Файл: Реферат Жасаан Сатыбалды Руслан Топ 142 жм тексерген Сагимова Гульзира асымжановна Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорытынды

Ас қорыту ағзалары адамның ас қорыту жүйесі үшін өте маңызды. Адам ағзасына түскен қоректік заттарды қорытады.Адам ағзасын машинамен салыстырып көрейік Машинаның жүруі үшін жанармай қуат көзі болып саналады. Машинаның моторында жанған жанармай механикалық энергияға айналады, ол дөңгелектерді айналдырып, машинаны қозғалысқа түсіреді. Міне осы сияқты, бірақта одан да күрделірек және әр түрлі химиялық қорытылумен байланысты жағдайлар біздің ағзамызда да жүреді. Ағзаның тіршілігі үшін ең негізгі қуат көзі болатын — қоректік заттар. Ал қоректік заттардың құрамы белок, май, көмірсу, витаминдер, су және минералды заттарға бай болуы керек. Тағам әуелі ауыз қуысына түседі, тіс асты қабылдап, оны шайнауға қатысады. Шайналған тамақты сілекей бездері суландырады. Осыдан кейін тамақ бөлшек- бөлшек болып, өңеш пен жұтқыншақ арқылы асқазанға келіп түседі. Асқазаннан бөлінетін сөл (оның құрамында тұз қышқылы мен ферменттер болады) жеген тамақты негізгі өңдеуден өткізеді. Осы өңдеуден өткен ботқа ішекке келіп түседі.Оның асқазанға жалғасқан жері он екі елі ішек деп аталып, оған ұйқы безі мен өт қапшығының түтіктері ашылады. Бұл бездерден бөлінген сөлдер жеген тамағыңды ұсақ бөлшектерге ыдыратады. Ыдыраған қоректік заттар ішек бүрлері арқылы қанға сіңіріледі. Қан арқылы әуелі бауырға, одан кейін ағзаның басқа мүшелері мен тіндеріне таралады. Ал қорытылмаған заттар тоқ ішек және тік ішек арқылы адам ағзасынан сыртқа шығарылады.

Пайдаланылған әдебиет

1)Ә.Б.Әйбәкіров, Ф.М.Сүлейменова,Т.М.Досаев (Адам анатомиясы) атлас-2

2)Колестников (Адам анатомиясы) 2 том