Файл: Орындаан Дулетов Н.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Инсульт — емі, қалпына келуі, науқасқа күтім жасау

Орындаған : Дәулетов Н







Инсультты емдеу


Инсульт – бұл дайын сызба арқылы емдеуге болмайтын, ми қан айналымының жедел бұзылысы болып табылады. Бұзылыстың екі түрі болады – геморрагиялық және ишемиялық инсульт. «Инсультты қалай емдейміз» деген сұрақтың жауабын тек невролог, нейрохирург мамандардан алуға болады. Емдеу тактикасы толығымен оның түріне, денсаулық жағдайына, бұзылысты шақыратын себептерге және патологияның салдарларына тәуелді болады. Емдеудің негізгі әдістері – медикаментозды және хирургиялық, дегенмен жедел жағдайды тоқтату мен көрсеткіштерді қалпына келтіру– жүйке жүйесінің қызметін максималды қалпына келтірудің жалғыз жолы емес. Келесі қалпына келтіру түрі инсульттің  салдарларын емдеуге жатады.  Оларды толығымен жоюға болады, бірақ бұл ми құрылымының зақымдалу деңгейіне байланысты болады.

Бұл мақалада аурудың екі түрінің де ағымдық ерекшеліктері, сонымен бірге емдеу әдістерінің әрқайсысы және қалпына келу жағдайлары қарастырылады.

Инсультті емдеудің негізгі бағыттары

Дәрігер бас миындағы қан айналым бұзылысының сипатына байланысты, арнайы емдеу әдісін, сонымен бірге  қосымша жалпы терапиялық және профилактикалық шараларды таңдайды.

Профилактикалық – бұл  инсульттің мүмкін болатын асқынуларының алдын алу үшін қолданылатын процедуралар мен медикаментозды емдеу әдісі. Алғашқы кезекте бұл –тыныс алудың, зәр шығарудың, қан айналымының (соның ішінде перифериялық) маңызды қызметтерін реттеу және күнделікті күтім. Ол емдеудің оңалту кезіндегі соңғы рөлді атқарады, яғни науқас, кейбір зардаптарға байланысты, төсектегі қалпын сақтайды.

 Ишемиялық инсультты емдеудің арнайы әдістері

Ишемиялық инсульттегі негізгі тапсырмалар – қалыпты қан айналымын қалпына келтіру және ми тінін зақымданудан қорғау. Оларды бірнеше топ медикаментозды өнімдермен жасауға болады.:

Тромболитиктер.
 Түзілген тромтарды ерітіп, қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді және бас миындағы нейрондардың зақымдалуының алдын алады, зақымдану аймағының өлшемін азайтады. Бұл топ препараттарын дәрігермен бірге мұқият қолданады, яғни оның асқынуы гемморагиялық инсульт болуы мүмкін – тіннің зақымдалған аймағындағы ми қан айналымының екіншілік жедел бұзылысы болып табылады. Осы себептен де дәрігер тромболитиктерді тек кейбір науқастарға ғана және біріншілік қан айналым бұзылысының бастапқы сатыларында тағайындайды.

Түзілген тромбтардың дамуының және жаңа тромбтардың түзілуінің алдын  алу үшін, жиі антикоагулянттар қолданылады. Олар тромбоциттердің мөлшерін төмендетеді, және қанның тұтқырлығының көрсеткіші болып табылады. Бұл- науқас асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан зардап шегетін жағдайларда ішкі қан кетумен қауіпті болуы мүмкін, сондықтан да осындай жағдайларда антикоагулянттарды аса мұқият тағайындайды.

Антиагреганттар – қан элементтерінің өзгеруіне ықпал ететін, кең тараған топ препараттары. Олар тромбоциттердің агрегациясын төмендетуге қабілетті – олардың «жабысуын» және тромбтардың қалыптасуын тоқтатады. Емдік өнімдердің бұл санаты келесідей себептерден шақырылған инсультті емдеу үшін стандартты болып табылады:

 атеросклероз;

 тромб түзілуіне бейімділікпен жүретін қан аурулары.

Бұдан бөлек, антиагреганттар – қайталамалы инсульттің дамуының алдын алуға қабілетті профилактикалық препараттар.

Барлық айтылған емдік өнімдер ми қан айналымын жақсартады және қалпына келтіреді. Емдеу курсы жеке–дара болады – маман әрбір нақты жағдайда препараттардың дозасын және байланысын оның бастапқы жағдайына, көрсетіліміне, қарсы көрсетіліміне, бұзылыстың ауырлық деңгейіне байланысты есептейді. 

Инсульт жүйке жасушаларының өлуіне алып келеді, яғни ол қоректік заттар мен оттегін ала алмағандықтан болады. Патологиялық биохимиялық реакцияларды тоқтату үшін, нейропротекторлар қолданылуы мүмкін. Олар ми тінінің зақымдалу ошағын азайтуға мүмкіндік береді. Соған қоса нейропротекторлар тапсырманы орындауға қабілетсіз сақталған жасушаларды белсенді етуге көмектеседі.

