Файл: Жетысай жоары медицина клледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетысай жоғары медицина көлледжі



























Реферат



Тақырыбы: Көру ағзасын анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері. көру ағзасын қызметі және басқа ағзалармен байланысы.





































Топ: 301-Емдеу ісі


Дайындаған: Абдураззаков М.

Тексерген: Жанзакова Р.

2022-2023 Оқу жылы

Жоспар:

Көз анатомиясы және физиологиясы

Көздің оптикалық жүйесі

Көз көрудің қызметі

Көздің фунционалды қабілеттерінің түрлері



Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы


Офтальмологияда  2 ұғым бар: көз ағзасы және көру анализаторы.

Көру анализаторы – күрделі нервті- рецепторлы жүйе, ол жарықты тітіркедіргішті қабылдауға және  оған анализ жасауға арналған: 4 бөлімнен түрады–шеткі немесе рецепторлы, жарық қабылдаушы тор қабықпен , олардың рецепторларымен келтірілген (таяқшалар мен құтышалармен).

  • өткізу жолдары: олар көру нервісі, хиазмамен, көру трактісімен ;

  • ми қыртысы асты орталықтары сыртқы тізелі дене мен Грациоле тұйінімен келтірілген.;

  • орталық бөлімі,

Көз ағзасы қорғаныс аппаратынан (қабақтар мен көз ұясы), қосалқы аппараттан (жас ағзалары, бұлшық еттер, қан тамырлыры, нервтер) және көз алмасынан тұрады. Көз алмасында  көру-нерв  аппараты (тор қабық пен көру нервісі) және диоптрилік аппаратты (көз ішілік сұйық, қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене) ажыратады.

Қабақтар 4 қабаттан тұрады: тері, бұлшық еттер, шеміршек, конъюнктива немесе дәнекер қабат. Қабақтардың терісінің анатомиялық ерекшеліктері тері асты май қабатының болмауы, сол себепті тері жеңіл жыйырылады және ісік тез тарайды. Бұлшық еттер-жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық ет (ол қөз қимылдатқыш нервпен нервтенеді) және шеңберлі бұлшық ет (бет нервісімен). Шеміршек қабаққа форма беретін жұқа байланыс тінді пластинкамен келтірілген. Шеміршекте Мейбомиев бездері орналасқан. Олардың секреті қабақтың және көздің бетін майлап, қозғалыс кезінде үйкелісті азайтады, қасаң қабыққа қатысты  трофикалық қызымет атқарады. Ішкі жағынан шеміршекке дәнекер қабаты немесе конъюктива тығыз жанасып жатыр. Конъюктиваның  3 бөлімін ажыратады (қабақ конъюнктивасы, өтпелі қатпарлардың-жоғарғы және төменгі күмбездердің, көз алмасының немесе склераның). Жоғарғы күмбездің конъюктивасына жас безінің өзектері ашылады. Қабақтардың қорғаныс қызыметі көз саңылауының тығыз жабылуымен, кірпік қағумен, конъюктиваның бөгде заттарға сезімталдығымен және жас шығарудың жеделдетілуімен, яғни механикалық бөгде заттың көзден алынуымен атқарылады. Күмбездердің аденоидты тіндеріндегі лимфоидты  элементтер барьерлі қызыметін атқарады.       


Қабақтардың қанмен қамтамасыз етілуі самай жағынан жас артериясының тарамдарымен, мұрын жағынан – торлы артериялармен (көз артериясының соңғы тарамдары, көзді қанмен қамтамасыз ететін негізгі артерия). Бұл тарамдар қабақтың бос шеттерімен бір біріне қарама қарсы келіп, анастомоз құрайды, яғни тері асты артериалды доға түзейді.

