Файл: Бизнес жоспар жобаны бастаушы Алматы 2019ж пиялылы туралы меморандум.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БИЗНЕС ЖОСПАР



Жобаны бастаушы:


Алматы 2019ж


1. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Осы бизнес жобада көрсетілген барлық ақпарат - қатаң құпия болып табылады. Мазмұны туралы хабардар, әзірлеуші келісімімен ғана мүмкін. Бизнес жоспар және оның жеке бөліктерін (атап айтқанда, төлемдерді және қаржылық деректерді алынған), көшіруге, өзгерістер жасауға, және ондағы ақпаратты үшінші тараптарға жіберуге - тыйым салынады.


ГРАНТ АЛУШЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Аты-жөні




Азаматтығы




Жеке кәсіпкер




Адресі




Жеке куәлігінің номері №




Туған жері және күні




ИИН




Отбасы жағдайы

Жалғыз басты ана

Білімі

Жоғары білімді

Мамандығы

«Заңгер»

Мүгедектігінің болуы

Дені сау

Байланыс телефондары (туыстарының, көршісінің)




Несие мақсаты:

Кондитерлік өнімдер

Валюта:

Тенге

Жобаның жалпы құны:

505 000








2. ЖОБА КОНЦЕПЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Алматы қаласында

кондитерлік цехін2019 жылы ашу көзделіп отыр.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы «Бастау» жобасы бойынша оқып, грант қаражатына өндірістік пісіру машинасын және басқада жабдықтар алу көзделген.

Жобаның тұжырымдамасы кондитерлік өнімдер жасалатын кәсіпорындарын құруды қарастырады. Кәсіпорын қаласы, Дархан шағын ауданда ашылайын деп тұр.


Кәсіпорын қызметінің мәні халықты сапалы кондитерлік өнімдермен және кәсіби қызмет көрсету болып табылады. Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы Алматы қаласының халқы болып табылады.

Келешекте өндірілетін өнім сұрыпталымына нан өнімінен дайындалатын бөлішкелер, бәліштер және т.б. қосылуы мүмкін. Әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысқысы келетіні анық.

Менің мақсатым – осы бағдарлама арқылы

  • Кондитерлік цех өндіретін негізгі өнім әр түрлі денсаулыққа зиянсыз тәттілер жасау;

  • Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бұл қала экономикасының дамуына пайдалы, өзіндік орны бар кәсіпті ашу;

  • мүмкіндіктерімді пайдаланып, сүйікті ісімді өз кәсібіме айналдырып, табыс табу;



  • Кесте: Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды

Шығыстар, мың теңге

2 019

Инвестицияға шығын

505 000

Негізгі капиталға инвестициялар

0

Барлығы

505000


Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда. Қаржыландыру «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы жүргізіледі.


  • Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:




  • халықты сапалы өнімдермен хамтамасыз ету;

  • Алматы қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.



3. Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар

Дегенмен, үлкен көлемдегі емес кондитерлік өнім шығару жоспарланғанымен, 4 пісіретін камерасы бар арнайы кондитерлік пешті пайдаланған жөн. Қажетті мөлшердегі (100 -ден 250° С дейінгі) температураны қоя отырып бір мезетте төрт түрлі өнімді әртүрлі температурада пісіре алатын мүмкіндігі және уақыт үнемдеу.



Құрал-жабдықтар

Атауы

Мәлімдемесі

саны, данасы

Суреті




Араластырғыш және блендер


Moulinex QA-519


- қуаты 1100 Вт;

- 3 саптама;

-6 жылдамдық, импульстік режим;

- араластырғыштың сыйымдылығы 4 л


1







Тоңазытқыш


LG GA-B379 SLUL Silver


- мұздатқышы бар тоңазытқыш;

- камер. саны - 2;

- А + класы (ж. 263 кВт / сағ);

-59,5х65,5х173,7 см;


1





Газ плитасы

Smeg ALFA 420 MFH



Конвекционды печь

4 листті

Кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған



1




300000

Электронды таразы




- ас үйдің электронды таразы;

- құрылыс: тостаған;

- 5 кг дейін жүктеме;

- өлшеу дәлдігі 1 г;


1



8 600 т

Пищевой принтер





-



1

70000т






Барлығы

















Кондитерлік өнімдерге деген сұраныс бірқалыпты емес, сұраныс көбінесе демалыс, мейрам күндері жоғарылайды.

