Файл: Жетысай жоары медицина клледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • visus OD=5/25=0,2

  • visus ОS=5/10=0,5

Қалыпты көру өткірлігі 1,0. Егер көру өткірлігі 0,01 ден төмен болса, көзден қандай қашықтықта саусақ санайтыны анықталады: VIS= беттен 10 есе.

Егер затты көру қабілеті болмаса, жарықсезгіштікті көзге түсірілген жарықтың бағытын анықтайды. Егер науқас жарық көрмесе   VIS= 0. Бұл кестелерде 12 қатар оптотиптер орналасқан. Барлық белгілер 5 метрден 5 мин тең бұрыш астында көрінеді, ал айқындығы қаралығы және ашықтығы, ақшылдығы 1 мин тең бұрыш астында көрінеді. Балаларға арналған Орлова кестесінде әріптердің орнына суреттер келтірілген . Көру өткірлігі 5 метрден 1 қатарды оқыса VIS= 0,1, ал 10 шы қатарды оқыса  =1,0 тең. Кесте бойынша көру өткірлігі 0,1 мен 2,0 аралығында анықталады. Егер көру өткірлігі 0,1 ден төмен болса қандай қашықтықтан 1 қатарда көретіндігі анықталады. Ол үшін Снеллен формуласы көру өткірлігін анықтаудың объективті тәсілі де бар. Ол аппаратпен жүргізіледі. Қозғалыстағы объектіге қарағанда оптокинетикалық нистагмге негізделген.

  • Ең төменгі көру жітілігі — көздің жарықты қараңғылықтан айыра білу қабілеті. Бұл жағдайда зерттеуді қараңғы бөлмеде, көзді жарық шоқ сәулесімен жарықтату арқылы жүргізеді. Егер зерттелуші жарықты көрсе, оның көру жітілігі жарық сезуге тең (perception lucis). Бұл жағдайда көру жітілігін былайша белгілейді: visus = 1 / °°.

  • Жарық будасын көзге жан-жақты бағыттайды (жоғарыдан, төменнен, оңнан, солдан), осылайша тор қабықтың жеке бөліктеріндегі жарықты қабылдау қасиетін тексереді. Егер зерттелуші жарықтың бағытын дұрыс анықтаса, оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °° proectio lucis certa, немесе visus = 1 / °°l.c).

  • Егер де зерттелуші бір жақтан болса да дұрыс анықтамаса, оның көру жітілігі жарык сезуі дұрыс емес проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °о proectio lucis incerta, немесе visus = 1 / °° р.1. іпсегіа).

  • Науқас жарықты қараңғылықтан айыра алмаған жағдайда, оның көру жітілігі нөлге тең болып саналады (visus =0).

Көру жітілігі (өткірлігі) — бұл кәсіби жарамдылық пен мүгедектік тобын анықтау үшін маңызды көру функциясы. Көру жітілігін объективті анықтау үтттін кішкентай балаларда немесе сараптауды жүргізу кезінде, қимылдағы объектілерге караған кездегі көз алмасының нистагмоидты қимылын фиксациялауды қолданады.

Түсті сезу – түстерді ажырату қабілеті. Кеңінен тараған Ломоносов, Юнг, Гельмгольцтің 3 компонентті түсті көру теориясы. Табиғатта 3 түсті сезу компанент бар Олар түрлі ұзындықтағы толқындармен қоздырылады. Көп дәрежеде ұзын (қызыл ), орташа  (жасыл), қысқа (көк) толқындар. Барлық үш құрам біркелкі қыздырылса ақтүс сеземіз, ал қыздыру болмаса – қара түсті сеземіз. Түсті көруді  құтышалар қамтамасыз етеді. Әрбір құтыша ми қыртысында көру аймағында жеке өкілге ие. Түсті көру Рабкиннің полихроматикалық кестесімен анықталады кестеге үш түсті (қызыл, жасыл, көк) 3 қасиетімен ажыратуға принципті салынған. Олар реңі қоюлығы, ашықтығы (жарықтығы) Қалыпты адамның түсті қабылдауы бұзылмаса қалыпта үш хромаат.Түрлі патологиялық жағдайларда түсті көру бұзылады.


  • Протопия – қызыл түсті толық қабылдамау.

  • Дейтеранопия – жасыл түсті толық қабылдамау

  • Тританопия – көк түсті толық қабылдамау.

Түсті қабылдаудың әлсіреуі: протаномолия, дейтераномалия, тританомалия. Дихромазия – екі түсті ғана қабылдау, монохромазия – бір түсті ғана қабылдау. Іштен туа пайда болған өзгерістер жиі 2 жақты, жиі ерлерде көк және жасыл түстерге жүре пайда болған өзгерістер. Жүре пайда болған өзгерісетер тор қабық ауруларында, ОЖЖ ауруларында іштен туа пайда болған өзгерістерге қарағанда жүре пайда болғандар ауру барысында және емнің нәтижесінде өзгереді. Оған жататындар :

  • Эритропсия – айналаны қызыл түсте көру, катарактаны алғаннан кейін.

  • Цианопсия – айналаны көк түсте көру, себебі сол.

  • Ксантопсия айналаны сары түсте көру акрихин немесе никотин қышқылымен уланғанда.

  • Хлоропсия – айналаны көк түсте көру , хлормен уланғанда.                                                                  

  Түсті көрудің бұзылуын  нақтылы анықтау үшін аномалоскопия тәсілі қолданылады, ол арнайы аппаратта анықталады.

Бинокулярлы көру – екі көзбен көру. Екі көздің орталық шұнқырына түскен бейне ми қыртысының пара – пар бөлімдеріне беріледі де екі көздегі бейнелер қосылады, бір бейне болып көрінеді. Ол келесі жайларға байланысы

  1. Көз қимылдатқыш бұлшық еттердің қалыпты болуы және тепе – теңдігі

  2. Тор қабықта анық бейненің болуы

  3. Бейнелердің екі көзде пара –пар бөлімдеріне түсуі

  4. Өткізудің жолдарының қалыпты болуы

Бинокулярлы көру  өткірлігі 0,3 тен төмен болмаса дамиды. Бинокулярлы көрудің жоғары дәрежесі, терең кеңестікті , стероскопия , рельфті көру. Бинокулярлы көрудің бұзылу түрлері:

Монокулярлы – бір көзбен көру

Бір уақытта көру – екі көзбен кезек көру. Бұларға көздің ауытқуларында қылилыққа әкеледі. Бинокулярлы көруді анықтау тәсілдері 4 нүктелі тест , поляроидты диплоскоп Болжама тәсілдері де бар. Соколов сынағы немесе «алақанда тесік», карандаш пен бізбен.

Бинокулярлық көрудің бұзылуын неғұрлым ерте кездесе 3-4 жастан соғұрлым емнің нәтижесі де жоғары. Көру қызметтері адам өмірінде мамандық таңдауда, еңбек және әскери экспертиза да маңызды