-жасушалары (А)
Б. бета-жасушалары (В)
В. дельта-жасушалары (Д)
Г. РР-жасушалары
Д. барлық аталған жасушалар
17. Рак ортақ өт өзегінің дистальды бөлігінде орналасқан жағдайда таңдалатын емдеу тәсілі:
А. панкреатодуоденальды резекция
Б. Фатер бүртігімен бірге ортақ өт өзегінің дистальды бөлігін қоса сына тәрізді резекциялау
В. дуоденэктомия және ортақ өт өзегінің проксимальды бөлігін жіңішке ішекке қайта қондыру
Г. тотальды панкреатодуоденоэктомия
Д. холедохо-дуоденоанастомоз
«Билиопанкреатодуоденальды зона (БПДЗ) рагы» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны
1 - В | 11 - Г |
2 - Б | 12 - В |
3 - В | 13 - Д |
4 - Б | 14 - А |
5 - Д | 15 - В |
6 - Г | 16 - Б |
7 - Д | 17 - А |
8 - Г | |
9 - Г | |
10 - Д | |
«Тері рагы» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Терінің рак алды ауруларына қайсысы жатпайды:
А. пигментті ксеродерма
Б. сәулелік кеш жара
В. пигментті невус
Г. Боуэн ауруы
Д. Педжет ауруы
2. Тері рагының клиникалық белгілеріне қайсысы жатпайды:
А. терідегі жазылмайтын жара
Б. жараның айналасындағы тығыз білікше
В. жараның түбіндегі жаңарып тұратын қабыршақ
Г. дене қызуының көтерілуі
Д. жараның сулануы
3. Терінің рак алды ауруларының ең тиімді емдеу әдісі:
А. қабынуға қарсы ем
Б. физиотерапия
В. криодеструкция немесе хирургиялық жолмен алып тастау
Г. май жағып таңу
Д. сәулелік ем
4. Тері рагының диагнозын анықтау үшін қандай әдіс қолданылмайды:
А. Р32 радиоизотопты зерттеу
Б. патология ошағы аймағының және регионарлы аймақтардың пальпациясы
В. жара бетінен жанастырып алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу
Г. биоптатты гистологиялық зерттеу
Д. Татаринов-Абелев реакциясы
5. Беттегі І сатылы тері рагы кезінде қандай ем қажет:
А. хирургиялық
Б. жақынфокусты рентгенотерапия
В. химиотерапия
Г. кешенді ем
Д. біріктірілген ем
6. Науқастың терісінде жергілікті май жағап емдеуге қарамастан, 2 айдан астам уақыт жазылмай келе жатқан жара бар. Сіздің амалыңыз?
А. май жағып емдеуді жалғастыру
Б. физиотерапия өткізу
В. криодеструкция жасау
Г. эксцизиялық биопсия және гистологиялық зерттеу
Д. хирургиялық жолмен алып тастау
7. Тері рагының пайда болуына жағдай жасайтын факторларға жатпайды:
А. ультракүлгін сәулелер
Б. рентген сәулелері
В. жиі суға түсу
Г. күйіктен кейінгі тыртықтар
Д. қызыл ноқтадан кейінгі тыртықтар
8. Тері рагының гистологиялық түрінің қайсысы метастаз бермейді:
А. жалпақ жасушалы мүйізденетін
Б. жалпақ жасушалы мүйізденбейтін
В. базальды жасушалы
Г. тері қосалқыларынан туындаған
Д. пісіп жетілмеген
9. Науқастың дене терісінде базальды жасушалы сатыдағы тері рагы анықталған болса, қандай амал таңдайсыз:
А. динамикалық бақылау
Б. физиотерапия
В. хирургиялық жолмен алып тастау
Г. полихимиотерапия
Д. май жағып таңу
10. Аяқтағы жалпақ жасушалы тері рагын хирургиялық жолмен емдегеннен кейін жарты жылдан соң шап аймағындағы лимфа түйіндерінде қозғалмалы метастаз пайда болды, қандай амалды таңдайсыз?
А. сәулелік ем
Б. полихимиотерапия
В. Крайль операциясы
Г. Микулич операциясы
Д. Дюкен операциясы
11. Тері рагының басты орналасатын жері:
А. бет
Б. қол ұштары
В. аяқ ұштары
Г. дене
Д. аяқ-қол
12. Тері рагына қай белгілер тәән емес:
А. біртіндеп үдеу
Б. түймешек тәрізді түзілістің ортасында ойық пайда болуы
В. тері жарасын 3 апта емдеудің нәтиже бермеуі
Г. жара айналасында биіктеген білікше
Д. бір апта бұрын пайда болған домалақ папула
13. Берілген сипаттама терінің қандай ісік алды ауруына қатысты: сүт безі ареоласының маңайында орналасатын, беті қабыршақпен қапталған экзематозды теріге ұқсас?
А. босанғаннан кейінгі емізіктің эрозиясы
Б. себореялы кератоакантома
В. кәрілік кератома
Г. Педжет ауруы
Д. Кейр эритроплазиясы
14. Науқаста самай аймағының терісіндегі диаметрі 1,5 см базалиома. Оған қандай ем жүргізген жөн?
А. жақынфокусты рентгенотерапия
Б. криогенді деструкция
В. хирургиялық жолмен алып тастау
Г. аталғанның барлығы
Д. А мен Б жауаптары дұрыс
15. Науқаста арқа терісінің күйіктен кейінгі тыртықты өзгерістері үстіндегі диаметрі шамамен 2,5 см мүйізделмеген жалпақ жасушалы рагы. Оған қандай ем жүргізген жөн?
А. лазерлі деструкция
Б. хирургиялық жолмен алып тастау
В. дистанциялы гамматерапия
Г. бетатронмен сәулелендіру
Д. жақынфокусты рентгенотерапия
16. Науқаста балтыр терісінің ІІІ б сатысындағы рагы. Оған көрстеілген:
А. дистанциялы гамматерапия
Б. жақынфокусты рентгенотерапия
В. жақынфокусты рентгенотерапия+Дюкен операциясы мен ауқымды кесіп алып тастау
Г. ауқымды кесіп алып тастау+ Дюкен операциясы
Д. барлық әдіс тиімді
17. Тері рагына қандай клиникалық белгілер тән:
1. жараның түбіндегі жаңарып тұратын қабыршақ
2. терінің ойылуы
3. жараның айналасындағы тығыз білікше
4. ауыру сезімі
5. жергілікті және жалпы температураның жоғарылауы
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
18. Науқастың терісінде жергілікті май жағап емдеуге қарамастан, 2 айдан астам уақыт жазылмай келе жатқан жара бар. Сіздің амалыңыз?
1. жанастырып алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу
2. антибактериалды ем тағайындау
3. эксцизиялық биопсия жасау
4. жараны хирургиялық жолмен алып тастау
5. физиотерапия өткізу
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
19. Тері рагын емдеудің болжамын анықтауда қандай көрсеткіштер шешуші болып табылады:
1. морфологиялық түрі
2. орналасуы
3. аурудың сатысы
4. жасы
5. жынысы
А. 1,2,3