Қамырды кесу үшін арнайы тот баспайтын материалдан дайындалған үстелдер және стеллаждар қажет.
Сонымен қатар, келесі құрал-саймандардың болуын да қадағалау қажет:

  • қаңылтыр таба (листілер, лотоктар);

  • өлшегіш стақандар, сүзгіштер;

  • торт пісіретін әртүрлі формалар;

  • кастрюльдер, тегештер, тәрелкелер;

  • қамырды өңдейтін керек-жарақтар(ағаш, металл оқтаулар);

  • ағаш күректер;

  • жартылай фабрикаттарды кесетін пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитерлік жиынтықтар (шприцтер, ауыстыратын бөліктері);

  • жуатын құрылғы,асхана сүлгілері, майлықтары.


4. ҚЫЗМЕТ СИПАТТАМАСЫ

Осы заманғы талап бойынша қоғамдық тамақтану қазіргі таңда біртіндеп индустрияланған түрге ауысып барады. Жақсы техникалық құралдармен жарақтандырылған заманауи кәсіпорындар салынуда; оларда дәуірлеу технологиялары пайдаланылуда, қызмет көрсетудің жаңа формалары қолданылуда.

Қазіргі кезде ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік өнімдер көптеген ауруларға алып келе жатыр(семіздік,қант диабеті, қан қысымының жоғарылынуы, жүрек аурулары). Мен қазіргі кезде еуропалық әдіспен, денсаулыққа пайдалы жармаларды пайдалану арқылы кондитерлік тағамдар жасаймын.

Негізгі сұлы жармасы өнімдерінен жасалатын кондитерлік тағам құрамында көмірсуы, ұн, және де ақуыз бар. Крахмал адам ағзасында қантқа айналып, энергияның негізгі көзі, ал ақуыздар жасушамен теріні қалыпты тұрғызады, имунитетті күшейтеді, витамин және минералдарды қан тамырымыз арқылы әр-бір жасушаға жеткізеді. Қанттың орнына қант алмастырғыштар қосамыз. Көмірсу мөлшері аз. Жұмыртқа – көптеген тағамдарды дайындауда пайдаланылады, құрамында ақуыз, май және дәрумендер бар.

Кондитерлік тағамдарға жұмыртқаны, майды немесе құрамында пайдалы май бар тағамдар (сүт, қаймақ, қоюланған сүт) пайдаланудан құрамындағы дәрумендер мөлшері көтеріледі.

Соңғы уақытта тұрғындар дайын, денсаулыққа пайдалы, ешқандай зиянсыз жармалардың өнімдерінен жасалған кондитерлік тағамдарды алу сияқты беталыс басымырақ болып отыр.

Осындай қызмет түрі жетілген мемлекеттерде өте көп таралған.


Осыған сәйкес аталған жобада дайын өнімдерді жүзеге асыру түріндегі кондитерлік шағын цех ашу мүмкіншілігі қарастырылуда.
4.1. Өнім сипаттамасы

Аталған жобада денсаулыққа пайдалы жарма өнімдерінен жасалатын кондитерлік шағын наубайқана құру қарастырылған.

Денсаулыққа пайдалы жарма өнімдерінен жасалған кондитерлік тағам жоғары калориялылығымен, дәмімен және сыртқы түрінің келбеттілігімен ерекшеленеді. Жарма өнімдерінен жасалған кондитерлік тағамдар құндылығының жоғарылығы ол құрамында бірталай көмірсудың болуына байланысты.

• жоғары сапа

• дәстүрлі рецепт

• балғындық

• керемет дәм

• төмен баға

• пайдалы
4-кесте :Жоспарланған шағын кондитерлік цех сұрыпталымы көрсетілген

Атауы

Түрі

Торттар


Қатпарлы


Шоколад қосылған

«Жидекті тосынсый»

Жаңа піскен жидектер

Үгілмелі

Бидай, жүгері және сұлы жармасы

Айран

Сүзбе

Қатпарлы

Креммен

Тәтті тоқаш

Бисквитті

Клегей крем жағылған

Үгілмелі

Жүгері жармасы және жеміс қосылған

Қатпарлы

Сәбіз, кокос майы

Қайнатылған

Сүт және қант алмастырғыш қосылған креммен


Жоба бойынша ұсынылып отырған сұрыпталым түрін қамырдың әр түрін әртүрлі креммен және өңдейтін материалдар қосу , сонымен қатар өлшенентін десертті өнім, кекс, рулет өндіру арқылы ұлғайтуға болады.

