Файл: Ксібипедагогикалы Мдениетті технологиялы компоненті масаты Болаша малімні танымды дегейін ктеру шыармашылды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
20.03.23.
Дәріс
КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТІ
Мақсаты: Болашақ мұғалімнің танымдық деңгейін көтеру; шығармашылдық, кәсіби қабілетін ашу; рухани байлығын дамытуға жағдай жасау; кәсіби мәдениеттілікті насихаттау.
Жоспары:
1. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы.
«Педагогика мәдениеті» және «педагогика іс-әрекеті» түсініктері бірдей емес, бірақ біртұтас болып келеді.
Педагогикалық мәдениет оқытушының (мұғалімнің) жеке мінез-құлқының сипаттамасы бола отырып, мақсаттар, тәсілдер мен нәтижелер тұтастығында маманды іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі ретінде келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлері мәдениеттің функционалды құрылымын құра отырып, спецификалық мәселелер түрінде оның нәтижелік формасы болып жалпы пәндіктілікке ие. Мәселерді шешу жекелік және ұйымдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруды жорамалдайды, ал педагогикалық мәселелерді шешу үрдісінің өзі оқытушының маманды-педагогикалық мәдениетінің бар болу мен жұмыс істеу тәсілін сипаттайтын педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы болып келеді.
«Технология» түсінігінің анализі егер алғаш уақытта адамның өндірістік іс-әрекетімен байланыстырылса, соңғы уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеулердің пәні болғанын білдіреді. Педагогикалық технологияға арта түскен қызығушылықты келесі себептермен түсіндіруге болады:
- білім беру мекемелері алдында тұрған алуан түрлі мәселелер тек теориялық зерттеулердің дамуын ғана емес, сонымен қатар білім беру үрдісін технологиялық қамтамасыздандыру сұрақтарын құруды жорамалдайды. Теориялық зерттеулер объектілі нақтылықты зерттеуден бастап, заңдарды қалыптастыру, теориялар мен концепцияларды құруға дейін таным логикасын ашады, сол уақытта қолданбалы зерттеулер ғылыми нәтижелерді аккумуляциялайтын педагогикалық практиканы талдайды;
- классикалық педагогика, өзінің қалыптасқан заңдылықтарымен, принциптері, формалары мен оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен көптеген ғылыми идеялар, ыңғай, әдістерінің ғылыми негіздеріне әрқашан лезде жауап бере алмайды; артта қалуда, жиі педагогикалық іс-әрекеттің жаңа тәсілдерінің енгізілуін тежейді;
- білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың кеңінен енуі оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі тәсілдерінде елеулі өзгерісті талап етті;
- жалпы педагогика өте теориялық, оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі өте практикалық (тәжірибелік) болып қалуда, сондықтан да нақты өмірде теория мен практиканы байланыстыратын аралық буынды талап етеді.
Педагогикалық технологияны маманды-педагогикалық мәдениеттің контекстінде (негізінде) қарастырсақ, оның құрамында педагогикалық үрдісті жүзеге бүтіндей асырылуының тәсілдер жиынтығын қарайтын педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы элементін бөліп қарау керек. Ғылыми айналымға «педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы» түсінігінің енгізілуі педагогикалық іс-әрекетті мәні бойынша әлеуметтік басқару мәселелері болып табылатын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешу үрдісі ретінде қарастыру моделін құруды жорамалдайды.
Педагогикалық мәселе, субъект іс-әрекетінің мақсаты мен оның шешілу шарттарының біртұтастығын білдіре отырып, біршама талаптарға сай болуы керек, ол талаптарды жүзеге асыру үшін педагогикалық мәселелерді шешу тәсілдері болып педагогикалық іс-әрекеттер орындалады.
Мәселелерді шешу тәсілдері алгоритмдік және квазиалгоритмдік болуы мүмкін. Алгоритмдік тәсіл егер мәселелерді шешу процедурасы тиімді операциялардын тұрса және бір мағыналысыз детерминандалған тармақтарды қамтымайтын болса ғана қолданылады. Мәселені шешудің квазиалгоритмдік тәсілі нақты қойылған мәселе шарттарымен анықталатын бір мағыналысыз детерминандалған тармақтарды қамтиды. Педагогикалық тәжірибеде мәселелерді шешудің квазиалгоритмдік тәсілі көбірек қолданылады. Педагог іс-әрекетіндегі мәселелер шешудің жоғары деңгейі әртүрлі модельдер, индивид жадында сақталып қалған шешімдер конструкцияларының бар болуымен анықталады. Жиі адекватты шешімнің табылмау себебі оның адекватты шешу тәсілдерінің жадының «қорында» болмауында емес, мұғалімнің (жиі бастаушы) шешімді талап етуші оқиғаның өзін көрмеуінде және қабылдамауында.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерінен, логикалық сипаты мен әрекеттерінің тізбегінен, оны жүзеге асыру операцияларынан педагогикалық мәселелердің келесі бинарлы топтарын ажыратуға болады:
аналитикалық-рефлексті – тұтас педагогикалық үрдістің және оның элементтерінің анализ және рефлексия мәселелері, субъект-субъектілік қарым-қатынастардағы, пайда болатын қиындықтар және т.б. мәселелер;
конструктивті-болжалдық – маманды-педагогикалық жалпы мақсатына, педагогикалық шешімді құру және қабылдау, нәтижені болжау және педагогикалық шешім табуға сәйкес тұтас педагогикалық үрдістің құрылу мәселелері;
ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік - педагогикалық үрдістің тиімді нұсқаларын жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекеттің көптеген түрлерімен ұйқасу мәселелері;
бағалық-ақпараттық – педагогикалық жүйе дамуының күйі мен алғышарттары жайлы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау мәселелері, оның объективті бағасы;
түзетулік-реттеулік – педагогикалық үрдістің әдістерін, мазмұнын, жүру жолдарын, қажетті коммуникациялық желінің құрылуы және оның реттелуі, көмек көрсету жолдарын түзету мәселелері.
Аталған мәселелер мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті технологияларының нақты түрлерін сипаттайтын іс-әрекеттер, операциялар тізбегі болып келетін өздік жүйелер ретінде қарастырылған. Педагогикалық іс-әрекет құрылысының анализі әрекет жүйесін бөліп алуға мүмкіндік береді, себебі педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық нақты түрлеріне тән, бірақ біреуіне де келмейтін сол ерекшенің бірі болып табылады. Бұл абстрактіліден нақтыға көтерілуге және педагогикалық іс-әрекет объектісін бүтінділігінде танымда қайта құруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық мәселелердің бөліп көрсетілген топтары мамандық-іс-әрекет субъектісі ретінде мұғалім үшін кәдімгі болып келеді, алайда нақты педагогикалық өмірде олардың жеке тұлғалық шығармашылық шешімін жорамалдайды.