Ишемиялық инсультты емдеудің хирургиялық әдісі – каротидті эндартерэктомия, — тек белгілі көрсеткіштерде ғана қолданылады – ұйқы артериясының кенеттен болатын стенозы (тарылуы)  немесе атеросклероздық бляшкалармен бітеліп қалуы. Күрделі хирургиялық әрекетке қарамастан, бұл әдісті біріншілік инсульттың алдын алуда және ми қан айналымының қайталамалы бұзылысының дамуында профилактика ретінде қолданады.



Геморрагиялық инсультті емдеудің арнайы әдістері

Геморрагиялық инсульттегі басты мәселе – қан кетуді тоқтату және артериалды қан қысымын тұрақты бақылау.

Қысым көрсеткішінің төмендеуі – басты мәселе тамырлардың қабырғасындағы қан қысымын төмендету болып табылады. Бұл қан кетуді тезірек тоқтатуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта гипотензивті препараттар тобы қолданылады. Науқас оларды ішке қабылдайды немесе көк тамырға енгізеді – бұл  оның жалпы жағдайы мен көрсеткіштеріне байланысты болады.

Хирургиялық ота жасау тамырдың бүтіндігін қалпына келтіреді, дегенмен бұл әрдайым мүмкін бола бермейді.

Қан кету медикаментозды тоқтатылуы мүмкін және осындай жағдайда ота жасау міндетті емес. Соған қоса, ота жасағаннан әсер болмайтын жағдайлар болады –  ми тінінің терең қабатына қан құйылу, яғни асқыну қаупінің жоғары болуына байланысты отаның көмегімен өзгерте алмайды.

Айналасындағы тіндерді ығыстыратын үлкен гематомаларды жою үшін  нейрохирургиялық ота жасалынады. Ол екі тәсілмен орындалады:

Ашық тәсіл. Жабық тәсіл.

Науқастың бас сүйегін ашу (трепанация) және гематоманы алып тастау. Канюланы кіші тесік арқылы қан құйылу орталығына енгізіп, сол арқылы қанды алып тастайды. 

Аневризманың жарылуынан (тамырлардың және артериялардың қабырғаларының томпаю) болатын қан құйылу жағдайларында, оны жалпы қан ағымынан алып тастап –металдан жасалған қыспамен «жабады». Бұл аневризманы қыспамен жабу деп аталады.

Егер аневризма бас миының беткейінде болса, оның жарылуынан субарахноидальды қан құйылу болады – қан мидың айналасындағы кеңістікке жайылады. Сау тамырлар тарылып, ишемиялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Осындай асқынулардың алдын алу үшін, дәрігер арнайы препараттарды тамыр ішіне енгізеді. 

Қан құйылу ми қарыншаларына әсер еткен жағдайларда, бас сүйегінен сұйықтық келетін тесіктің тығындалып қалуы мүмкін. Бұл қарыншалардың кеңеюі мен тіндердің қысылуына — обструктивті гидроцефалияның дамуына алып келеді. Осындай жағдайларда шұғыл ота жасау керек – яғни, сұйықтықтың келуін қамтамасыз ету үшін, қарыншаларға дренаж қою керек. Бұндай шара медикаментозды емдеу көрсетілімімен жүреді. Егер  гидроцефалия гематомамен келетін жолдардың қысылуымен шақырылған болса, дәрігер оны алып тастайды және тек содан кейін ғана дренажды орнатады.

Ишемиялық және геморрагиялық инсульттың ең қауіпті асқынуларының бірі – мидың ісінуі. Бұл – сұйықтықтың тіндерде шектен тыс жиналуы нәтижесінде көлемінің ұлғаюы болады. Ісіну ми құрылымының өзгерісіне және олардың қысылуына, сонымен қатар өлімге әкелуі мүмкін.


Бұл жағдайда асқынуды болдырмаудың негізгі тактикасы – осмостық диуретиктерді енгізу болып табылады. Олар қанда жоғарғы осмостық қысымды құруға бағытталған және артық сұйықтықтың қанға шығуына ықпал етеді. Науқас өкпенің жасанды желденіс жағдайында болған кезде, дәрігер бас сүйек ішілік қан қысымын түсіру үшін, желденіс режимін өзі таңдайды. 

Инсульттың түріне тәуелсіз, негізгі емдеу сызбасынан бөлек, симптомдық емдеу қажет етілуі мүмкін. Науқастың денсаулық жағдайына және айқындалған белгілерге байланысты, дәрігер тағайындауы мүмкін:

 седативті препараттар – айқын қозудың белгілері болған жағдайда

 ұстамаға қарсы препараттар – ұстама көрініс тапқан жағдайда немесе олардың даму қаупі болған жағдайда (мысалы, анамнезінде эпилепсия болғанда);

 ауырсынуды басу және т.б.

