Файл: Ересек тобына Жаа жылды таырыпты ісшара жоспары. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ересек тобына Жаңа жылдық тақырыптық іс-шара жоспары.

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру.

Жаңа жылдық мерекені тойлау туралы балалардың білімін жүйелеу, танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Балалардың мерекенің пайда болу тарихы туралы түсініктерін кеңейту. Орыс халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Шырша, мерекеге қажетті атрибуттар.

Кейіпкерлер: Гном, Барыс, Қоян, Аю, Аяз ата, Ақшақар.

Барысы:

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін сендермен орманға тап болдық. Қараңдаршы, айнала аппақ, ағаштардың барлығы қармен жамылған. Қардың үстінде іздер жатыр.

-Балалар, орманда нелер мекендейді? (жабайы жануарлар)

-Оларды бір сөзбен не деп атаймыз? (жабайы жануарлар деп атаймыз)

-Жабайы жануарлар немен қоректенеді? (кішкентай аңдарды аулап қоректенеді)

-Неліктен оларды жабайы аңдар деп таймыз? (себебі олар орманда мекендейді)

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

-Қыс айларын атап шығыңдаршы? (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

-Қыс айларының ерекшеліктерін атап беріңдерші.

-Балалар, залда неліктен шырша безендірілген? (Жаңа жыл мерекесін атап жатырмыз)

-Жаңа жыл қай уақытта аталады? (Қыс айында)

-Жаңа жылды қалай атап өтеміз? (Шырша құрамыз, оны ойыншықтармен безендіреміз, балалар әр түрлі костьюмдер киеді. Аяз ата мен Ақшақар келеді.)

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер жауабын айтыңдар.

Жұмбақ

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) 

Жүргізуші: (жұмбақтап) Жаңа жылдық керемет мерекеде... Тыныш! Бізге біреу келе жатыр.

Гном шығады. Қолында шырша ойыншықтары мен безендіретін заттар салынған қорап ұстаған.

Қорапты шыршаның жанына қойып, безендіре бастайды.

Жүргізуші: О,оо біз қай жердеміз? Сен кімсің?

Гном : Сәлеметсіңдер ме, менің достарым! Мен Гноммын. Мен өзі қайда тап болдым?

Жүргізуші: Гном, сен біз сияқты орманға тап болдың.

Гном : Жақсы, мен де сендер сияқты орманға тап болсам, мен келе жатқан жаңа жылға дайындалып жүрмін.

Гном шыршаны безендіре кетеді.

Гном: Қараңдар, мен шыршаны безендіріп қойдым.
(Шырша дұрыс безендірілмеген. Шыршада аяқ киім, бас кйім, қолғап ілулі тұр)

Жүргізуші: Гном, сен барлығын шатастырып алдың шыршаны біз аяқ киіммен, бас киімммен, қолғаппен безендіреміз бе? Балалар, Гном шыршаны дұрыс безендірді ме?


Балалар: жоооқ

Жүргізуші: Гном біз саған шыршаны дұрыс безендіріп берейік. Балалар, көмектесіңдерші.

Би

Жүргізуші: Гном, шырша ойыншықтарына қара, қандай әдемі. Міне, осындай ойыншықтармен шыршаны безендіру керек.

Гном: Керемет, балалар! Рахмет, сендерге. Енді білетін болдым.

Музыка әуенімен залға Қоян, Аю, Барыс келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

Барыс: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біздің мекенімізде Жаңа жылды тойлауға балалар келді деп естіп келдік. Қоян, Аю үшеуіміз сендермен Жаңа жылдық мерекені тойлағымыз келеді.

Жүргізуші: Әрине, достар. Біздер сияқты адасып Гном да келіпті. Ендеше жай тұрмай барлығымыз бір ойын ойнайық.

Гном: Балалар, мен ұмытып кетіппім. Менің сендерге алып келген сыйлығым бар ғой.  (сыйлығын іздей бастайды) Мен сиқырлы қар бүршігін таба алмай қалдым. Балалар, көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші: Мынау сенікі ме, Гном? ( қар мен қар бүршігі салынған қапшықты көрсетеді).

