Файл: опа жалпы орта білім беретін мектебі кмм лгерімі нашар оушылармен жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Психологтың ойынша, оқушының үлгерімінің нашар болу себептері мыналар:

  • отбасындағы сәтсіздік;

  • балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;

  • отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы;

  • балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау (мінез-құлқы, жеке тұлға болып қалыптасуына, шектен тыс қамқорлық жасау себептерінен);

  • білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;

  • баланың жалпы дамуының жетілмеуінен, аурушаңдығынан.

Осы себептерге байланысты үлгерім төмендеп, білім сапасы азаяды.

Үлгерімді жақсарту бағытында төмендегідей жұмыстар жүргізу қажет:

  1. Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруіне ат салысу.

  2. Ата-ананың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жоғарылату.

  3. Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру.

  4. Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын қадағалау.

  5. Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата-анаға жеке кеңес және көмек беру.

  6. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.

  7. Сыныпта ізгілендіру қарым-қатынасын алға қоя отырып, шағын топтарда қолайлы жағдай жасау.

  8. Балаға жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

  9. Балаға психологиялық зерттеу ұйымдастыру және қажетті психологиялық көмек көрсету.

  10. Жеке жұмыс барысында интеллектуалдық, адамгершілік, еркіндік, көңіл-күй сезімдерін қалыптастыру.

  11. Оқудағы жағымсыз ынталарының туу себептерін анықтау.

  12. Оқушының қызығуын, бейімділігін негізге ала отырып дамыту.


Оқушылардың оқу материалынан қалмау және үлгермеуді болдырмау мақсатындағы әдістер.


Мазмұндылығы

Іс-әрекетті ұйымдастыру

Қарым-қатынас жасау, көңіл бөлу жоспары бойынша тәрбиелік әсер ету

1.Оқу материалын меңгертудегі ерекше қатынас

А) эмоционалды

Б) аналитикалық

В) маңызды

Г) дәстүрлі емес

2. Мазмұнының әртүрлі бөліктерін көрсету, қолдану

А) кейбір бөлімдердің негізділігі

Б) қиындығы

В) танымдық материалдардың жаңашылдығы

Г) тарихи, ғылымның жетістілігі

3. Қызығушылық тудыратын тапсырмалар

4. Оқу мен дағдының негізділігі

А) қоғамдық

Б) жеке бас

5. Пәнаралық байланыс

1. Жұмысқа мақсатты түрдежұмылдыру, оның қысқаша мінездемесі, мақсат қою.

2. Оқушыға қатаң талап қою.

3. Іс-әрекет түрі (көшіру, репродуктивті, шығармашылық)

4. Әртүрлі ситуациялар тудыру: интеллектуалды, ойын эмониалды

5. Қателерге талдау жасау, көмек беру

6. Оқушының іс-әрекетін бақылау, өзіндік бақылау, бағалау

7. ТСО материалын, дидактикалық материалдарды қолдану

1. Жеке бастың жеткен табыстары мен кемшіліктерін көрсету, оқушының күш жігеріне деген сенімдік көрсету

2. Мұғалімнің оқушыға, сыныпқа, өз көзқарасын айтуға қарым-қатынасы

3. Мұғалімнің оқушыға деген өзіндік қасиеттерін (қарым-қатынас жасау, эрудиция, пәнге деген қатынас) көрсету

4. Ұжымда өзара достық қатынас ұйымдастыру (өзара бақылау, пікір алысу, өзара көмек)



Қорытынды
Үлгерімін жақсарту бағытында оқушыға сыныптағы оқушылардың тарапынан еркін түрде көмек мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылады. Оқушыға белгілі бір тәртіпті сақтап, талапты орындауды үйретеді. Бұл өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынасын жақсартып, өзара түсінушілікті қалыптастырады, оқуға деген қызығуларын арттырады, өз еркімен білімін кеңейтуге және өзін-өзі тәрбиелеуге жетелейді.

Ең бастысы, оқушылардан сабақты әрбір сабақ сайын берген жақсы жауаптарын мадақтап отыру, қате болса күлкі мазаққа айналдырмай өздеріне түзетуге ерік беру керек. Сонда ғана оқушының өз күшіне сенімі пайда болады да белсенділігі дамиды, үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыс түрлерін қажет ететін оқушының саны азаяды.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан мектебі» журналы №9 2007

  2. «Физика және астрономия» журналы №5 2009

  3. Д.Дюйм «Педагогика және психология» кітабы