Файл: Бекітемін Директорды трбие ісі жніндегі орынбасары А. Каримова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.02.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
__________ А.Каримова
«___» «________» 2023 жыл
«Ауған алабы жадымызда» тәрбие сағаты
Мақсаты:
Студенттерге Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
-
Ауған соғысы туралы мәліметтер айту. -
Студенттерге сұрақ-жауаптар. -
Соғыс пен бейбіт өмір пікірталас. -
Қорытынды.
Жүргізуші:
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
Алдымыздағы ақпанның 14-інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 34 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
Жүргізуші:
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. (бейнеролик).
2бөлім. Студенттерге сұрақтар:
-
Ауған соғысы қай жылы басталды? -
Ауған соғысына Қазақстандықтардан неше әскер қатысты? -
Ауған соғысынан мерт болғандар саны? -
Ауған соғысы неше жылға созылды? -
Ауған соғысы елімізде қай күні аталып өтіледі? -
Ауған соғысында қанша адам қаза болды? -
Біздің ауданнан Ауған соғысына қатысқан кімдерді білесіздер?
3-бөлім. Пікіріталас. Студенттер бейбіт өмірдің қадірін білу, соғыстың қасіреттері туралы өз ойларын айтады.
-
Бейбітшілік дегеніміз не? -
Бейбіт өмірдің ұрпақтары -
Соғыстың елімізге әкелер зардабы?
Қорытынды.
Жүргізуші:
1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 — ші ақпаны.
Топ кураторы: А.Бекенова