Файл: ала кні Алматы аласыны тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағаты:
Алматы – әсем қала (Қала күні)

Алматы қаласының тарихы
Мақсаты:
Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына, даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу;
Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру.
Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту, өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
Көрнекілік: Алматы қаласы туралы слайд, бейнефильмдер, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

Алматы – әсем қала
Алматы – Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмкерген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алмасы.
Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь - Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелең Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500 - 1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс - жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау - бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз Отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы туралы бейнефильм көрсетіледі.
Алматы қаласы туралы сұрақ - жауап:

Әкімшілік - территориялық құрылымы: қала 8 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау, Наурызбай
Тілі: қазақ, орыс

Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т. б. - 5%

Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи жәнет. б.
Ақша бірлігі: теңге
Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы
Аумағы: 339, 36 шаршы шақырым
Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.)
Халық санының тығыздығы: 4227 шаршы шақырым
Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600 - 2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан

Экономика: ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің ЖІӨ - нің 1/5 бөлігі, салық түсімдерінің 30%- ы, банк операциялары 70%- ы, бөлшек және көтерме сауданың 50%- ы, инвестицияның 12%- ы Алматы қаласының үлесінде

Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі
Ауылшаруашылығы: жеміс - жидек, көкөніс, мал шаруашылығы, балық аулау
Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы

Климаты: континенталды
Оқушылар «Алматы – менің сүйікті қалам» тақырыбында туралы түрлі мәлімет көздерінен мағлұматтар береді.

Рефлексия: «Алматы – менің сүйікті қалам» тақырыбында туралы эссе жазу
Сүйікті қалам туралы не білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?