Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 183

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


30г формальдегид-----216г күміс

х=5гх216г/30г=36г күміс

Жауабы:A

85-есеп.

Ацетальдегидті тотықтырғанда 40г 25% -тік сірке қышқылының ерітіндісі түзілді. Альдегидтің қандай массасы тотықты?

A) 7, 33 г

B) 8 г

C) 6 г

D) 6, 8 г

E) 9, 2 г

Шешуі

СН3 СНО+(О) →СН3СООН

1)m қышқыл=40гх0,25=10г

2)60г қышқыл----44г альдегид

10г қышқыл------хг альдегид

х=10гх44г/60г=7,33г альдегид

Жауабы:A

86-есеп.

4,4г сірке альдегиді арқылы 10лсутек өткізілді. Қанша этил спирті түзілуі қажет?

A) 4, 6 г

B) 46 г

C) 0, 46 г

D) 5, 6 г

E) 6, 5 г

Шешуі

СН3 СНО+Н2→СН3 СН2ОН

1)n альдегид=4,4г/44г/моль=0,1моль

2)n сутек=10л/22,4л/моль=0,4моль

3)4,4г альдегид-----хгспирт

44г альдегид-------46г спирт

х=4,4гх46г/44г=4,6г спирт

Жауабы:A

87-есеп.

Көлемі 3л және тығыздығы 1,06г/мл формалиннің судағы ерітіндісінде 30%-тік НСОН-тың қандай зат мөлшері болады?

A) 31,8моль

B) 30,8моль

C) 32,8моль

D) 33моль

E) 28,8 моль

Шешуі

1)mформалин=Vpw=3000 млх1,06г/млх0,3=954г

2)954г формалин ------хмоль

30г формалин-------1моль

х=954гх1моль/30г=31,8 моль

Жауабы:A

88-есеп.

Мөлшері 5 моль глюкозаның спирттік ашуы нәтижесінде қандай көлем (қ.ж.) көміртек (IV) оксиді түзілді?

А)56

В)11,2

С)22,4

D) 112

E) 224

Шешуі

С6Н12О6→2С2Н5ОН+2СО2

5моль глюкоза-------хл СО2

1моль глюкоза------44,8л СО2

х=5мольх44,8л/1моль=224л СО2

Жауабы:E

89-есеп.

Фотосинтез процесі кезінде өсімдік көлемі 33,6л (қ.ж.) көміртек (IV) оксидін сіңірді. Бұл кезде глюкозаның қандай мөлшері түзілді?
A)35г

B)40 г

C)45г

D) 50 г

E) 55г

Шешуі

6СО2+6Н2О →С6Н12О6+6 О2

33,6л СО2----хг глюкоза

134,4л СО2------180г глюкоза

х=33,6лх180г/134,4л=45г глюкоза

Жауабы:C

90-есеп.

Егер практикалық шығымы 80% болса, 200г глюкозадан қанша грамм сүт қышқылын алуға болады?

A) 160 г

B) 180 г

C) 170 г

D) 150 г

E) 140 г

Шешуі

С6 Н12О6→2СН3-СНОН-СООН

1)200г глюкоза------хг сүт қышқыл

180г глюкоза-----180г сүт қышқыл

х=200гх180г/180г=200г сүт қышқыл

2)200гсүт қышқыл----100%

хг сүт қышқыл------80%

х=200гх80%/100%=160г сүт қышқыл

Жауабы:A

91-есеп.

Егер тұздың шығымы теориялық ммкіндікке қарағанда 80% болса (тұздың салыстырмалы молекулалық массасы 430-ға тең), құрамында 10% қоспасы бар массасы 200г техникалық глюкозадан қанша кальций глюканаты алынуы мүмкін?

(2 моль глюкозадан 1 моль тұз түзіледі).


A) 172 г

B) 180 г

C) 191, 2 г

D) 210 г

E) 160 г

Шешуі

1)m қоспа=200гх0,1=20г

2)m тех. глюк. =200г-20г=180г

3)180г глюкоза-----хг тұз

360г глюкоза------430г тұз

х=180гх430г/360г=215г тұз

4)215г тұз----100%

хг тұз------80%

х=215гх80%/100%=172г түз

Жауабы:A

92-есеп

Құрамында 20% крахмалы бар 1т картоптан ашу арқылы 100л спирт (p=0,8г/см3) алынғаны белгілі болса, этил спиртінің шығымын анықтаңыз.

A) 45, 4%

B) 67, 5%

C) 65, 8%

D) 72%

E) 70, 4%

Шешуі

6Н10О5)n+ n H2О →nС6Н12О6

С 6Н12О6→2 C2H5OH+2СО2

1)m крахмал=1000кгх0,2=200кг

2)m спирт=Vp=100лх0,8г/см3=80г

3)200кгкрахмал-----80г спирт

162г крахмал----хг спирт

х=162г х 80г/200г=64,8г спирт

4)92г спирт----100%

64,8г спирт-----х%

х=64,8гх100%/92г=70,4% спирт

Жауабы:E

93-есеп.