Көз ұясы немесе көз шарасы – көз алмасы орналасқан сүйекті қуыс. Формасы 4-қырлы пирамида, негізімен алды қарай қарайтын, ал төбесімен- артқа және ішке қарай. Оның ұзындығы 4-5 см. Көз ұясының  4 қабырғасы бар:

жоғарғы– алдыңғы ми шұңқырымен шекаралас,сол себептен патологиялық процесстер өзара көшуі мүмкін. Қабырға маңдай сүйегінің шаралық бөлімінен түрады. Оның тереңінде көз ұясының жоғарғы ішкі бұрышында маңдай ұңғылы орналасады (мұрынның қосалқы қуысы). Жоғарғы қабырғасының сырт бөлімінде жас безі орналасқан. Сыртқы қабырғасы ең берік қабырға. Бет сүйектің маңдай өсіндісімен, маңдай сүйегінің бет сүйегімен және сына тәрізді  сүйектің үлкен қанатымен құрастырылған; көз ұясын самай шұңқырынан бөліп тұрады. Төменгі қабырғасы жоғарғы жақ сүйегінен, бет сүйегінен, таңдай сүйегінің көз өскінімен құралған. Көз ұясының бұл қабырғасы оны гайморов  қойнауынан шектеп тұрады. Жоғарғы және сыртқы қабырғасының шекарасында, көз ұясында терең жоғарғы көз саңылауы орналасқан (сына тәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаты арасында). Ол арқылы көз ұясына бар көз қимылдатқыш нервтер (3, 4, 6 жұптар) , үшкіл нервтің  1 тарамы (сезімтал) енеді және жоғарғы көз венасы көз ұясынан шығады. Бұл аймақта сұйектер сынса, ол “ жоғарғы көз саңылауы синдромымен білінеді” –птоз, мидриаз, экзофтальм, анестизия, офтальмоплегия байқалады. Көз ұясының төменгі сырт бөлімінде сына тәрізді сүйек пен жоғарғы жақ сүйегі арасында төменгі көз саңылауы орналасқан. Ол арқылы көз ұясына қанат таңдай шұңқырынан инфраорбитальды нерв және бет сүегі нервісі (үшкіл нервтің  2 жұбы- жоғарғы жақ нервісі). Көз ұясынан бұл тесік арқылы төменгі көз венасы шығып, қанат таңдай шұңқырының венозды өріміне және беттің терең веналарына құйады. Көз ұясының тереңінде негізгі сүйекте дөңгелек тесік бар. Ол арқылы көз ұясы орта ми шұңқырын көз ұясымен және қанан таңдай шұңқырымен қатыстырады. Бұл тесік арқылы ортаңғы ми шұңқырынан көз ұясына жоғарғы жақ нервісі (2 тарамы 5 жұп бас ми нервісінің) енеді. Бұл жерде жаңа тарам-инфраорбитальды нервті береді. Ішкі қабырғасы өте жұқа және күрделі. Ол алдында жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсініне тығыз жанасқан жас сүйегімен, артқа қарай торлы сүйектің шаралық платинкасымен сына тәрізді сүйектің алдыңғы бөлігімен келтірілген. Ішкі қабырғасы көз ұясын мұрын қуысынан шектейді. Тұйық жарақаттарда оның бүтіндігі бұзылып, көз ұясында гематома, эмфизема дамиды. Жас сүйегінің бетінде жас қалтасының шұңқыры бар. Көз ұясында байланыс тіндерінен байламдар бар, олар көз алмасын көз ұясында бекім ұстайды.



Жас ағзалары жас шығаратын (жас безі) және жасты әкететің ағзалардан тұрады – жас нүктелері, жас өзектері, (жоғарғы және төменгі), жас қалтасы және жас мұрын өзегі. Жас мұрын өзегі мұрын қуысына ашылады. Бұлшық еттер көз алмасының қозғалысын камтамасыз етеді. Олар 6 (4 тура және 2 қиғаш). Төменгі  қиған бұлшық ет қана көз ұясының төменгі ішкі бұрышының сүйек қабығынан  басталып, көз алмасына төменгі сырт бөліміне бекінеді. Қалған бұлшық еттер көру тесігі айналасында сүйек қабығынан басталып, әрқайсы өз жағында алдыға қарай бағытталып, склераға бекінеді: тура бұлшық еттер көз алмасының склерасына, ал жоғарғы қиғаш бұлшық ет көз ұясының жоғарғы ішкі бұрынындағы шығыршыққа барып, ол арқылы өтіп, көз алмасына бағытталады. Келесіде ол склераға көз алмасының жоғарғы сырт бөлімінде бекінеді. Жиырылғанда тура  бұлшық еттер көз алмасын тиісті жаққа бұрады ( жоғары, төмен, ішке, сыртқа) және біраз ішке,ал қиғаш бұлшық еттер – сыртқа және төмен (жоғарғы) және жоғары төмен (төменгі қиғаш бұлшық ет). Олардың нервтенуі көз қимылдатқыш нервпен, тек сыртқы тура бұлшық ет  (әкетуші нервпен) жәнежоғарғы қиғаш бұлшық ет(шығыршықты нерв).

