ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Компьютер конфигурациясы
Бөлім 1. Компьютерлік жүйелер
ҰБТ-ге дайындық сабағы №2
@guljanat_informatica
Бүгінгі сабақта:
Компьютер конфигурациясы- на қарай компьютер таңдау
Компьютер негізгі құрылғылары
Компьютер ішкі құрылғылары
Комьютер типтерімен танысып,
Компьютер сыртқы құрылғылары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- Компьютер сатып алғанда қалай таңдайсыз?
- Сатып алған комьютерді қандай мүмкіндігіне қарап сатып алдыңыз?
- Сізге жалпы қандай компьютер ұнайды?
- Компьютердің қандай құрылғыларына қарап таңдау жасаған дұрыс?
- Жүйелік блок ішінде қандай құрылғылар бар?
Cұрақтарға жауап беріп кетіңіз!
Компьютер негізгі құрылғылары
Компьютер дегенде есімізге үстел компьютері немесе нотбук еске түседі, алайда олардың басқа да түрлері бар.
Дербес компьютерлер
Компьютер негізгі құрылғылары
1. Жүйелік блок
2. Монитор
3. Пернетақта
4. Тышқан/
тінтуір
Компьютер сатып алынатын құрылғыларды негізгі конфигурация деп аталады. Ашық архитектура қағидасына сәйкес компьютер аппараттық құрылғылары әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ кез келген компьютердің міндетті және қосымша құрылғылары болуы шарт.
Негізгі құрылғылар, дербес компьютер типіне қарай кейбіреуінде жинақталып бір корпусқа енгізілген. Мысалы,
- моноблокта жүйелік блок моноблоктың артына енгізілген;
- Нотбук, laptop, ультрабукте негізгі құрылғылар бір корпусқа енгізілген, жеке-жеке орналастырылған болса;
- Планшеттерде барлығы бір корпуста, бірақ жеке қойылмаған, тек экрандағы сенсор арқылы команда беріп, жұмыс жасай аламыз.
Компьютер ішкі құрылғылары
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан
Аналық тақша
Процессор
Жедел жад - RAM
Қатқыл диск
Бейне карта(видео)
Қуат көзі (Блок питание)
Дыбыстық карта
Аналық тақша
Аналық тақша – барлық негізгі бөлшектер мен тораптар орнатылған компьютердің басты микросызбасы. Аналық тақшаны таңдау үшін алдымен, жүйелік шинаның жиілігіне қарау керек. Сонымен қатар аналық тақшамен жабдықталған түрлі слоттардың саны да маңызды.
Аналық тақша – процессор мен жедел жады байланыстыратын кеңарна – шина орналасады. Аналық тақша шинасы басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады. Аналық тақшаның жұмысын процессордың микросхемасы – чипсет басқарады.
Аналық тақша – ағыл. motherboard (mother – ана, board-тақта) сөзінен шыққан. Кейде қысқаша mainboard – MB деп те аталады.
Процессор
Процессор – компьютердің негізгі бөлігі, яғни «миы», ақпаратты өңдеуге жауапты. Дәл осы жер де машине жұмысы кезінде көптеген есептеу операциялары жасалады. Оның маңызды сипаттамасы – тактілік жиілік. Тактілік жиілік неғұрлым жоғары болса, оның жұмыс істеуі соғұрлым жақсы болады. ДК-ға арналған қазіргі заманғы процессорлар 2–6 ядродан тұрады (екі, төрт ядролық және т.б.).
Процессор – жадпен бірігіп жұмыс жасайды. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпараттар алады, өзіне қажетті ақпараттар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Процессор компьютердің басқа да құрылғыларымен, соның ішінде жедел жад пен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысады.
Шина
Мәліметтер шинасы
Адрестік шина
Командалық шина
Жедел жад - RAM
Жедел жадының (ЖЖҚ немесе RAM) қажетті көлемі компьютердің шешетін міндеттеріне байланысты. Көптеген жағдайларда ДК-де ыңғайлы жұмыс істеу үшін 4 Гбайт жадымен қамтамасыз етілуі жеткілікті, бірақ ойындар мен бейнені өңдеу үшін оның көлемін ұлғайту қажет болуы мүмкін. Жады өлшемінен басқа, таңдалған аналық тақшаға байланысты да сипаттамасы ескеріледі.
Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ағылшынша hard (magnetic) disk drive, HDD, HMDD) қатқыл диск, компьютерлік сленгте «винчестер» – магнитті жазба принципіне негізделген есте сақтау құрылғысы. Қатқыл диск – бірнеше өзара байланысты дискілерден тұратын аккумулятор. Дискілердің шеткі жақтары концентрациялық жолдарға, ал жолдар секторларға бөлінеді.
Қатқыл диск
Бейне карта / Видео карта
Бейнекарта (графикалық карта, бейнеадаптер) графикалық ақпаратты мониторға шығарады және өңдейді. Қазіргі ойындарда ақпаратты өңдеудің жылдамдығы мен сапасы өте маңызды.
