Файл: аза лтты ыздар педагогикалы университеті БЖ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті





БӨЖ

Тақырыбы:

1.Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар. 2.Төте жазу тарихы. А.Байтұрсынұлының әліпбиі (кесте). А.Байтұрсынұлының әліпбиінің әдеби шығармаларда қолданылуы

Орындаған:Медербек Зілхан Бағланқызы

Қабылдаған: Бейсенбекова Гулназ

Алматы, 2022-2023 оқу жыл.


1.Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар.

Бүгінде «қазақ жазуында проблема көп: қазақ орфографиясы тек қиындықтардан тұрады; жазуымыз айтылымымызды бұзып болды, үндестік заңына бағынып жазылмайтын сөздерді өзіміз «сындырып» жазбасақ, бізге кім реттеп жазып береді» деген пікірлер ара-тұра болса да айтылып жүр. Болмаса жазу тәжірибесінде кездесетін бірді-екілі қиындықтарды мыңға балап, «емлеміз ала-құла», «реформа жасау қажеттілігін тілшілер көрмейді, көрсе де көргісі келмейді» деген қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысқан көзқарастар бар. Осыған байланысты шынында да жазуымыздың деңгейі төмен бе, нақты қиындықтар қай тұста деген мәселелердің басын ашып, жұртшылықтың назарына ұсынудың қажеттілігі бар сияқты.

Әрине, қазақ графикасы мен емлесі тұрақтанып, уәжді жетілдірулер мен түзетулер енгізіліп отырса да, қазақ тілі орфографиялық сөздіктері орфограммаларды негізді заңдастырып келе жатса да, бүгінгі жазу емлемізде заңдастырылуы әлі де қиындық тудыратын проблемалар бар. Олар:

–  бірге, бөлек жазылатын сөздердің емлесі;

–  әәрпінің екінші буында жазылуы;

–  бейүндес сөздердің жазылуы

–  ы, і әріптерінің емлесі;

–  х, ћ, фәріптерінің берілуі;

–  и, у әріптерінің жазылуы;

–  бас әріптің таңбалануы;

–  шеттілдік сөздердің қосымша қабылдау тәртібі;

–  халықаралық, терминдік сөздердің жазылуы.

Сонымен қатар, қазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан тағы қиындықтардың бірі – құрама сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы
 өзге қиындық бір басқа да, құрама сөздердің жазылуына байланысты қиындық бір басқа деуге болады. Мысалы, бозторғай, қараторғай, қарабидай, желбау, уықбау, ауылшаруашылық т.б. толып жатқан сөздер әр түрлі басылымдарда әркелкі жазылып жүргендігі жиі байқалады. 

2.Төте жазу тарихы. А.Байтұрсынұлының әліпбиі (кесте). А.Байтұрсынұлының әліпбиінің әдеби шығармаларда қолданылуы




XX ғ. Басында халқымыздың ұлы перзенті , ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Басқаша айтқанда , жазу-сызуды демократияландыру арқылы күллі халықты сауаттандыру ісіне бар білімін, күш-жігерін салды. Халықты жаппай сауаттандыру, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасады.Алдымен , ол араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және он тоғыз дауыссыздан (б-п, д-т,г-к, ж-ш, з-с, й,л,м,н,ң,р,у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып, қазақ әліпбиін түзді. А.Байтұрсынұлы ұсынған жазба тіл нормасы бірыңғай халықтық тілдің сөз, грамматика, дыбыс жүйесіне сүйенді, соларды таяныш етті, ескі түркілік сөз үлгілері мен қалың жұртшылыққа түсініксіз араб , парсы элементтерінің қолданылуы шектеулі болды. А.Байтұрсынұлы жазуы халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде бірізді қолданудың жүйесін жасады.Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы халық тіліне негізделген жазбаша тілдің тұңғыш рет оқулықта , оқу құралдарында заңдастырылған нормасын жасады.

Тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын А.Байтұрсынұлы негіздеп берді.А.Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. Ден қойған адам оны бір-екі айдың ішінде үйреніп алатындай , 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, төте жазу, төте оқу деп атады. А.Байтұрсынһұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары ғана емес, әлемдік тіл ғылымының (лингвистиканың) көрнекті өкілдерінің бірі Е.Д.Поливанов, фонетика зерттеушісі Яковлев т.б.арнайы тексере келіп, аса жоғары бағалады.Алайда төте жазудың Кеңестер Одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына бейімделген жазуға көшті. Ал ҚХР -дағы миллионнан астам қандастарымыз осы күнге дейін төте жазуды қолданып келеді. Онда төте жазумен оқулықтар, оқу құралдары , газет-журналдар, әртүрлі кітаптар шығады.



Әліпби – тек сауат ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара жол. М.Әуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан қазақ мектебінің» ұстанымы – қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның әлеуметтік ортада ой-танымы мен талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.

А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. 

1910 ж

А.Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеді.

1912 ж

Әліпби қолданысқа енді.

1929 ж

Қазақ жазуы латын графикасына негізделген

1940 жылы қараша айынан бастап

Бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына бейімделген жазуға көшті.

1910 жылдан бастап

Араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді.