Файл: Жолды іздеген, табады. (Жас психологты ойлары).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жолды іздеген, табады.

(Жас психологтың ойлары)
Мектеп – өмір, мектеп - кеме жүзетін,

Өзіңменен болашаққа жететін.

Жылжы, өмір, жылжы, кеме, менімен,

Қарайлаймын болашаққа сеніммен,- өлең жолдарында жазылғандай қазіргі дамыған заманда, мектеп – озық ойлы, көзі ашық, жүрегі ояу жас тұлғаға сапалы білім, саналы тәрбие беретін орын.

Қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайының өсуі, шетелмен тығыз байланыс жасауы, адамдардың жетік түрде қарым-қатынасқа түсуі мектеп балаларын оқыту мен тәрбиелеу процесіне белгілі талаптарды қояды.

Осыған орай мектеп психологтарының оқу тәрбие процесінде алатын орны ерекше.

Мектеп психологтары әр мұғалімге, әр ата анаға, әр оқушыға қажетті деңгейде өз көмегін беру тиіс. Мұғалімдермен қатар мектеп психологы әр оқушының психологиялық тұрғыдан табиғи қабілетін аша біліп, әр баланы өз мүмкіндігіне сендіріп, сенімділік пен табандылық қасиеттерін бойына дарыта білу керек. «Сенің қолыңнан келеді!», «Жарайсын!», «Сен не деген ақылдысын!», «Қандай жақсысың!» деген ықыласқа толы сөздер баланың білімге, өмірге құштарлығын оятып, мүмкіндігіне әсер етіп, ішкі жан дүниесіне психологиялық ықпал етеді. ( Білімге деген мотивациясын өзгертеді.)

Бала тұлғасы- үлкендердің бастамалары мен істерінің негізгі түйіні, тұлға - өзі дамитын, дамуға қабілетті уникум.

Мектеп психологтарының басты міндеттерінің бірі - оқу процессіне адами факторды енгізуіне ықпал ету.

Білім саласындағы гуманизация Заңының негізі – «Ешкім ешкімнен қорықпайды, ешкім ешкімді қорқытпайды» .

Мектеп психологтары баланың психологиялық жас ерекшелігін зерттей , сабақтастық принциптерін ескере отырып, әр мұғалімге сабақ барысында сапалы психологиялық жағдай тудыруына ықпал ету керек. Себебі тек қана жанына жайлы жағдайда оқушы өз жеке тұлғалық потенциалын дамытып, еркін ойлап, еркін қабілетін ашып, қажетті деңгейде еңбек етіп, өзінің мағыналы, түбегейлі нәтижесіне қарап, керемет әсер алып, риза болады.

Осыған орай әр мектеп психологы атақты педагог - психолог И.Г.Шендрик, В.И.Хасанның ережелерін ескеруіміз жөн болады:

1. Қуанышты болғыңыз келсе, басқаларға қуаныш сыйлаңыз.

2. Махаббатқа ие болам десеңіз, басқаларға махаббат сыйлаңыз.

3. Сыйластық пен кісінің назарын қаласаңыз, өзіңіз басқаларды сыйлап, көңіл бөліңіз.

4. Сізді түсінсін десеңіз, басқаларды түсіне біліңіз.

Осы қағидаларды орындасақ, өміріміз мәнді, күндеріміз шуаққа толы сәнді болады деген сенімдеміз.


Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға орта мектебі

Жансеркеева Гүлнұр Серікқызы мектеп психологы

Өкінішке орай, қазіргі кездегі мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы оқыту орташа үлгерімдегі оқушыға, студент пен маманға бағдарланған. Мемлекет ақыл-ойы кем балалар мен оқушыларды зерттеу, анықтау мен жеке оқытуға көптеген қаржы жұмсауда. Бірақ жоғары шығармашылық потенциалы бар оқушылар, талантты және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты біртұтас зерттеу бағдарламасы жоқ.

Дарынды балаларды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының ғылыми мәні, шығармашылықтың табиғаты мен психологиялық механизмдерін ашуға, барлық оқушылар мен балаларды оқыту мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру үшін шығармашылық заңдылықтарын қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның шығармашылықты дамуының идеалды моделін құрайды.

Бүгінгі таңда педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді дарында балалармен жұмыс жасауға арнайы дайындамайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мұндай тұлғалар, сонымен қатар мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші- тарихқа және біреулер- қоғамдық жұмыстарға, лидер болуға өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте дамыта түседі.

Дарынды балалар- жалпы және арнайы дарындылығын байқатқан балалар. Баланың дарындылығы деп- бірдей өмір шартында, өз құрдастармен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болуымен түсіндіріледі.

