Файл: 4 Таырып Мойын жне ешті хирургиялы аурулары мен заымдалуы Уаытты басару.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4.2.Тақырып 2. Мойын және өңештің хирургиялық аурулары мен зақымдалуы

Уақытты басқару



Сабақ бөлімінің атауы

Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар





4-х сағаттық - 180 мин

6 сағаттық - 270 мин

11

Ұйымдастыру сәті

5 мин.

5 мин.

22

Практикалық сабақ тақырыбы бойынша тірек білімдерді өзектендіру

15 мин

15 мин

34

Практикалық жұмыстарды, манипуляцияларды, лабораториялық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету.

45 мин

45 мин

45

Практикалық қызметті жүргізуге арналған әдістемелік қондырғылар

10 мин

10 мин

56

Жұмыс нәтижелерін практикалық іске асыру және көрсету

90 мин

180 мин

67

Сабақ қорытындысын шығару

10 мин

10 мин

8

Үй тапсырмасы

5 мин

5 мин




Барлығы

180 мин

270 мин



Өңеш жұмсақ тінді, негізгі бұлшықеттен тұратын, түтік тәрізді ағза.

Ол VІІ мойын омыртқа мен ХІ, ХІІ кеуде омыртқа деңгейіне дейінгі аралықта орналасқан. Оның ұзындығы 25-30см (әйелдерде 23-24см), қабырғасының қалыңдығы 4мм.


Өңештің негізгі қызметі ауыз қуысына түскен заттарды жұтқыншақ арқылы асқазанға қарай өткізу.

Өңеш аурулары зақымдануларын топтау

І. Даму ақаулықтары

1. Туа біткен өңеш атрезиясы. Өңеш- кеңірдек жыланкөздері.

2. Өңеш туа біткен тарылуы (стеноз)

3. Өңеш туа пайда болған көкеттік мембранасы.

4. Туа пайла болған қысқа өңеш.

5. Туа пайда болған эзофагеалдық жылауықтар (кисталар).

6. Өңеш қан тамырларының аномалиялары.

ІІ. Зақымданулары.

1.Жарақатты зақымдар: сыртқы, ішкі.

2. Өңештің күюі және оның салдары.

ІІІ. Өңеш аурулары.

1.Дивертикулдер: пульсиондық, тракциондық.

2. Өңештің қабынуы: эзофагит.

ІV. Өңеш ісіктері.

1.Қатерсіз.

2. Қатерлі.

V. Өңеш қозғалысының (моторика) бұзылуы.

1. Ахалазия.

2. Эзофагоспазм (кардиоспазм).

VІ. Өңеш бөгде заттары.

Өңеш дивертикулдары деп өңеш қабырғасының қапшық тәрізді кеңеюін айтады.

Өңеш дивертикулы, көбінесе, ағзаның үш аймағында орналасады. Сол себептен орналсуына қарай:

а) Мойын бөлігінде орналасатын (фаринго-эзофагеалдық немесе Ценкер дивертикулы);

б) трахея бифуркациясы деңгейінде (бифуркациялық) орналасқан;

в) көкет үстінде (эпифреналды) орналасқан түрлеріне ажырыатады.

Клиникалық көрінісі. Көлемі кішкентай дивертикулдер ауру адамды көпке дейін мазаламауы мүмкін. Соңынан, дами келе, көмекейдің құрғауы, жөтеліп-шашалу, ауру сезімі, өңешке бұрын қолданған тамақтың қайта түсуі (регургитация), дисфагия, ауыздан иіс шығу сияқты белгілер пайда болады.

Мойын жыланкөздері мен жылауығы

Мойында туа,жүре пайда болған жыланкөздер мен жылауықтар болады.Орналасуына қарай:

  • Ортаңғы

  • Шеткі

Жылауық—мойынның алдыңғы ортасында,немесе екі шетінде орналасады.Жұқпа түссе,іріңдеп,жарылып, жыланкқздер пайда болады.

Белгісі:

  • Жылауық науқасты алаңдатпайды

  • Жәй біртіндеп ұлғаяды

Емі: хирургиялық

Жыланкөздер—туа,жүре пайда болады.Оның тіл түбірімен сыртқы тесігі мойын терісімен ирелеңдеген жолы арқылы қатынасып,одан мөлдір емес сірне шығып тұрады.

