Файл: Шешуі. Kестеде екі монета шыаранда ммкін болатын комбинациялар мен номиналдарды осындысы берілген Kестеге сйкес, s кездейсо шамасы келесі мндерді абылдайды 100, 150, 200, 250, 300. Жауабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кездейсоқ шаманың бірнеше мысалдарын қарастыр.

1-мысал. Қалтада 50 теңгелік 2 монета, 100 теңгелік 2 монета және номиналы 200 теңгеге тең бір монета бар. S кездейсоқ шамасы қалтадан бір уақытта шығарылатын екі монетаның номиналдарының қосындысын сипаттайды. S кездейсоқ шамасы қандай мәндерді қабылдайды?

Шешуі. Kестеде екі монета шығарғанда мүмкін болатын комбинациялар мен номиналдардың қосындысы берілген:



Kестеге сәйкес, S кездейсоқ шамасы келесі мәндерді қабылдайды:

100, 150, 200, 250, 300.

Жауабы: S1 = 100, S2 = 150, S3 = 200, S4 = 250, S5 = 300.

2-мысал. Жәшікте 3 қызыл және 2 ақ шар бар. X кездейсоқ шамасы жәшіктен екі шар шығарғанда қызыл шарлардың санын сипаттайды. X кездейсоқ шамасы қандай мәндерді қабылдайды?

Шешуі. Кестеде жәшіктен екі шарды шығарғанда мүмкін болатын комбинациялар мен әр комбинациядағы қызыл шардың саны көрсетілген:



Жауабы: X кездейсоқ шамасының мүмкін мәндері: 0, 1, 2.



3-мысал. Дартсты радиусы 19 см-ге тең дөңгелек нысанаға лақтырады. Егер дартс нысанаға тимесе, онда бұл лақтыру саналмайды. Y кездейсоқ шамасы дартс пен нысананың центрі арасындағы қашықтықты сантиметрмен сипаттайды. Y кездейсоқ шамасының мүмкін мәндерін анықта.

Шешуі. Дартсты нысанаға бір рет лақтырады. Егер дартс нысананың центріне тисе, онда дартстан центрге дейінгі қашықтық 0 см болады. Бұл сан S кездейсоқ шамасының ең кіші мәні болады. Егер дартс нысанасы болатын дөңгелек ішіндегі кез келген орынға тисе, онда лақтыру саналады, сондықтан Y кездейсоқ шамасы 0 мен 19 сандарының арасында жататын кез келген мәнді қабылдайды, бірақ 19 саны берілген кездейсоқ шаманың мәні болмайды. Осыдан шығатыны Y кездейсоқ шамасының мүмкін мәндері:

0 ≤ Y < 19.

Жауабы: 0 ≤ Y < 19.

4-мысал. Үш жәшіктің әрқайсысында 1-ден 3-ке дейін нөмірленген 3 шар бар. Әр жәшіктен бір шардан алынады. S кездейсоқ шамасы алынған үш шардың бетінде шыққан сандардың қосындысын сипаттайды. S кездейсоқ шамасы қандай мәндерді қабылдайды?

Шешуі. Кестеде әр жәшіктен бір-бір шардан шығарғанда мүмкін болатын комбинациялар мен шарларда жазылған сандардың қосындысы көрсетілген:




Кестеге сәйкес, S кездейсоқ шамасы 7 мүмкін мәнді қабылдайды:

3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.