ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарлұқ қағанаты (756—940 жж.)

Қарлұқтар жазба деректерде біздің заманымыздың V ғасырында тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі туралы араб-парсы деректерінде мәліметтер кездеседі. Онда қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазады. Араб тарихшысы Әл-Мавразидің айтуынша, қарлұқтардың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкерсін және тухси деген тайпалар кірген.

Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері Алтай тауымен Балқаш көлінің арасы. Қарлұқтар түргеш қағанатының әлсірегенін пай- даланып, 756 жылы билікті өз қолдарына алып, Қарлұқ мемлекетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Қарлұқ тайпалары 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып шығыстағы шекарасын кеңейтті.

Қарлұқтар біздің заманымыздың ІІ ғасырда грек ғалымы Птоломейдің атақты “Географиясы” атты еңбегі арқылы белгілі болған. Орхон жазуларында қарлұқтардың ортақ басшысы “ “Елтебер” деген атпен белгілі. Қытай деректері қарлұқтардың салт-дәстүрлері батыс түркілерінікі сияқты, тілінің олардан айырмасы жоқ деп көрсетеді.

Қарлұқ қағанатында мал шаруашылығы мен егін шаруашы- лығы өркендеді. Онда мәдениет орталығы болды, бау-бақша, қалалар гүлденді. Қол өнер кәсібі дамыды.

Араб жағрафияшысы Ибн Хаукалдің (Х ғ.) мәліметіне қар- ғанда, қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн жүру керек екен. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болатын.

“Худуд әл-алам” бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Талғар, Атпақ, Тұзын, Барысхан, Сыйкөл т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында тұрған, ал бұл жолдың Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық желісі ғана емес, сол сияқты мәдени және рухани байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы
болған.

Дегенмен, қағанат өз қолына экономикалық байланыс жүйесін тоғыстыра алмаған. Ішкі қырқыс, билік дауы, жер дауы оны әбден титықтатқан.