Файл: 1. Алашы йел арышкер (Валентина Терешкова) андай санны бір ана квадрат тбірі бар (нл).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)
2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3. "Ақпарат" сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
(түсіндіру, баяндау )
4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)
5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
8. Компьютердің теледидары? (монитор )
9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)

«Ой жалғасы». Мақал - мәтелдер.
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

2-жүргізуші: Енді кезекті қызықты жұмбақтарға береміз. Физика пәні бойынша

«Қызықты жұмбақтар»
Физика пәні бойынша
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)

Иформатика
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
3. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтуір)

Математика
1. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
2. Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен

Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
3. Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
4. Қарама -қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
5. Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)

Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
Хор

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты

Біз Тараздың ұланымыз
Бар екпінмен самғаймыз

Жаңа, жаңа асуларда.
Білім алып шыңдаймыз
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

Сайыс соңында әділ - қазыларға сөз беріліп, қатысқан оқушылар «Алғыс хат», «Мақтау қағазымен» марапатталды.















загрузить