Гном: Ой, ёй, ёй (жылайды). Мен енді көктем айына дейін сиқырлы қар бүршігін іздейтін болдым. Сөйтіп жүргенде Жаңа жыл да өтіп кетеді…

Жүргізуші: Гном , жылама. Біздің балалар, Аю мен Қоян, Барыс, балалар саған көмектеседі. Балалар көмектесесіңдер ғой? Ендеше барлығымыз екі командаға бөлінейікші. Ұлдар қар жинасын, ал қыздар қар бүршігін жинасын.

«Қар мен қар бүршігін жинау» ойыны.

Қар бүршігі табылады.

Гном: Міне ғой, міне. Рахмет, менің достарым.… Енді мен сендерге сиқырды көрсете аламын. Енді біздің шыршамыз жанып көрік береді. (қар бүршігін шаршаға жақындатып, шыршаны айналып жүгіреді).

Шамдарым жанбай жатыр, қар бүршігі сиқырын жоғалтып алған сияқты.

Жүргізуші: Гном, көңілінді түсірме. Аяз ата саған көмектеседі. Әзірше балалардың тақпақтарын таңдайық.

Кейіпкерлермен БИ БИЛЕУ

Қоян: Балалар, Жаңа жылдық мерекелерің неге Аяз атасыз?

Барыс: Ия, мүмкін шақырып көрелік.

Аю:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келед алыс сапардан,
Аяз ата оранып.

Кейіпкерлер: Балалар, барлығымыз Аяз атаны шақырайықшы.

(Балалар Аяз атаны шақырады)

Музык ойнайды. Аяз ата Ақшақармен келеді.

Жүргізуші

: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!

Аяз ата:

Бүлдіршіндер, балғыным.

Өмір гүлім шалдғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сеңдердің бақтарын мен деңсаулығың.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Міне мен де жеттім ғой сендерге. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.

Жүргізуші: Аяз ата, рахмет сізге. Балалар сізді ұзақ күтті. Балалар сізге әндерін де дайындап қойды.

ӘН «АЯЗ АТА»

Аяз ата: Рахмет, балаларым! Не деген керемет ән! Жаңа жыл жақындап қалды. Ал біздің шыршамыз әлі де жарқырамай тұр.

Гном: Аяз ата, бізде бір келеңсіз жағдай болды. Біздің қар бүршігіміз өзінің сиқырын жоғалтып алды.

Аяз ата: Ендеше мен көмектесейін. Ол үшін шыршаны айнала жүгіріп өту керек. (Шыршаны айнала жүгіреді)

Гном: Алақаййй! Қар бүршігі өзінің сиқырын қайтарып алды. Ендеше Жаңа жылды қарсы алып, би билейік.

Аяз ата: Балалар, шеңберге тұрып, шыршаны жағайық!

Балалар шыршаны айнала тұрады.

Аяз ата:

Қуант бізді таңырқап

Шамдарыңды жарқырат. 

Шырша шамы жағылады.

ӘН --------

Аяз ата: Балалар, жарайсыңдар. Мен сендерге бостан босқа асығып келмеппім. Сендер ойнағанды ұнатасыңдар ма? Сүйікті «Мұздату» ойынын ойнайықшы. Қолдарын алға созыңдар, ал мен сендерді мұздатамын.

АЯЗ АТАМЕН кейіпкерлермен, балалармен «МҰЗДАТУ »

ОЙЫНЫ ОЙНАЙДЫ.

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Мен шаршап қалдым. Мүмкін, маған тақпақ айтып берерсіңдер.

ТАҚПАҚТАР.
Жүргізуші: Аяз ата, ештеңені ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз ата: Ия, ұмытып барады екенмін! Қапшығымда сыйлықтарым бар екен ғой. Менің сиқырлы қапшығым қайда? Қапшықты алады, ал қапшықта ештеңе жоқ. (көңілі түседі) Мен балалар ұмытып кетіппім.

Гном: Менде сиқырлы бүршігім бар. Шыршаны айналып шығу керек.
Шыршаны айналып шығады да, сыйлығы бар қапшықты тауып алады. Сыйлықтарды кейіпкекерлермен бірге балаларға таратады.

Жүргізуші: Балалар, осындай керемет сыйлықтар үшін Аяз ата мен Ақшақарға ризашылығымызды білдіріп қояйық.

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!


Аяз ата мен Ақшақар кетеді, мереке де аяқталады.

Барыс, Қоян, Аю: Балалар, рахмет сендерген. Сендер бізге жақсы көңіл-күй сыйладыңдар. Біз енді басқа достарымызға барамыз. Сау болыңдар.