Осы орайда дарындылықтың генезисіне арнайы тоқталу, оның табиғатын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.

Б.М. Тепловтың еңбектеріне сүйеніп, оның екі тұжырымын байқауға болады. Біріншісі- қабілетті адамның туа біткен ерекшеліктерінен шеттетумен қатар, ол «қабілеттің дамуы негізінде кейбір туа біткен ерекшелік-нышандар жатады» деген фактті мойындайды. Екінші тұжырымдамасы бойынша, «қабілет тек қозғалыс, даму кезінде ғана тіршілік етеді. Сондықтан сәйкес келмейтін іс-әрекет кезінде пайда болмауы мүмкін дамудың алғышарты,- деп көрсетеді Р.С. Рубинштейн.


Дарындылық басқа адамдармен салыстырғанда бірнеше іс әрекет түрлерінде үлкен жетістіктерге жететін, жүйелі дамушы іс-әрекеттің өмір бойындағы сапасы.

Дарынды бала дегеніміз- біренше іс-әрекетте үлкен жетістікке жететін айқын көрініс беретін бала.

Қазіргі таңда көптеген психологтар дарындылықтың деңгейін сапалы өзгешелігін даму сипатын, тұқымқуалаушылыққа, әлеуметтік ортамен байланыстырады.

Демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы – ол адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі бәрімізге белгілі. Тәуелсіз мемлкеттің басты мәселелерінің бірі – ол жасөспірімнің құқықтарын қамтамасыз ету, өйткені мемлекеттің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Айта кететін жайт, бұл мәселе көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселелердің бірі, сондықтан халықаралық сипатқа ие. Бүгінгі күні бала құқығын қорғауға арналған халықаралық – құқықтық институты құрылып, қызмет етуде.

Бала құқығын халықаралық қорғау дегенімізқарқынды дамитын тұлға қалыптастыру мақсатында бала құқығын қалыптастыру мен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдардың өзара үйлесімді әрекеттерінің жүйесі, ұлттық заң жүйесінде нығайтуға көмектесу, сондай-ақ нашар дамитын мемлекеттер балаларына халықаралық көмек көрсету.

Ойласақ, адамзат әлі де 1989 ж. не болғанын түсінбеген сияқты, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында «балаларға еркіндіктің ұлы хартиясымен, бала құқығының әлемдік конституциясын» бірдауыстан қабылдаған еді, сонда публицистер БҰҰ-ның бала құқығы жайлы Конвенциясы деп атай бастады.1994 жылдың 8 маусымында еліміз БҰҰ бала құқықтары жөніндегі конвенциясына қол қойды. Оның ережелері мен, қағидалары ересектер әлемі мен балалар әлемі арасындағы қарым-қатынасты реттейтін халақаралық құқық нормалары күшіне ие әрі балалалық шаққа қатысты қатынастың жаңа этикасын анықтайды.

Адамзат бұл құжатты қабылдауға біртіндеп келе жатты: 1924 ж. Ұлттар Лига шеңберінде бала құқығының Женевалық деклорациясы қабылданды, 1948 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқығының жалпыға ортақ деклорациясын, ал 1959 ж. бала құқығы деклорациясын қабылдады. Заңды құжат негізінде бала құқығы жайлап БҰҰ Конвенциясы Деклорацияның негізін дамытады, яғни оны қабылдаған мемлекетке бала жағдайы жайлы жауапкершілікті жүктейді, мықты заңды кепілдемелер мен нормаларды ұсынады.


Конвенцияның басты мақсаты - бала құқығын максималды қорғау. Оның баптары бала құқығын қамтамасыз етуге тиісті негізгі төрт талапқа сүйенеді: өмір сүру, даму, қорғау және қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету.

Конвенция – бұл жоғары әлеуметтік-қоғамдық мағынасы бар құжат. Ол баланы адамзат бөлігі ретінде қабылдауға, жалпыадамзаттық құндылықтар мен тұлғаның қарқынды дамуына, оны қандай да болмасын белгілеріне қарап кекетпеуге негізделген. Конвенция бала мүддесінің мемлекет мүддесінен жоғары екенін атап қана қоймай, мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік қорғаусыз қалған топтарға: жесірге, мүгедектерге, қашқындарға, заң бұзушыларға қорғаныс көрсету қажеттілігін бөліп көрсетеді.

