Файл: Жолды іздеген, табады. (Жас психологты ойлары).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- мектеп пен мектептен тыс бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты басқару органдары сияқты білім беру және тәрбиелеу шараларының жиынтығы. Педагогикалық процестің біртұтастылық теориясы бойынша дарынды балаларға көмек көрсетуге бағытталған ұстаздар, ата-аналар іс-әрекеті дарынды балалар мен жастарды оқытатын негізгі қабілеттеріне және ерекшеліктеріне сүйену маңызды.

Балалар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясында балалар қоғамның айрықша бөлігі ретінде танылған болатын. Олар қосымша қорғау шараларына мұқтаж және қатысушы мемлекет балалардың өзін толғандырған мәселеге қатысты пікірін еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

Бүгінгі таңда бұл құқық Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы « Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Неке мен отбасы туралы» және өзге де заңдарында көрініс тапқан. Адамның бостандығы мен негізгі құқықтары аясында әркім өз ойын еркін айтуға құқылы.

Дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау мәселесінің өзектілігі бірнеше факторлармен анықталады. Ең алдымен, жасөспірімдер психолгиялық және әлеуметтік дамудың жастық ерекшеліктеріне орай, әрқашан әлеуметтік ортаның қолдауын талап етеді. Бұған деген қажеттілік қоғам дамуының кезеңдерінде едәуір өседі.

Қарым-қатынастың көмегімен, оған қатысушылар тәжірибелерін бір жерге шоғырландыратын, ұжымдық түсініктер, әрқайсысы пайдаланатын ақпараттардың жалпы қоры құрылады. Сонымен қатар, әрекетті үйлестірудің амалдары мен тәсілдері қалыптасады. Осыған орай шықармашылықты мәселені шешу мүмкіндіктері артады.

Сонымен, оқытушы мен дарынды оқушылардың арасындағы қарым-қатынас барысында туындап, бірлескен іс-әрекеттің жүйе құрушы қызметін атқаратын мағына құрылу процесі бірлескен іс-әрекетте дамиды.

Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де, осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасы жоқ. Дарындылықтың пайда болуы туралы көзқарастар да әр түрлі. Бүгінгі күні дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген және дағдарысы мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар.

ХХІ ғасырдағы білім беру дарынды балаларды айқындау мен диагностика ұйымдастырудың жаңа жолдарын талап етеді. Баланың дарындылығын айқындау, дамыту мәселесі нақты көрінетін, баланы қарқынды физиологиялық, интеллектуалдық шағына сәйкес келетіндігін, әрі этникалық аспектіге негізделеді.


Әдебиеттер:

  1. Чудновский В.Э. Одаренность: дар или...М., 1990. с.15

  2. Психология одаренности детей и подростков/ Под редак. Н.С.Лейтеса. М., 1996. с.4.

  3. Матюшкин А.М. Загадки одаренности. М., 1993