Қан тамырлары: негізгі қанмен қамтамасыз ететін артерия көз артериясы.Ол ішкі ұйқы артериясының тарамы  және көз ұясына көру тесігі арқылы енеді. Көз ұясында келесі тарамдарды береді- жас аретриясын, (жас безіне және қабақтарға), торлы, бұлшық етті (олар бұлшық еттер склераға бекінгеннен кейін қасаң қабыққа дейін жалғасады, бірақ енді олар алдыңғы кірпікті артериалар деп аталады (склера мен қасаң қабықты қоректендіретін); артқы кірпікті артериялар склераны артқы полюсінде тесіп өтіп көз ішіне енеді де қысқа және ұзын кірпікті артерияларға тарамданады. Қысқалар одан да ұсақ тарамдарға бөлінеді және өзара анастомоздар жасап, 3 деңгейде қан тамырларын құрайды-ірі қан тамырлар қабаты (склераға жанасады), ортаңғы және ұсақ (тор қабыққа жанасады). Қан тамырлары  өздік тамыр қабатын құрайды-хориоидеяны. Хориоидея склеранаң көп бөлігін ішкі жағынан көмкере орналасып, тор қабықты қоректендіреді. Артқы ұзын кірпікті артериялар алдыға қарай склераның ішкі бетімен  шатыраш қабықтың түбіне жетеді де ол жерде шатыраш қабықтың үлкен қан айналым шеңберін құрайды. Алдыңғы және артқы ұзын кірпікті артериялармен ұзын және қысқа кірпікті артериялар арасында анастомоздар бар. Көз артериясынан аталған артериялардан басқа тор қабықтың орталық артериясы тарамданады. Олкөздің артқы бөлімінде көру нервісінің қабаттарын тесіп өтіп, көз түбіне барады. Тор қабықта көру нервісінің дискісінде ТОА жоғарғы және төменгі, олардың әрқайсы самай және мұрын тарамдарына, келесіде одан да ұсақ тамырларға, яғни капиллярларға тарамданады. Көз артериясынан көру нервісіне 6-12 тарамдар тарамданады; оның ішінде ең ірісі ТОА мен бірге жұреді (шатыраш қабық пен кірпікті денеден), вортикозды (2жоғарғы веналар). Веналар әдетте артериялармен бірге өтеді: эписклеральды, алдыңғы кірпікті–хориоидеиядан, тор қабықтың орталық венасы- бәрі жоғарғы көз венасына құйады, ал ол үңгірлі қойнауға құйады және анастомозбен (бұрышты венамен, оған венозды қан қабақтардан келеді) алдыңғы бет веналарымен  қатысады.


Төменгі көз венасы 2 төменгі  веналардан құралады және қанат таңдай шұңқырында беттің терең венасына құйады, кейде жоғарғы көз венасына қосылады.

Көз веналарының ерекшелігі клапандардың болмауы, оның салдарынан инфекция, тромб  кеңінен  беттен миға баруға мүмкіндік алады.

Лимфа тамырлары шеміршектің алдыңғы және артқы бетінде  2 өзара қатысатын жұйемен келтірілген. Жоғарғы қабақтан лимфа құлақ алды лимфа қан тамырларына, ал төменгі қабақтан иек асты лимфа тамырларына барады.

Нервтер: көз ұясына жоғарғы көз саңылауы арқала енетін 2, 3, 4, 5, 6, 7 жұп бас ми нервтері, жоғарғы мойын өрімінен симпатикалық нервтер.

Көз алмасы  3 қабаттан тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі.      