Тәтті тоқаштың орташа салмағы 55 – 100 г. дейін болады. Торттар 500- ден 3 кг. дейін стандартты салмақпен шығарылады.

Өнімнің сақталу мерзімі +6,+8*C температуралық салқындау камерасында 72 сағат.

Шағын кондитерлік цехтың негізгі өндіретін өнімі бисквиттен, қатпарланған қамырмен араластырылып дайындалған әр түрлі кремдері (ақуызды,сүзбелі) бар торт және тәтті тоқаш,. Келешекте өндірілетін өнім сұрыпталымына нан өнімдерінен дайындалатын өнімдер (бөлішке, бәліш және т.б.) қосылуы мүмкін.


Шағын кондитерлік цехтың жоспарлауымен мақсатты топ болып оның орналасқан жері бойынша орталық аудандардың тұрғындары және де жақын орналасқан пунктер.
Кондитерлік цех мейрам күндері торттарға тапсырыс алу қызметін жүзеге асырады.

Осы аталған бизнес-жоспарда жоспарланғандай мекеменің айналымын жеке кәсіпкерлік қызмет түріндегі жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асыру ұсынылады.

Осы аталған бизнес-жоспар бұл басшылыққа алудың соңғы варианты болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны жүзеге асырудың әлеуетті мүмкіншілігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыру кезінде шығарылатын өнімнің сату бағдарламасы және өнімнің ассортименті де өзгеруі мүмкін.
4.2. SWOT-талдау

Күшті жақтар


кондитерлік тағамдар жасаймын.

Тапсырыстың уақытылы орындалуы.

Әлсіз жағы

Электр энергиясына тәуелділік;

Кәсіпті дамыту үшін өз қаражатының болмауы.

Мүмкіндіктер


Өндірістік заманауи жабдықтардың болуы;

Өнім бағасының қолжетімділігі;

Жоғары сапалы өнім шығарып, нарық үлесін ұлғайту.

Қауіптер


Ұқсас қызметтерді көрсететін үлкен кәсіпорынның ашылуы;

Үкіметтің қаржы саласындағы өзгерістері;

Салықтың көбеюі.



5.Техникалық жоспарлау
5.1 Өндірістегі технологиялық үдерісі

1-сурет: Кондитерлік өнімдердің дайындау технологиялық процесі көрестілген.


5.2 Конидтерлік өнімдер дайындау (қамыр)
5- кесте:Жобада көрсетілген қамыр түрлерінен конидтерлік өнімдер дайындау жоспарланған.



6- кесте: Әртүрлі қамыр түрлерін дайындау ерекшеліктері

Қамыр түрі

Дайындау ерекшеліктері

Бисквитті қамыр

Ашытқы және химиялық көтергіштерсіз дайындалады. Қамырға борқылдақ құрам беру үшін көтергіш болып табылатын көпіршіген жұмыртқа немесе жұмыртқаның ақуызын қосады. Бисквитті қамырдың құрамына 1: 1: 2 қатынаста сұлы жармасы, жұмыртқа салынады. Бисквиттік қамырға орташа есеппен 30 пайыздық желімді масса құрайтын жарма пайдаланады. Бисквит қамырын 180-200ºС температурада 40-50 минуттай пісіреді.

Қантты қамыр

Қантты қамырдың дайындалу принципі: Қант алмастырғыш ұнтағы қамырды ерекше сусымалы етеді. Жұмыртқа мен сұйықтық өнімдердің бірігуіне әсер етеді және өнімді дайындауда жұмысты жеңілдетеді. Қантты қамырды көтергішсіз дайындайды.Қантты қамырға көбіне пайдаланылатын өнім, бұл – ванильді қант, езілген лимон не апельсин қабығы, шоколад, какао, майдаланған жаңғақтар және дәм қабық. Қантты қамырды 220-240ºС температурада 15-30 мин. пісіреді.

Қатпарлы қамыр

Қатпарлы қамыр дайындағанда желімділігін жоғарылату үшін қамырды қайта-қайта илеу қажет. Қамыр илегенде тез ашымас үшін, қамырды салқындату маңызды.. Қатпарлы қамырды 250-260ºС температурада 15-25 мин. ішінде пісіреді.