Белгісі:

  • Сыртқы тесігінен әр-түрлі түсті сірненің шығып тұруы

  • Айналасының қызаруы

  • Жайылмалы қабынулардың пайда болуы


Алғашқы көмек пен емі:

  • Айналасын антисептикалық дәрілермен тазалау

  • Залалсыздандырылған таңғыш салу

  • Дәрілерге жіберу

Негізгісі-хирургиялық ем

Қисық мойын

Мойынның бір жағындағы төс-бұғана –емізік бұлшық еттің туа қысқарып,тыртықтанып,кері дамуының әсерінен өзгеріп ,бастың қалыпты жағдайда болмауын қисық мойын дейді.

Белгісі:

  • Бастың бір жағына бұрылып,қисаюы

  • Бас пен бет сүйектің асимметриясы

  • Зақымдалған жақтың бұлшық етінің сіңірленіп,өзгеруі

  • Сау жағындағы мойын бөлігінің-қисайып иілуі (сколиоз)

Емі:

Хирургиялық

Мойын жарақаттары:

Көбінде соғыс кезінде,жай уақытта сирек кездеседі.Мойын жарақаттанғанда-өңеш,кеңірдек,күре тамырлар зақымдануы мүмкін

Түрі:

  • Ашық

  • Жабық

Өңеш жарақаттанса—медиастениттің белгісі,кеңірдек зақымданса—бет пен кеудесінде кең көлемді тері асты эмфиземасы ,мойынның көк қантамыры зақымданғанда—ауа эмболиясы пайда болады.

Алғашқы көмек пен емі:

  • Қан кетуде-уақытша қан тоқтату

  • Ұйқы артериясын-У1 мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне қарай бармақпен қысу

  • Мойынның қарсы жағына жақтау салу арқылы,бұғау салу

  • Қан тоқтататын қысқышпенижарада көрініп тұрған қан тамырын қысып , тоқтату

  • Тыныс алуы-қиындаса—трахеостома салу

  • Ауруханаға тасымалдау

Глоссарий:

Жыланкөздер—туа,жүре пайда болады.Оның тіл түбірімен сыртқы тесігі мойын терісімен ирелеңдеген жолы арқылы қатынасып,одан мөлдір емес сірне шығып тұрады.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Бастың жұмсақ тіндерінің соғылуы

  2. Қисық мойын

  3. Ми қысылуы

Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер.

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер

Үй тапсырмасы: СӨЖ, Слайд шоу.
1.Мойын жарақаттары кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмі.

Мақсаты: Науқастың жағдайын жақсарту, асқынулардың алдын алу ( механикалық асфиксия,тыныс алу депрессиясы,қан жоғалту).


Болуы мүмкін асқынулар:

- Тыныс алудың бұзылуы , шок;

- Қан кету;

- Механикалық асфиксия;

Керекті құралдар:

  • Залалсыздандырылған қолғаптар.

  • Кетатоп немесе кетарол - 2,0. 1% димедрол 1,0 мл ерітіндісі.

  • Этамзилат ­– 12.5% х2,0 млтамыр ішіне жай немесе б/е.

  • Шприцы

  • ҚКҚ

  • Залалсыздандырылған таңғыш дәкелері.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасты тыныштандыру, іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу, .

  4. Залалсыздандырылған бір реттік қолғапты кию.

  5. Науқасты шалқасынан жатқызу;

  6. Груша тәрізді сорғышпен немесе электросорғышпен мұрыннан және тамақтан қан мен сілекейдісорып алу ;

  7. Ауырсынуды басу: б/е 2,0 кетатоп және кетарол,1,0% димедрол ерітіндісі.

  8. Қан кеткен жағдайда уақытша қан тоқтату(саусақпен басу, жарақатты тығындау, таңу).

  9. Антисептикалық ерітіндімен жарақаттың айналасын өңдеу;

  10. Жарақатты таңу;

  11. Қан тоқтататын препараттарды енгізу этамзилат 12,5% х 2,0мл

  12. АҚҚ төмендеген жағдайда к/т физ ерітінді 0,9% - 1000 – 1500 мл, преднизалон 30мг 1,0мл к/т

  13. Зақымдалған аймаққа мұзды мұйық қою;

  14. Көмейдің ісінуінен пайда болған III-IV дәрежелі стеноз болған жағдайда трахеостомия жасау;

  15. АҚҚ, тыныс алуды,пульсті бақылау;

  16. Жартылай отырғызған жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізу;

  17. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

  18. Қолды жуып, кептіру.