Кейбір маңызды жұмыс үшін, сондай-ақ ойындар үшін жеке жады мен бейнепроцессоры (Grapical Processing Unit – GPU) бар қосымша бейнекарта қажет. Оны қолдану сурет сапасын айтарлықтай арттырады және жүйенің жалпы өнімділігін жақсартады.
Қуат көзі. Көптеген конфигурациялар үшін 450 Ватт қуаттылығы жеткілікті. Бірақ сенің компьютеріңде жақсартылған бейне жүйесі бар ойын құрылғысы болса, онда жоғары қуат көзі талап етілуі мүмкін.
Қуат көзі (Блок питание)
Дыбыс картасы
Дыбыс картасы – дыбысты өңдеуге мүмкіндік беретін құрылғы (акустикалық жүйелерге шығару немесе дыбыс жазу).
Акустикалық жүйе және микрофон музыканы, фильмдерді, сөйлесуді және үндеткіштер, құлаққаптар т.б. ойнату кезінде компьютерден дыбысты шығару үшін қолданылады. Дербес компьютердің конфигурациясы негізгі функционалдық мақсатқа байланысты жасалады. Олар кеңсе, үй, дизайнерлік, ойын компьютерлері болып жіктеледі. Бұдан басқа, осы топтағы компьютерлер бастапқы, орта, жоғары деңгейді көрсете отырып, өнімділік деңгейі бойынша да қосымша жіктеледі.
Компьютер сыртқы құрылғылары
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары – жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды төрт топқа бөлінеді.
1. Енгізу құрылғылары – пернетақта, сканнер, микрофон, веб-камера, манипулятор
2. Шығару құрылғылары – монитор, принтер, құлаққап, плоттер, динамиктер, т.б.
3. Сақтау құрылғылары – түрлі көлемдегі флеш-жадтар
4. Ақпарат алмасу құрылғылары – модем, маршрутизатор
Комьютер типтерімен танысайық!
Комьютер типтері
Дербес компьютердің конфигурациясы негізгі функционалдық мақсатқа байланысты жасалады.
Кеңселік компьютер
Текст және сандық ақпаратты өңдеуге, құжаттарды сканнерлеу, басып шығару, жергілікті желіге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, жылдамдықты қажет етпейді.
Үйге арналған компьютер
Оқушылар үй жұмысын орындауға, бос уақытты өткізуге, мәтіндік және сандық ақпартты өңдеуге, музыка тыңдау, интернетке қосылуға арналған. Бағасы қымбат болмау.
Ойын компьютері
Қуатты процессор, қуатты бейне карта, жеткілікті үлкен жедел жады, желі деректерін беру жылдамдығы
Құрамдас бөліктеріне ойынға қажетті қосалқы бөлшектер.
Дизайнерлік компьютер
Үлкен және күрделі графикалық фотосуреттер және бейне файлдарды жоғары сапалы
өңдеумен жұмыс істеуге арналған. Конфигурация орындалатын тапсырмаларға байланысты бейнекарта қажет.
Компьютер конфигурациясына қарай компьютер таңдау
Дербес компьютерді сатып алған кезде негізгі екі мәселені ескерген жөн.
Біріншіден, компьютер қандай мақсатқа пайдаланатынын анықтап алған жөн. Алдыңғы слайдта көрсетілген 4 типтің қайсы типіндегі компьютер аласыз, соған қарай қажетті функциолналды ресурстарды таңдайсыз.
Екіншіден, кейбір құрылғылардың аналық тақшамен үйлесімділігі. Бұл көбінесе аналық тақша мен процессордың үйлесімділігіне қатысты айтылған. Бұл көбінде жүйелік блокты қзіміз жинақтап алғанда қарастырамыз.
Дербес компьютердің конфигурациясы - бұл компьютерге енетін белгілі бір міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін функционалдық құрылғылар мен ресурстардың сипаттамасы.
Компьютер конфигурациясы онда шешілетін міндеттер тобына сәйкес келу керек...
Компьютердің сапасыз конфигурасы болмайды, бірақ компьютерде орындалатын тапсырмалар түріне сәйкес келмейтін конфигурация кездесуі мүмкін.
«Конфигурация» ұғымының параметрлері, тағайындау жиынтықтары және олардың қажетті сипаттамалары аппараттық және программалық құралдар компоненттерін қамтиды.
Компьютердің базалық конфигурациясы – компьютер- де жұмыс істеуге жеткілікті аппараттық және программалық құралдарының ең аз жиынтығы.
Компьютердің теңгерілген және теңгерілмеген конфигурациясы туралы қалай түсінуге болады?
Ойын компьютерінің теңгерілген және теңгерілмеген конфигурациясының не екенін қарастырайық. Осы санаттағы компьютерлердің бейнекартасы мен процессорының қуатына басты назар аудару керек. Олардың дұрыс үйлесімділігі компьютерінің теңгерілген конфигурациясын құрайды.
