Файл: Сынып сааттарын йымдастырудаы тиімді дістсілдер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Сынып сағаттарын ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер»

Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан.

Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.

Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.

Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін  отбасыдан  басталады. Отбасыда  баланың  тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым–қатынасы, белгілі бір  мінез бен әдеттері қалыптасады.  Әрбір баланы тануға, оны  жақсы көріп,оның  қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекшіге тиісті.

Сынып жетекшілерге көмек ретінде сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынбақпын. Қазіргі таңда тәрбие жұмысы сабақ процесімен бірге жүргізілуі тиіс. Қандай пәнді оқып жатсада оқушылар тәрбиелік мәні бар дүниелерді игеруі тиіс.  «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Әр сынып жетекшінің сынып сағаттарын ұйымдастыруға төмендегідей міндеттерді басшылыққа алған жөн
Сынып сағатын ұйымдастырудағы мынадай міндеттерді басшылыққа аламын.

І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.

ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.

ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды)   болуы шарт.

І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.

10-11 жастағы 5 сынып оқушыларына кейбір күрделі тақырыптарды өткізуде қиындықтар туындайды, өйткені ол жастағы оқушылар бұл материалды қабылдауға таным түсінігі жетпейді. Мысалға, «Діни экстримизм» тақырыбында, «Мамандық таңдау» т.б. 5 сынып оқушыларына мысалы мынадай тақырыптарды алуға болады: «Дін туалы білесіңбі?», «Мен өскенде кім боламын?»- деген тақырыптар, бұл жас ерекшеліктегі оқушыларға тез ұғынады.


2. 14-15 жастағы яғни 8-9 сынып оқушыларына мысалы, «Діни экстримизм», «Мамандық таңдау» — тақырыптарында сынып сағаттарын өткізуге болады. 14-15 жастағы оқушылар бұл тақырып туралы мазмұнды теледидар, ғаламтор т.б сол сияқты ақпарат көздерінен біледі.

ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.

Бірінші, тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т.б.

Екінші, оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа шақыратын бір-бірімен қарым- қатынаста болуға үйрететін тренингтер өткізу. Мысалы,

Шаттық шеңбер

«Мен неге қол жеткізгі келеді»

«Мақсатқа жету»

«Аутотрениг»

ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт.

Берілетін материал балаға қол жетімді мақсатта болуы керек. Оларға:

Сынып сағаты бала ұғымына сай болуы керек.

Бала оны өмірде қолдана білуі керек.

Қоршаған ортада болып жатқан оқиғадан алу керек.

Сынып сағаттарын өмір тәжіребиесінен алуы керек.

Оған көмек баспа сөз материалдары, кино немесе түрлі видео

материалдар.

Сынып сағаттарын тиімді әрі қол жетімді болу сынып жетекшінің уақытын үнемдейді.

Әр сынып жетекші сынып сағаттарын ұйымдастыра отырып, балаға дұрыс жолды көрсете білуі қажет. «Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан  қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі.

Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз  күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз  нығайып келеді.