Файл: Вакутайнер кмегімен кктамырдан ан алу Масаты анды зертханалы зерттеу дісі. Дайындау ажет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Вакутайнер көмегімен көктамырдан қан алу

Мақсаты: Қанды зертханалық зерттеу әдісі.

Дайындау қажет: көктамыр манипуляциасына арналған фантом, манипуляциалық стол, 70% этил спирті, пинцет, стерилді таңғыш материалы бар бикс, қолғап,пробиркалар - вакутейнер, штатив, көктамыр манипуляциясына арналған жгут, медициналық қалдықтарына арналған «А», «Б» сыныбы сыйымдылығы және ҚКЖК.

Орындау алгоритмі:

  1. Пациентпен амандасу. Өзін таныстыру. Идентификация жүргізу үшін пациенттен өзін таныстыруын сұрау. Пациентті қалай атауға болатынын нақтылап сұрау. Пациентке жүргізілетін емшараның мақсаты мен барысын түсіндіру. Келісімін алу. Пациенттке венапункция жасау үшін ыңғайлы қалып беру (жатқызу немесе отырғызу). Пациенттен егу жасайтын аймақты киімнен босатуын сұрау.

  2. Құралдарды дайындау: Пробирканың жарамдылығын тексеру, пациент жайлы мәліметі бар этикетканы жапсыру, жолдама мен пробиркаға нөмер қою.

  3. Гигиеналық деңгейде қолды өңдеу, қолғап кию.

  4. Пациенттің шынтақ сүйегі астына кленкалы валик қою. Иықтың ортаңғы бөлігіне көктамыр манипуляциясына арналған жгут орналастыру, клапанды бекіту және көктамырдағы қан ағымы тоқтағанға дейін бос ұшынан тарту (кәріжілік артериясында тамыр соғуы өзгермейді!). Пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрау. Қанға толған көктамырды табу.

  5. Егу жасау орынын 70% этил спиртіне ылғандалған мақта түйіршіктерімен өңдеу, егу жасайтын жерді пальпация жасап, қанға көбірек толған көктамырды анықтау, екінші мақта түйіршігімен нақты егу жасалатын орынды өңдеу. Қолданған мақта түйіршіктерді «Б» қалдығына арналған сыйымдылыққа салу.

  6. Инені алу және жабық резенкелі мембранасы бар жағынан қорғаныш қақпағын ашу. Инені ұстағышқа орналастырып бұрау. Екінші жағындағы инеден қорғаныш калпағын шешу, таңдалған көктамырды бекіту үшін сол қолдың үлкен саусағымен терісін шетке тарту арқылы ұстап, пациенттің көктамырына қарапайым шприцпен қан алу емшарасы сияқты ине-ұстағыш жүйесін енгізу.

  7. Таңдалғана пробирканы алып, қақпағымен ұстағышқа қою. Оң қолдың сұқ саусақ және ортаңғы саусақпен ине ұстағышты ұстап, үлкен саусақпен пробирканы инеге кигізу (ине пробирканың қақпағындағы резеңке мембрананы тесіп өтеді, вакуумдағы түтік пен венаның қуысы арасында арна пайда болады). Пробиркаға қан құйыла бастағанда сол қолмен клапынды басып көктамыр манипуляциясына арналған жгутты босату. Пробиркаға қанды жинау, пробирканы ұстағыштан босату, пробирканы штативке қою.

  8. 70 % этил спиртіне ылғалданған үшінші мақта түйіршігін пункция орынына басып, жылдам қимылмен инені шығарып алу. Инені ұстағышымен бірге арнайы контейнерге салу.

  9. Мақта түйіршігін алып медициналық қалдықтарына арналған «Б» класы сыйымдылығына салу. Қолғапты шешіп, медициналық қалдықтарына арналған «Б» класы сыйымдылығына салу. Қолды жуып, құрғату.

  10. Дәрігер тағайындамасы парағына емшараны орындау жайлы жазу.