Сенің мықты, қуатты бейнекартаң болып, процессор әлсіз болса, онда ол кадрларды сапалы өңдей алмайды, сондықтан экранның кез келген рұқсаты бойынша өңдеу жылдамдығы төмен болады.
Компьютердің теңестірілген және теңестірілмеген конфигурациясы туралы қалай түсінуге болады?
Бейнекарта өзінің қызметін атқарғанымен белгілі бір уақытта компьютер жұмысының тоқтап қалуы, ал процессорда қажетті жылдамдықпен деректердің жүктелмеуі, компьютердің теңгерілмеген конфигурациясы болып табылады.
Компьютердің теңгерліген конфигурациясы – әрбір шешілетін міндеттер типі үшін процессордың, жадтың, бейнекартаның, ақпарат алмасу шинасының, ең аз уақыт үзілісінен аттап өтетін деректерді барынша тез өңдеу мүмкіндігі.
Теңгерілген конфигурациясыдан басқа конфигурацияның оңтай-лығына да назар аудару керек. Компьютердің әрбір типі үшін өнімділіктің оңтайлы деңгейін қолдану компьютердің жұмысына жақсы әсер етеді.
Компьютердің оңтайлы нұсқасын таңдау функционалды құрылғылардың жиынтығы мен оған кететін шығындар арасындағы үйлесімділік болуы шарт.
Ойын және дизайнерлік компьютерлерінде қуатты процессор, жедел жады, бейне карта көлемі үлкен болады.
Суреттерді, бейнені өңдеу, аудиофайлдарды сақтау сияқты жұмыстарды орындау үшін компьютердің өнімділік құрылғыларының қандай конфигурациясына назар аудару керек?
Дайын жинақталып тұрған компьютерді сатып алғанда...
Белгілі бір компьютер конфигурасын таңдау үшін құрылғылар сипаттамасына назар аудару керек.
- Процессор типі (модель) (Intel Celeron, Intel Pentium, Intel Core2 Duo, AMD Athlon, Athlon 64 X2) және оның сипаттамалары(тактілік жиілігі, разрядтылығы)
- Жедел жады (RAM) көлемі 4 Гб-тан көп болғаны дұрыс;
- Қатқыл дискінің типі мен сыйымдылығы (HDD);
- Бейнекарта – сурет, бейне сапасының жауап беретін карта болғандықтан жылдамдығына қарау керек;
- Мультимедиалық құрылғылары(CD-ROM, DVD-ROM, RW, колонкалар)
- Дыбыстық карта көрсеткіші;
- Желілік карта көрсеткіші;
- Пернетақта, тінтіур сипаттамасы;
- Монитор типі мен сипаттамасы(түсті айыру қабілеті, қанықтылығы, өлшемі, жарықтылығы).
Компьютерлердің салыстырмалы конфигурациясы
Офистік ДК | Дизайнерлік ДК | Ойындық ДК | ||
MiniTower немесе MidiTower, қуаты көзі – 350ВТ | ЖБ қорабы | MidiTower, қуаты көзі – 500-600ВТ | ЖБ қорабы | MidiTower, немесе Full Tower қуаты көзі – 850ВТ |
чипсет Intel G41+ ICH7 (CPU Intel), NVDIA GeForce 8200 (CPU AMD) немесе AMD 7 40G + S8710 (CPU AMD) | Аналық тақша | чипсет Intel P67 (CPU Intel), немесе AMD 7 85G + S8710 (CPU AMD) | Аналық тақша | чипсет Intel P67 (CPU Intel), немесе AMD 8 880FX + S8850 (CPU AMD) |
Intel Pentium Dual-Core E5300 немесе AMD Athlon II X2 255 | Процессор | Intel Pentium Core i5 – 2500K немесе AMD Phenom II X4 970 BE | Процессор | Intel Pentium Core i5 – 2500K немесе AMD Phenom II X6 1100T BE |
2 Гбайт DDR2-800 (2х 1Гбайт) | Жедел жады | 4 Гбайт DDR3-1333 (2х 2Гбайт) | Жедел жады | 8 Гбайт DDR3-1600 (4х 2Гбайт) |
Аналық тақшада орналасқан | Бейнекарта | NVIDIA GeForce GTX 465 немесе AMD Radeon HD 6850 | Бейнекарта | NVIDIA GeForce GTX 580 немесе AMD Radeon HD 5970 |
Аналық тақшада орналасқан | Дыбыстық карта | Аналық тақшада орналасқан | Дыбыстық карта | ASUS Xonar D2X |
Аналық тақшада орналасқан | Желілік карта | Аналық тақшада орналасқан | Желілік карта | Аналық тақшада орналасқан |
SATA (560 Гбайт), 7200 кө/мин. | Қатқыл диск | SATA (1 Гбайт), 7200 кө/мин. | Қатқыл диск | SSD (32-120 Гбайт), SATA (2 Гбайт), 7200 кө/мин. |
DVD + RW | Мултимедиа құрылғылар | Blu-ray (біріктірілген) | Мултимедиа құрылғылар | Blu-ray (біріктірілген) |