Файл: 78 сыныптара арналан дегейлік тапсырмалар Алматы 2008ж.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 10 7/6


А-ТОБЫ




  1. Қуаты 2 кВт болатын жүк көтеретін кран жүкті 40с ішінде 15м биіктікке көтереді. Жүктің салмағы қандай?




  1. Массасы 4 кг денені 120 см биіктікке көтеру кезінде атқарылған жұмысты анықта.




  1. Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте тұру үшін (сурет), F күшінің шамасы қандай болу керек? (Шығырдың салмағы мен шығырдың үйкеліс күші ескерілмейді).




  1. Ат арбаға 400Н күш түсіре отырып, 0,8м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. 1 сағатта ол қандай жұмыс істейді?



Б-ТОБЫ




  1. Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін (сурет) F күшінің шамасы қандай болу керек? Жүктің массасы 10кг.



  1. Өзен түбінен массасы m=5 кг көлемі V=2 дм3 тасты судың бетіне көтеріп шығару үшін, қандай жұмыс істеу керек? Өзеннің тереңдігі h=7 м.




С-ТОБЫ




  1. Ұзындығы 1 м сырық, параллель орналасқан екі динамометрге ілініп тепе-теңдікте тұр. Бірінші динамометр сырықтың сол жақ ұшынан 10 см қашықтыққа ілінген, оның көрсетуі 20 Н. Екінші динамометр сырықтың оң жақ ұшынан 30 см қашықтыққа ілінген болса, сырықтың массасы неге тең?





Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.
НҰСҚА 1 8/1


А-ТОБЫ




  1. Массасы 3 кг шойын қазанды 200С-тан 2700С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Шойынның меншікті жылу сыйымдылығы 540 Дж/кг0С.




  1. Көлемі 5м3 құрғақ қайың толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=13106Дж/кг, 0,7103 кг/м3.




  1. Массасы 50 г шыны ыдыстың ішіндегі массасы 200г спиртті 180С-тан 480С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? сш840 Дж/кг0С, сс2500 Дж/кг0С.




  1. ПӘК-і 40 пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады? с4200 Дж/кг0С, 1000 кг/м3, q=34106Дж/кг.




Б-ТОБЫ




  1. Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С-тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.




  1. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?




С-ТОБЫ




  1. Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған?





Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.
НҰСҚА 2 8/1


А-ТОБЫ




  1. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.




  1. Массасы 100г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлщеріндей жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек? qб=4,6107Дж/кг, qк=3107Дж/кг.




  1. Қоспа 500г су мен 100г спирттен тұрады. Осы қоспаны 200С-тан 600С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, сс2500 Дж/кг0С.




  1. Массасы 120г жез калориметр ішінде 160С-тағы массасы 200г су бар. Осы суға массасы 150г металл құймада жасалған температурасы 1000С дене салынды. Осыдан кейін калориметрдегі температура 220С болды. Құйманың меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар? сж380 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С.




Б-ТОБЫ




  1. Спирт шамына 40 г спирт құйылған. Егер оның ПӘК-і 80-ке тең болса, спирт шамымен қанша суды 200С-тан қайнағанға дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.




  1. Температурасы 200С болатын 400л су температурасы 700С, 100л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?




С-ТОБЫ




  1. Жылу сыйымдылығы 63Дж/0С калориметрге температурасы 150С болатын 200г су құйылып, оған 1000С температурадағы мыс дене салынды. Сол кезде калориметрдегі температура 17,50С болды. Сонан соң калориметрдегі суды төгіп массасы сондай сұйықпен алмастырады. Оның бастапқы температурасы 16,50С, соңғы температура 190С болса, белгісіз сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын тап. (Ссm, яғни жылу сыйымдылығы меншікті жылу сыйымдылығы мен массасының көбейтіндісіне тең). ссу4200 Дж/кг0С.





Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.

НҰСҚА 3 8/1


А-ТОБЫ




  1. Массасы 2 кг табиғи газ толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? q=4,4107Дж/кг.




  1. Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг.




  1. Массасы 1,6 кг мыс ыдыстың ішінде массасы 2,3 кг су бар. Осы ыдысты суымен 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.




  1. Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С.




Б-ТОБЫ




  1. ПӘК-і 40 керосин жанарғысында әр минут сайын 3 г керосин жанады. Көлемі 1,5 л суды 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? с4200 Дж/кг0С, q=46106 Дж/кг.




  1. Әрқайсысының массасы 20г, температурасы 180С алюмийниден жасалған 150 қасықты жуу үшін ішінде 3л ыстық суы бар ыдысқа салды. Қасықтардың бәрі лезде 480С-қа дейін ысыды. Осы уақыт ішінде су неше градусқа суыды? (t-?) с4200 Дж/кг0С, са880 Дж/кг0С.




С-ТОБЫ




  1. Жалпы массасы 150г, температурасы 1000С қорғасын мен алюминий ұнтағы ішінде суы бар калориметрге салынды. Судың температурасы 150С, массасы 230г. Ұнтақ салынғаннан кейін ақырғы температурасы 200С болды, калориметрдің жылу сыйымдылығы 42 Дж/0С (Ссm). Қоспада қанша қорғасын және қанша алюминий болған? сқ130 Дж/кг0С, са880 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С.





Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.
НҰСҚА 4 8/1


А-ТОБЫ




  1. Массасы 10г керосин толық жанғанда бөлініп шығатын барлық жылу мөлшері массасы 22 кг суды ысытуға жұмсалса, судың температурасы неше градусқа өзгереді? с4200 Дж/кг0С, q=4,6107Дж/кг.




  1. Массасы 100 кг шымтезек толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? q=14106Дж/кг.




  1. Массасы 880 г суды 00С-тан 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен жылу мөлшері массасы 2 кг алюминийді қанша градуска ысытады? ссу4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С




  1. Массасы 22кг, температурасы 200С-ғы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін қанша керосин жағу керек? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, qк=46106Дж/кг, t20=1000С




Б-ТОБЫ




  1. ПӘК-і 30 пеште 0,5 кг ағашты толық жағып, қанша суды қайнатуға болады? Судың бастапқы температурасы 100С. с4200 Дж/кг0С, q=10106 Дж/кг.




  1. Массасы 120г жез калориметрдің ішінде массасы 0,2 кг, температурасы 160С су бар. Осы калориметрге массасы 0,15 кг, температурасы 1000С дене салынды. Cол кезде пайда болған коспаның температурасы 220С болса, калориметрге салынған дененің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? ссу4200 Дж/кг0С, сж380 Дж/кг0С.




С-ТОБЫ




  1. Жалпы массасы 50г, температурасы 136,40С қорғасын мен мырыш ұнтағы ішінде суы бар калориметрге салынды. Калориметрдегі судың температурасы 140С, ал массасы 100г. Ұнтақ салынғаннан кейін ақырғы температурасы 17,750С болды. Калоиметрдің жылу сыйымдылығы С1с1m150,4Дж/0С болса, қоспада қанша қорғасын және қанша мырыш болған? сқ140 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.






Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.
НҰСҚА 5 8/1


А-ТОБЫ




  1. Мыс бөлшегінің массасы 200г, температурасы 3650С. Егер мыстың температурасы 150С-қа дейін төмендесе қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін берер еді? с380 Дж/кг0С.




  1. Көлемі 3 л керосинді көлемі 1 л спиртпен араластырды. Осы отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? qк=4,6107Дж/кг, qс=2,7107Дж/кг, к800 кг/м3, сп800 кг/м3




  1. Ыдыстың ішіндегі 5 л қайнаған су өзін қоршаған ортаға 1680 кДж энергия бөле отырып, қандай температураға дейін суыйды? с4200 Дж/кг0С, с1000 кг/м3.




  1. Массасы 200 кг, температурасы 250С-ғы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін, қанша спирт жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=27106Дж/кг.




Б-ТОБЫ




  1. ПӘК-і 75 газ плитасында 21 кг газды толық жағып, қанша суды қайнау температурасына дейін жеткізуге болады? Судың бастапқы температурасы 200С-қа тең. с4200 Дж/кг0С, q=4,4107 Дж/кг.




  1. 175г су спирт шамымен 150С-тан 750С-қа дейін қыздырылды. Оның спиртімен қоса алғандағы бастапқы массасы 163 г, ал қыздыру аяқталғаннан кейінгі массасы 157 г болады. Қыздырғыштың ПӘК-ін тап. с4200 Дж/кг0С, q=2,7107 Дж/кг.




С-ТОБЫ




  1. Массасы mк75г калориметрдің температурасы tк50С. Калориметрге массасы mс32г, температурасы tс200С сұйық құйылды. Белгілі уақыттан соң жалпы температура ­­1150С болды. Осы ыдысқа тағыда массасы mм400г, температурасы tм80С мыс кесегі салынды, сондан калориметр ішіндегі температура 2=120С болса. Калориметр мен сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын анықта. см380 Дж/кг0С.





Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылу.
НҰСҚА 6 8/1


А-ТОБЫ




  1. Массасы 200 кг темірдің температурасы 8000С-тан 150С-қа дейін өзгерді. Ол суыған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? ст500 Дж/кг0С.




  1. Массасы 9 кг таскөмір толық жанғанда 2,7­108 Дж жылу бөлініп шығатын болса, таскөмірдің меншікті жану жылуы қандай?




  1. 300 кірпіштен қаланған пеш 700С-тан 200С-қа дейін суығанда қанша жылу мөлшерін беретінін есепте. Бір кірпіштің массасы 5 кг. с750 Дж/кг0С.




  1. Массасы 100г, температурасы 200С кесеге, массасы 200г қайнаған су құйылды, осыдан кейін кеседегі температура 930С болды. Кесенің меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С.




Б-ТОБЫ




  1. Сыйымдылығы 300 л ваннаны жуынуға дайындау үшін 50С салқын суды 710С ыстық сумен араластырды. Температура 350С болу үшін судың әрқайсысынан қандай көлемде алу керек?




  1. Керосин жанарғысында 0,8л керосин бар. Егер оның ПӘК-і 40-ке тең болса, ол толық жанғанда неше литр суды 100С-тан қайнау температурасына дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С, q=46106 Дж/кг.




С-ТОБЫ




  1. Массасы 100г шыны ыдысқа массасы 200г су құйылды. Бұл екеуінің температурасы 750С. Осы ыдысқа массасы 80г, температурасы 150С күміс қасық салынса судың температурасы қалай өзгереді? сш830 Дж/кг0С, ссу4200 Дж/кг0С, ск230 Дж/кг0С.