Файл: Абай атындаЫ аза лтты педагогикалы университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Институт: Сорбонна-Қазақстан институты

Кафедра: Экономикалық мамандықтар

Білім беру бағдарламасы 6В04101-Экономика, 6В04102 – Менеджмент, 6В04103 - Есеп және аудит, 6В004104 – Қаржы, 6В04105 - Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 - Маркетинг

Оқыту түрі – күндізгі

«Микроэкономика» пәнінен практикалық тапсырмалардың әдістемелік нұсқауы

Оқытушы: PhD, ассоц.профессор Каримова Мадина Даутовна

Алматы, 2021

Пән бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсынымдар

"Микроэкономика» пәнінен ұсынылатын практикалық тапсырмалар "Микроэкономика" пәнінің дәріс тақырыптарына, дәрістер курсында ұсынылған әдебиеттерге сәйкес дайындалды. Барлық тапсырмалар жазбаша және дербес орындалады. Дұрыс шешуі оқытушымен тексеріледі. Орындалған тапсырманы бағалау кезінде интернеттен көшірілген материалды емес, өз пікірін білдіре отырып, студенттің өзіндік жұмысы ескеріледі.

Ескерту!!! Тапсырмалардың шешімдерін тек жауаптармен, формулаларсыз және басқа шешім негіздемелерінсіз жіберудің қажеті жоқ! Тапсырма формулаларды қолдана отырып, шығару жолдарын негіздей отырып орындалуы тиіс. Көшіріліп алынған жұмыстар тексерілмейді және бағаланбайды.
1 тақырып. Микроэкономикаға кіріспе
Тапсыру мерзімі – 1-апта
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері;

2. Микроэкономика обьектілері мен субьектілері;

3. Микроэкономикалық моделдер.
2 тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясы
Тапсыру мерзімі – 2-3 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:

1. 2-апта орындалады

Сұраныс Qd=20-P пен ұсыныс Qs=10+P функциялары берілген. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?
2. 2-апта орындалады

  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны табыңыз: Қандай бағаларда нарықта артықшылық және тапшылық орын алады?

Баға (теңге)

Сұраныс көлемі

Ұсыныс көлемі

500

300

150

700

250

200

1000

220

220

1200

150

300

1300

160

250



3. 3-апта орындалады

Сұраныс D=10-2P және ұсыныс S=4+P функциялары берілген, мұндағы P-товардың бағасы. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?
4. 3-апта орындалады

Сұраныс Qd=10-2p және ұсыныс Qs=4+p функциялары берілген, мұндағы р- тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп белгілесе, онда нарықта төмендегілердің қайсысы орын алады?
5. 3-апта орындалады
Нарықта 3 тұтынушы бар делік. Тұтынушылардың сары майға деген сұранысы төмендегі кестеде көрсетілген:


Р

1 тұтынушы

2 тұтынушы

3 тұтынушы

30

170

120

60

40

140

100

50

50

110

80

40

60

100

60

30

70

90

40

20


Бұл кестедегі мәліметтер бойынша:

  1. әрбір тұтынушының жеке сұраныс қисығын сал;

  2. нарықтық сұраныс кестесін толтыр;

  3. нарықтық сұраныс қисығын сал.


3 тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Тапсыру мерзімі – 4 апта

Тапсырмалар:
Талқылауға сұрақтар:

  • Бағалық икемділік коэффициенттері қалай есептеледі?

  • Түсім дегенімз не?

  • Сұраныстың табыстық икемділігі бірден кіші болса онда бұндай

тауарларды не деп атаймыз?

  • Қандай тауарларға сұраныс икемсіз болады;

  • Ұсыныс қай кезде икемді. болады?


Есептерді шығарыңыз:

1.

Алмұрттың сұраныс функциясы Qd = 90 – 0,5Р; Егер сұраныстың баға бойынша икемділігі – 0,5 болса, алмұрттың бағасы неге тең?
2.

Р

16

37

40

Q

12

8

6


Баға бойынша нүктелік сұраныс икемділігін анықта.

Бұл есепті шығару үшін сұраныстың нүктелік икемділігінің формуласын еске түсіру қажет.


4- тақырып. Тұтынушылар талғамы
Тапсыру мерзімі – 5 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:
1

1 кг алманың бағасы 20тг, ал 1кг алмұрттың бағасы 30тг делік. Тұтынушы барлығы 120тг жұмсайды деп қарастырайық. Бірнеше мүмкін варианттарды қарастырыңыз.