10г целлюлозаны қыщқылдық гидролиздеу нәтижесінде 5,2г глюкоза алынды. Бұл теориялық мүмкіндікке қарағанда қанша %-ті құрайды?

А)44,6%

В)46,8%

С)38,4%

D) 37, 5%

Е)36,5%

Шешуі

6 Н10О5)n +nН2О →n С6Н12О6

1)10г целлюлоза-----хг глюкоза

162г целлюлоза----180г люкоза

х=10гх180г/162г=11,1г глюкоза

2)5,2г глюкоза-----х%

11,1г глюкоза-----100%

х=5,2гх100%/11,2г=46,8%

Жауабы:B

94-есеп.

Шығымы 60% болып, 54г сүт қышқылын алуға жұмсалатын глюкоза түзілуі үшін сахарозаның қандай массасы гидролизденген?

А)178г

В)165г

С)154г

D) 171г

Е)160г

Шешуі

12Н22О11)n +n Н2О→2n С6Н12О6

С6Н 12О6→2СН3-СНОН-СООН

1)54г сүт қышқыл------хг сахароза

180г сүт қышқыл----342г сахароза

х=54гх342г/180г=102,6г сахароза

2)102,6г сахароза-----60%

хг сахароза------100%

х =102,6гх100%/60%=171г сахароза

Жауабы:D

95-есеп.

Массасы 1кг целлюлозаны толық эфирлеу үшін массалық үлесі 80% сірке қышқылының (p=1,6г/см3) қандай көлем қажет?(есептеуді целлюлозаның 1 элементар буынына арнап жүргізіңіз.)

A)812 мл

B)835 мл

C)1796 мл

D)824 мл

E)868 мл

Шешуі

6Н7О2 (ОН)3}n+3n СН 3СООН → 3n{С6 Н7О2(ОСОСН3)3}+3n Н2О

1)1000г целлюлоза----хг қышқыл

162г целлюлоза----180г қышқыл

х=1000гх180г/162г=1111,1г қышқыл

2)1111,1г қышқыл-----80%

хг қышқыл--------100%

х=1111,1гх100%/80%=1388,8г қышқыл

3)V=m/p=1388,8г/1,6г/см3=868мл қышқыл

Жауабы:E

96-есеп.

Егер шығымдылығы 75% болса, 1620г крахмал гидролизденгенде түзілген глюкозаның спирттік ашуынан неше грамм этанол түзіледі?

A) 690 г

B) 720 г

C) 700 г

D) 650 г

E) 630 г


Шешуі

( С6Н10О5)n +n Н2О→n С6Н12О6

С6Н12О6→ 2С2Н5ОН+2СО2

1)1620г крахмал-----хг спирт

162г крахмал-----92г спирт

х=1620гх92г/162г=920г спирт

2)920г спирт-----100%

хг спирт-------75%

х=920гх75%/100%=690г спирт

Жауабы:A

97-есеп.

Анилиннің сұйытылған судағы ерітіндісіне бром артық мөлшерде қосылғанда 3,3г тұнба алынды. Ерітіндіде неше грамм анилин болғаны?

A) 1, 2 г

B) 1, 3 г

C) 1, 4 г

D) 0, 93 г

E) 0, 75 г

Шешуі

С6Н52 +3Вr2→С6Н2Вr32 +3НВr

3,3г тұнба-----хг анилин

330г тұнба-----93г анилин

х=3,3гх93г/330г=0,93г анилин

Жауабы:D

98-есеп.

Көлемі 8л метиламинді жағуға қандай көлем(қ.ж.) ауа жұмсалады, егер оттектің ауадан көлемдік үлесі 0,2 болса?

A)18 л

B)90 л

C)45 л

D)8 л

E)56 л

Шешуі

4СН 32+9 О2→4СО 2+10 Н2О+2N2

1)8л метиламин------хл оттек

89,6л метиламин----201,6л оттек

х=8лх201,6л/89,6л=18л оттек

2)18л оттек-----20%

хл оттек-------100%

х=18лх100%/20%=90л ауа

Жауабы:B

99-есеп.

Лабораторияда 61,5г нитробензолдан 44г анилин алынды. Бұл есептеуге сәйкес келетін мөлшердің неше процентін құрайды?

А)95,5%

B)94,6%

C) 94,8%

D) 96%

E) 90,5%

Шешуі

С6Н52+3Н2→С6Н52+2Н2О

1)61,4г нитробензол----44г анилин

123г нитробензол-- --хг анилин

х=44гх123г/61,5г=88г анилин

2)93г анилин-----100%

88г анилин----х%

х=88гх100%/93г=94,6%

Жауабы:B

100-есеп.

Егер екінші стадияның шығымы-100% , ал біріншісінікі -50% болса, 66г үшброманилин алу үшін неше грамм нитробензол қажет?

A) 43,2 г

B) 42,5 г

C) 40,5 г

D) 49,2 г

E) 48,5 г

Шешуі

С6Н52+3Н2→С6Н52+2Н2О

С6Н52+3Вr2→С6Н2Вr32+3НВr

1)66г үшброманилин----хг нитробензол

330г үшброманилин---123г нитробензол

х=66гх123г/330г=24,6г нитробензол

2)24,6г нитробензол---50%

хг нитробензол-----100%

х=24,6гх100%/50%=49,2г нитробензол

Жауабы:D

101-есеп.

15,6г бензолды нитрлегенде шығымы 90% нитробензол алынды.Оны әрі қарай тотықсыздандырғанда шығымы 75% амин алынды. Егер тығыздығы 1,02г/см3 болса,алынған аминнің көлемі қандай?

A)12,3 мл

B)11,5 мл

C)10,5 мл

D)11,0 мл

E)12,8 мл

Шешуі

С6Н6+НNО3→С6Н522О

1)15,6г бензол ----хг нитробензол

78г бензол----123г нитробензол

х=15,6гх123г/78г=24,6г нитробензол

2)24,6г нитробензол----100%

хг нитробензол------90%


х=24,6гх90%/100%=22,14г

С 6Н 52+3Н2→С6Н52+2Н2О

3)22,14г нитробензол-----хг амин

123г нитробензол----93г амин

х=22,14гх93г/123г=16,74г амин

4)16,74г амин---100%

хг амин-----75%

х=16,74гх75%/100%=12,55г амин

5)V=m/p=12,55г/1,02г/см3=12,3мл

Жауабы:A


102-есеп.

Массасы 78 г бензолды нитрлегенде іс жүзінде 105 г нитробензол алынды. Теория бойынша алынуға тиісті массаға қарағанда іс жүзінде алынған нитробензолдың шығымы қандай (%)?

A) 4, 27

B) 8, 54

C) 42, 7

D) 85, 4

E) 0, 427

Шешуі

С6Н6+НNО3→С6Н522О

1)78г бензол----хг нитробензол

78г бензол------105г нитробензол

х=78гх105г/78г=105г нитробензол

2)123г нитробензол----100%

105г нитробензол-----х%

х=105гх100%/123г=85,36г нитробензол

Жауабы:D

103-есеп.

200г нитробензолдан 130г анилин алынды. Практикалық шығымдылығы қандай?

A)44%

B)66%

C) 86%

D) 77%

E ) 57%

Шешуі

С6Н52+3Н2 →С6Н52+2Н2О

1)200г нитробензол---хг анилин

123г нитробензол-----93г анилин

х=200гх93г/123г=151,2г анилин

2)151,2г анилин---100%

130г анилин-----х%

х=130гх100%/151,2г= 85,9%=86%

Жауабы:C

104-есеп.

66 г үшброманилин алу үшін концентрациясы 30%,ал тығыздығы 1,02г/см3 болатын бром суының қандай көлемі қажет?

A)305,3 мл

B)313,7 мл

C)301,3 мл

D)397,3 мл

E)280,7 мл

Шешуі

С 6Н 52+3Вr2→ С6Н5Вr 32+3НВr

1)66г үшброманилин----хгбром

330г үшброманилин ----480г бром

х=66гх480г/330г=96г бром

2)96г бром---30%

хг бром----100%

х=96гх100%/30%=320г бром

3)V=m/p=320г/1,02г/см3=313,7мл бром

Жауабы:B

105-есеп.

186г анилинге хлорсутекпен әсер еткенде неше грамм тұз қышқылды анилин түзіледі?

A) 259 г

B) 230 г

C) 262 г

D) 250 г

E) 254

Шешуі

С6Н52+НСI →С6Н53СI

186г анилин----хг тұз

93г анилин-----129,5г тұз

х=186гх129,5г/93г=259г тұз

Жауабы:A

106-есеп

Өндірістік шығынды ескермей, 1000т анилин алу үшін қанша бензол қажет екенін есептеңіз?

A)900 т

B)838,7 т

C)870 т

D)850,7т

E)830 т

Шешуі

С 6Н 6+НNО3→С 6Н 522О

С 6Н52+3Н2→С6Н52+2Н 2О

1000т анилин---хг бензол

93г анилин----78г бензол

х=1000тх78г/93г=838,7т бензол

Жауабы:B

107-есеп.

Органикалық еріткіште анилиннің 10г ерітіндісі бар. Ерітіндіге бромның артық мөлшерін қосты, сонда массасы 6,6г тұнба түзілді. Бастапқы ерітіндідегі анилиннің массалық үлесін анықтаңыз.

A)18,6%

B)20%

C)18%

D)21%

E) 22,6%

Шешуі

С6Н52+3Вr2 →С 6Н2Вr32+3НВr

1)10г анилин----6,6г тұнба

х г анилин----330г тұнба

х=10гх330г/6,6г=500г анилин

2)500г анилин-----100%