Концепция – жоғары халықаралық стандартқа ие құқықтық құжат. Ол баланы дербес құқық иесі ретінде көрсетеді, мемлекеттің бұл құқықтарды орындаудағы жоғары талаптарын жариялайды, әрбір мемлекет өз ұлттық заңдылығын бұл халықаралық актіге сай қылуын талап етеді. Әртүрлі тұрғыдан бала құқықтарын белгілей отырып, ол мемлекеттің де құқықтық жауапкершілік нормаларын бекітеді, арнайы бақылау механизмін енгізеді, ол бала құқығы жайлы БҰҰ-ның комитеті және оған жоғары құзырлар береді.

Конвенция – жоғары педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаларға ата-анасы жағынан, мұғалімдері жағынан көрсетілетін авторитаризм – бұл ұлттық көрініс.

Конвенция үлкендер мен балаларды басқа құқықтық, педагогикалық негізде қарым-қатынас қалыптастыруға шақырады. Бала ойына, көзқарасына, тұлғасына қадірлей қарау жалпыадамзаттық мәдениет нормасы ғана емес, құқық нормасына да айналу керек.

Бала құқығы жайлы Конвенция әлемнің бар мемлекеттерінде қолданыс тапқан даму құқығы жайлы әлемдегі бірінші келісім болды. Қазақстан Республикасында 1994 ж. қабылданған бұл Конвенция бала құқығы мен мүдделерін қорғау мәселелерінде негізгі құжатқа айналды, сондай-ақ ҚР Конституциясы (1995 ж. 30 тамыз), «Жанұя мен неке жайлы» ҚР Заңы (17.12.1998) «Мемлекеттік әлеуметтік көмек жайлы» ҚР Заңы (17 шілде, 2001 ж.), «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық қолдау көрсету жайлы» ҚР Заңы (11 шілде, 2002 ж.), «Бала құқығы жайлы» ҚР Заңы (8 тамыз, 2002 ж.) және т.б. құжаттарды қорғауға көмектесті.

2000 ж. кезінде мыңжылдық Самметінде Президент Н.Назарбаев Конвенцияға қосымша протоколдарға қол қойды. «Баланы сату, балалық желөзектілік, балалық порнографияға қатысты бала құқығы жайлы», «Балаларды қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты бала құқығы жайлы». Бүгінгі күн протоколдар ҚР-да қабылданды.


Отандық тәжірибеде тұңғыш рет бала тек әлеуметтік қорғанысты талап ететін объект ретінде ғана емес, сондай-ақ бүкіл адам құқықтарын талап ететін құқық субъектісі ретінде қарастырылады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың даму және әлеуметтену мәселелерін шешу мақсатында Қазақстанда ювеналды заңдылық жүйесін құру қаралуда. Алайда маңызды даму әлі бола қойған жоқ.

Құқықтық қорғау мәселесін шешудегі негізгі бағыт – бұл жастар істерін шешетін арнайы әлеуметтік қызметтер құру, олар жастар құқығын қорғауға арналған тәуелсіз қызмет болуы керек. Жағымды жағдай, бала мен жасөспірімнің құқықтық және әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ете алатын мемлкеттік қызметкерлер ғана емес, сол жасөспірім ұйымдарының өзі де жастар институттарының дамуына қызмет етуде. Қазақстанда ювеналды қызметтің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер «ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы негізгі келісімнің ратификациясы жайлы» Заңның қабылдануына бала мен жастардың еркіндігі мен мүдделерін, құқықтарына байланысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік жауапкершілігін арттыруды, балалар өмір сүріп, тәрбиеленетін орындарда қатал шараларды қысқартады, сонымен өз әрекетін басқа мәселелерге ауыстырады: жастардың демалуы, қызмет етуіне арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту және қаржыландыру.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесі екі жыл сайын ұлғайту жағына қарай қайта қарастырылатын болады. Осыған орай, аталмыш тізбе өткен жылғымен салыстырғанда ұрпақты болу жасындағы әйелдерді және 18 жасқа дейінгі балаларды кейін динамикалы түрде қадағалап отыруды әрі сауықтыруды көздейтін жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулерді өткізіп тұру жөніндегі шараларды қолға алу есебінен ұлғайтылды. 2008 жылдан бастап республиканың басқа санаттағы тұрғындарын да профилактикалық медициналық тексерулерден өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасында дарынды балалармен атқарылатын жұмыстар жүйесі 1996 жылы елбасымыздың нұсқауымен «дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту» үшін мемлекеттік көмек заңы бекітілген. Осы жылы дарынды балалар мен жастарды тәрбиелеу және білім беру жүйесінің ғылыми методикалық бағдарлама жасалынды.

Дарынды балалармен жұмыс жүйесі дегеніміз