Файл: Пні ы негіздері Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

9.2 Қылмыс ұғымы

Педагогтің аты-жөні:

Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы

Күні:

21.12.2022

Сынып: 9

Қатысушылар саны: 2

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Қандай әрекет қылмыс деп танылады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату

Сабақтың мақсаты

Қылмыс ұғымы, қылмыс жасау сатылары мен жіктелуінтүсіндіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Ой салу
1 .Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....

Болжамдарын негіздейді

М Оқушылар тақырыптыңқылмыспен байланысты болатынын болжайды. Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБОқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.



Тақырып

тық суреттер

Жаңа білім


Болжау әдісі.

Қылмыс -

1 белгі

2 белгі

3 белгі

4 белгі

Мысалы,

тақтада қылмыстың анықтамасы мен белгілері көрсетіледі

М Қылмыстың анықтамасы және белгілері бойынша қысқаша шолу жасап, мысал келтіреді.

Қылмыс- ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1

2

3

4

Қоғамға қауіптілігі

Заңға қайшылығы

Айыптылығы

Жазаланатындығы

Зерттеу және талдау сұрақтары

  1. Қылмыстың жіктелуі

  2. Қылмыс жасау сатылары

  3. Қылмыс құрамы

  4. Қылмысқа қатысушылардың түрлері

Оқушылардың міндеті: өз тақырыптары бойынша таратпа материалдардан ақпаратты жинақтап түсіндіру.

2-тапсырма.

1-жағдаят:

Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады. А деген азамат өзімен бірге тапанша алып шығады. Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып, С деген азаматқа кезейді. Бірақ А деген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.

Қылмыс субъектісі

Қылмыстың субъективті жағы

Қылмыс объектісі

Қылмыстың объективті жағы

2-жағдаят:

Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып, жазым қылды. Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы» сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады. Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген. Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, Медет сол жерде-ақ жан тапсырыпты.

  • Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?

  • Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?

  • Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе, шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?

  • Жалпы әлімжеттіктен қалай құтылуға болады?

Оқушылар қылмыстың анықтамасын жазып, қылмыстың белгілерін жұппен талқылап, мысал келтіреді. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар өз жауаптарын тексереді

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды


Оқушылар жағдаяттың не біреуін не екеуіне де жауап беруге болады. /жасырын дифференциация/ Жағдаятты

оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
өзін-өзі бағалау.

«Ең үздік жауап»

ҚБОқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»


http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226

ҚР Қылмыстық кодексі
Ақпараттық мәтін


Зерттеуге негізделген таратпа материалдар


Үлстірмелі қағаздар


Тірек-сызбалар
суреттер


Таратпа материалдар



Бекіту


Сабақты қорытындылау

Қылмыстық құқықты қандай қатынастар реттейді?

Қылмыс деп тану және қылмыс деп танымау туралы өз пікіріңіз қандай?

Үйге тапсырма

Қылмыстық құқықтық функциялары

реттеушілік

қорғаушылық









Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка


Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект