Файл: Бекітемін 27 Диан орта мектебі мкм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




«Бекітемін»

27 Диқан орта мектебі МКМ

____________________М. Молдакулова

«____» _______________2022жыл


«Келісемін»

Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары

________________М.Усирбаев

«____» ____________2022жыл


Химия пәнінен қорытынды аттестаттау мен тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу жоспары

Химия пәні мұғалімі: Мұсақұл И.

2022-2023 оқу жылы

ТҮСІНІК ХАТ

Бұл бағдарлама 11 - сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және химия пәні бойынша білім, біліктіліктерін есекере отырып химия пәнін қосымша оқытуға арналған. Бағдарлама негізінде химиялық элементтердің тіршіліктегі орны туралы айтылмақшы. Бұл сағат саны органикалық химияның негізін құрайды, ал ұсынылып отырған бағдарламада химияны биологияға қолданудың маңызды нәтижелерін айқындап, тіршілік химиясы саласындағы көңіл аударарлық қандай болашағының бар екендігін көрсетеді.

Биологиялық актив молекулаларының біршама күрделі формулалары материалды баяндаудың алғашқы қадамдарына қиындық келтірмеу үшін курста жай қосылыстар мен микроэлементтер әрекетінің химизмін мұқият қарастырмай-ақ, олардың роліне шолу жасалды. Оқушылар органикалық қышқылдардың, көмірсулар, ақуыздар туралы мәліметтер алып олардың структуралық құрылымына шолу жасайды.

Қазіргі заманғы биохимия бірсыпыра шектес ғылымдарға, соның ішінде медицинаға, барған сайын ықпалын күшейте түсуде. Сондықтан, курс бағдарламасында дәрумендер әрекетінің механизміне, антителдер мәселесіне, химиотерапия міндеттеріне назар аударылды. Соңғы тарауларда фотосинтез процестері сипатталып, тіршіліктің Жерде пайда болу процестерінің химиялық жағы қазіргі кездегі көзқарас қарастырылды.

Курстың принциптері мен міндеттері

Курс негізіндегі принциптер:

-«Химия мен биологияның бір тұтастығы»

-оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
Бағдарламаның міндеттері:

-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, тіршілікке қажет элементтердің сырын білдіру, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;

-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;


-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдасын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Оқу процесін ұйымдастыру

Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:

  • Курсқа қызығушылықты арттыру;

  • Белсенді қатысу;

  • Еркіндік және диалогқа дайындық;

  • Өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

  • Зерттеушілік – ізденіс;

  • Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме, семинарлар, конференция, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барасы:

  • Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;

  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;

  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;

  • Дербес жауап;

  • Материалдық логика;

  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.

Күтілетін нәтижелер:

1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

2.Тіршілікке қажет элементтердің сырын біледі.

3. Химиялық, биологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.

4. Танымдық қабілеттері дамиды.

5. Экологиялық мазмұны бар есептерді шеше біледі.

11-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы

Барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағат

№ сабақ

Сабақ тақырыбы

Сағат саны




І тарау. Тіршілік химиясы

8

1

Химияның негізгі сатылары .Жаңа ғасырдағы химия

1

2

Атомдар және молекулалар

1

3

Реакциялар және тіршілік

1

4

Организмдер құрлысының биохимиялық тұрғыдағы бірлігі

1

5-6

Организмдердің элементтік құрамы

2

7-8

Микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлардың дамуындағы ролі

2




ІІ тарау.Тіршлік элементтері

13

9

Күкірт .Тіршілікке маңызы.

1

10

Фосфор. Тіршілікке маңызы

1

11

Азот. Тіршілікке маңызы

1

12

Темір. Тіршілікке маңызы

1

13

Мыс. Тіршілікке маңызы

1

14

Натрий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына натридің маңызы

1

15

Калий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына калий маңызы

1

16

Кальций. Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға кальций қажеттілігі.

1

17

Магний .Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға магнийдің қажеттілігі.

1

18

Кобальт. Тіршілікке маңызы

1

19

Хлор. Тіршілікке маңызы

1

20

Иод. Тіршілікке маңызы

1

21

Марганец. Тіршілікке маңызы

1




ІІІ тарау. Құрамында сутек, көміртек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар.

8

22-23

Химиялық байланыс

2

24

Биологиялық маңызды қосылыстардың көпшілігі неліктен үлкен молекулалы қосылыстар қатарына жатады

1

25-26

Құрамында сутек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар. Су-тіршілік заты

2

27

Көміртегі-қосылыстардың химиясы

1

28-29

Биологиялық маңызды қосылыстар. Майлар.Көмірсулар.

2




ІҮтарау. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт бес элементтерінен не алуға болады?

5

30

Амин қышқылдарының құрамы, мен құрылысы

1

31

Амин қышқылдарының қасиеттері

1

32

Тіршілік пайда болғанға дейінгі Жер химиясы«Биохимиялық машаналар детальдары» қалай пайда болды

1

33

Тіршілік химиясы. Конференция

1

34

Медицина және биохимия.Жоба қорғау

1



Қолданылған әдебиеттер:

1. Л.А. Николаев. Тіршілік химиясы. «Мектеп» баспасы-Алматы, 2005

2. Химия мектепте. Республикалық әдістемелік журналдар.2014-2015

3. Химик анықтамалығы. Республикалық әдістемелік журналдар.2014-2015

4. Ғаламтордан материалдар