Тұтынушының бюджет сызығын салыңыз. Келесі жағдайларда бюджет сызығының орын ауыстыруын көрсетіңіз:

егер тұтынушының табысы 200тг болса;

егер 1кг алманың бағасы 2,5 есе өссе;

егер 1кг алманың бағасы 2 есе азайса;

егер 1кг алмұрттың бағасы 75-ке өссе.

Әрбір шарт бойынша тұтынушы бюджет сызығын салу керек.
2.

Тұтынушы үшін нанның шекті пайдалылығы төмендегі кестеде берілген:

Нанның саны

1

2

3

4

Шекті пайдалылықтар MU=dTU/dQ

TU=MU1+MU2+MU3

20

18

16

14

Егер осы сатып алушы 3 бөлке нан сатып алатын болса, онда жалпы пайдалылық қандай болады?



х

1

2

3

4

5

6

7

TU

30

52

68

80

89

96

102

MU

-

22

















5- тақырып. Өндіріс теориясы
Тапсыру мерзімі – 6 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:
1.

Шығарылатын өнім мен өндіріс факторлары арасында келесі байланыс бар:

Y = 9+ 0.2K + 0.7 L;

Анықтау керек:

факторлардың шекті өнімділігі;

технологиялық алмастыру шекті нормасын.

MPk=0,2

MPl=0,7 MRTS = MPL / MPk=0,7/0,2=3,5

6- тақырып. Өндірістік шығындар
Тапсыру мерзімі – 7 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:
1

Кестеде берілген мәліметтерді пайдалана отырып, тұрақты (FC), айнымалы (VC), орташа айнымалы (AVC), орташа тұрақты (AFC) және шекті шығындарды есептеп, кестені толтырыңыз: ТС=FC+VC VC=TC-FC MC=dTC/dQ dTC=TC2-TC1 dQ=Q2-Q1

Q

TC

FC

VC

AVC

AFC

MC

0

20

20

-







-

2

50

20

30










5

100

20

80










7

154

20

134












2

Кестені толтырыңыз.

Q

ТС

МС

АС

10




Белгісіз

44

15




20




25

750







30







30

50

1750








3.

Төмендегі кестедегі мәліметтер бойынша орташа, шекті шығындарды анықтаңыз:

Q

0

1

2

3

4

5

ТС

8

16

20

28

40

56

ATC



















AFC



















AVC



















MC

-

















Есепті шығару үшін шекті шығындардың МС және орташа шығындардың АТС формуласын еске түсіреміз.

7- тақырып. Жетілген бәсекелестік, қысқа мерзімдегі сұраныс пен ұсыныс

Тапсыру мерзімі – 8 апта

Тапсырмалар: Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Фирма экономикалық пайда табу үшін өнімнің нарықтық бағасы қай деңгейде болуы тиіс;

  2. шығындарды азайту мақсатында қысқа мерзімде фирманың нарықтық бағасы қандай болуы тиіс;

  3. фирма қандай жағдайда өз қызметін тоқтатуы тиіс;



8- тақырып. Ұзақ мерзімді бәсекелестік тепе-теңдік және тауарларды ұсыну
Тапсыру мерзімі – 9-10 апта

Тапсырмалар: Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мемлекеттің шаруашылық саласындағы бәсеке, оның экономикалық табиғаты және ролі.


2. Фирма табыстарын жазбаша талдау.

3. Стратегиялық шешім қабылдау барысында фирманың бәсекелес ортасын талдау.

9- тақырып. Монополия және монополистің пайдасын арттыру

Тапсыру мерзімі – 11-12 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:
Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз:

1. 11-апта

Q

P

ТR

MR

1

20







2

18







3

16







4

14







5

12







6

10







7

8








Кестедегі мәліметтер бойынша жалпы табысты, шекті табысты анықтап, кестеге енгіз. Сәйкесінше олардың қисықтары сал.
2. 12-апта

Q

0

1

2

3

4

5

6

7

TC

40

90

130

160

200

250

310

370

МС= MR МС

Кестедегі берілгендерді пайдалана отырып, мыналарды анықта:

монополистің шекті шығынын;

монополиялық өнім көлемін, бағасын;

монополистің алатын барынша көп пайдасын;

бәсекелес нарықтың өнім көлемі мен бағасын.
10- тақырып. Олигополия

Тапсыру мерзімі – 13-14 апта

Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:

1.

Олигополиялық нарықтағы екі фирманың өніміне деген сұраныс келесі теңдеулермен өрнектелген:

Q1 =40 – 5P1 + 4P2;

Q2 = 40 – 5P2 + 4P1;

Р2 мен Р1 бірінші және екінші фирманың тағайындайтын бағалары. Егер фирмалардың шығындары тұрақты және 150 болса, онда әрбір фирма өз өніміне 6 және 8 теңгеден баға тағайындай алады.