Кейбір жағдайларда инсульт алған науқастың өмірінде маңызды қызметті немесе адамның жалпы жағдайын жақсарту үшін, басқа да емдік шаралар қажет болуы мүмкін.

Инсультті және оның асқынуларын емдеудің жалпы әдістері

Инсульт кезінде алғашқы көмек көрсеткеннен кейінгі бірінші кезектегі мәселе – мүмкін болатын асқынулардың алдын алу немесе олардың уақытылы реттелуі.

Асқыну Реттелу/ алдын алу

Өкпе қабынуы Тыныс алу гимнастикасы, егер науқастың есі анық болса. Бөлмедегі ауаны күнделікті тазарту.

Ұзақ уақыт төсекте жатудан болатын ойылулар  Төсектегі науқасты  аударыстыру. Дәрігердің рұқсатымен отырғызу. Күнделікті арнайы құралдардың көмегімен өңдеу, бір реттік гигиеналық құралдарды пайдалану.

Су балансының бұзылуы Жұтына алау жағдайында зонд орнату.

Аяқ веналарының тромбозы Аяққа арналған гимнастикаларды жасау, буындарды бүгу-жазу және науқасқа күтім жасаушының көмегімен – белсенді емес гимнастика –Дәрігердің келісімімен өкшеден санға дейін массаж жасау. Тромбоз болған жағдайларда – аяқ-қолды эластикалық бинтпен таңу.

Стоматит Күнделікті тісті тазалау және ас қабылдағаннан кейін ауыз қуысын шайқау. Арнайы ерітіндіге батырылған мақта шаригімен ауыз қуысын сүрту.


Инсульт алған қозғалыссыз науқастың күтімі – уақытылы жуу, ішектің және қуықтың босау процессі кезінде жайманың тазалығын қамтамасыз ету үшін арнайы ыдысты қолдану сияқты гигиеналық талаптардың орындалуы қажет.

Көптеген жағдайларда бірнеше уақыттан кейін, кейбір қызметтері жартылай қалпына келеді, Науқасқа өз бетімен қозғалуға  және қатаң төсек режимін сақтамауға рұқсат беріледі. Дегенмен, осымен қалпына келуі аяқталмайды.

Қалпына келу кезеңі, инсультті емдеудегі терапиялық және хирургиялық шаралардан маңыздылығы жағынан кем емес.

Оның басты мақсаты – неврологиялық белгілерді тұрақтандыру және оның біртіндеп болатын регресі. Бұл бас миы жасушаларының өзіндік «қайта даярлау көмегімен» қол жеткізілінеді – яғни, сақталған тін аймақтары, қан айналымының бұзылысы нәтижесінде зардап шеккен бөлімдердің қызметін өзі атқарады.

Ол үшін емдік препараттардың бірнеше тобы қолданылады:

 вазоактивті өнімдер – қанмен қамтамасыз етуді жақсартатын препараттар;

 аминқышқылдары;

 ноотропты препараттар.

Бұдан бөлек, оңалту электростимуляция массаж сеансын және емдік жаттығуларды орындаумен құралады. Олар сіресулердің, тромбоздардың және басқа да болуы мүмкін зардаптардың даму мүмкіндігін азайтады, қозғалыс қызметін қалпына келтіреді.

Инсульт алғаннан кейінгі оңалту ерте мерзімде басталады – яғни, қозғалыс режимінің кеңеюі мен интенсивті қызметінің аяқталу барысында. Дәрігер шешімді науқастың жалпы жағдайына байланысты қабылдайды. Оның ұзақтығы жек анықталады – яғни, бірнеше айдан бірнеше жылға дейін болады.

Кеңінен қолданылатын қосымша емдеу әдістеріне балшықпен емдеу, физиотерапия, рефлексотерапия жатады. Бұл шаралардың арнайы шипажай- мекемелерде жүргізілгені абзал.

Психоэмоционалды жағдайын реттеу – оңалту кезеңінің маңызды бөлімі болып табылады. Қауіп тобында мүгедектікке шалдығып, маңызды қызметтеріннен айырылған және өзіне күтім жасап, жұмыс атқара алмайтын, белсенді өмір сүруге қабілетсіз науқастар болады. Осындай жағдайда инсульт алған адамның жақын туыстары маңызды рөл атқарады  – қажетті көмек пен қолдау көрсетіп, бейәлеуметтендіру мен оңалтуды тездетеді. Бұдан бөлек, психологиялық жағдай, физиологиялық және когнитивтік (ойлау, танымдық) процесстерін жылдамырақ қалпына келуіне ықпал етеді. Суицидті ойлаумен жүретін айқын депрессия медикаментозды қосымша реттеуді қажет етеді – психиатр, психотерапевт мамандардың тағайындауымен антидепрессанттарды қабылдау керек. Психотерапевттік әдістер, тренингтерге және кеңес беру сабақтарына бару, психотерапевтпен жеке және топтық жұмыс – психоэмоционалды жағдайды қалпына келтірудің негізі болып табылады.