Сыртқы қабаты қасаң қабық пен склерадан тұрады. Қасаң қабық көз алмасының  алдыңғы бөлімінде орналасады және барлық қабаттардың 1/6 бөлімін құрайды, ал склера 5/6 бөлімін құрайды. Сырқы қабатының қызыметі  қорғаныс, қасаң қабықтыкі (мөлдір болғандықтан және дөңес) оптикалық немесе жарық сындырушы. Қасаң қабық   5 қабаттан тұрады: эпителий, боумен қабаты, строма, десцемет қабаты және эндотелий. Эпителий регенерацияға қабілетті,        боуменов қабаты- жарақаттарға төзімді, ал десцемет қабаты-инфекцияға қабілетті. Қасаң қабықта қан тамырлары  жоқ, сезімтал талшықтарға бай. Қасаң қабықтың коректенуі лимб (қасаң қабық пен склера арасындағ) бойымен орналасқан шеткі тұйнекті тораптан және көздің ішкі сұйығынан (КІС) жүзеге асырылады. Қасаң қабықтың қабынуы кератит, ал  склераның қабынуы – склерит.    

Ортаңғы қабаты немесе тамыр жолы (увеа), оның қабынуы  увеит. Онда қан тамырлары мен пигмент көп. 3 бөлімнен тұрады: алдында – шатыраш қабық (ирис), одан кейін- кірпікті дене, келесі – хориоидея.

Осыған сай қабынуы-ирит ,циклит, хориоидит. Шатыраш қабық – қасаң қабық арқылы көрінеді, көзге түс береді, қызыметі – диафрагма, көзге түсетін жарықтың ағымын реттейді. Ол 2 бұлшық еттің қызыметі арқасында жүзеге асырылады-сфинктер мен дилятатор. Біріншісі көз қимылдатқыш нервпен, екіншісі симпатикалық нервпен нервтенеді. Қан мен қамтамасыз етілуі үлкен қан айналым шеңберімен жүзеге асырылады, сезімтал нервтерге де бай. Кірпікті дене склераның ішкі бетіне ені 8мм болып жанасып орналасады. Кірпікті денеде тегіс бөлімін (бұлшықты) және өскіндерді ажыратады; КІС шығарады. Нервтенуі–көз қимылдатқыш нервпен, симпатикалық нервпен, үшкіл нервтің  1 тарамымен. Қанмен қамтамасыз етілуі шатыраш қабықтыкіндей. Кірпікті дененің өскіндерінен кірпікті дененің байламдары көз бұршығына бекінеді. Бұлшық ет жиырылса, байламдаор босайды, көз бұршағы дөңестігін ұлғайтады. Кірпікті дененің бұлшық еті жазылса, көз бұршағы тегістеледі, яғни осылай аккомадация жүзеге асырылады. Жоғарыдағыларды қортындылайтын болсақ, кірпікті дененің атқаратын қызыметі: аккомадацияға қатысу, көздің тонусын сақтау, көздің ішкі сүйығын қамтамасыз ету, көздің тамырсыз құрылымдарын (қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене) коректендіру.


Хориоидеяда сезімтал иннервация жоқ, сондықтан ондағы патологиялық процесстер ауырсынусыз өтеді.

Тамыр жолының қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшелігі  2 жұйенің болуы -шатыраш қабық пен кірпікті денеде және хориоидеяда жеке қанмен қамтамасыз етілу-оларда жеке қабынудың болуын (алдыңғы увеит,немесе иридоциклит,немесе артқы  увеит немесе хориоидит). Кеңінен торапталған қан тамырлары және кеңінен тараған анастомоздар қанның ағу жылдамдығын төмендетеді, сол себептен басқа ошақтардан қанмен келген микробтар тамыр жолында түсіп қалуға мүмкіндік пайда болады. 

Ішкі қабаты немесе тор қабық (латинша – ретина). Оның қабынуы ретинит. Қызыметі – жарықты қабылдау және көруді қамтамасыз ету. Таяқшалар мен құтышалар жарыққа емес, хориоидеяға қарап орналасқан. Тор қабықта  10 қабатты ажыратады, ортасында(сары дақта)–5. Онда оптикалық және оптикалық емес бөлімдерін ажыратады. Оптикалық бөлімі хориоидеяны көз алмасы жағынан көмкере орналасады, көру клеткалары  бар. Оптикалық емес бөлімі шатыраш қабық пен кірпікті денені көмкере орналасады да қарашыққа пигментті көмкерме ретінде орналасады. Тор қабық склераға 2 жерде бекінеді – көру нервісінің дискісі маңында және тісті сызық бойымен (лимбтен 8 мм қашықтықта, яғни тура бұлшық еттердің склераға бекінетін жерінде). Тор қабықта жарықты тітіркену нерв импульсына айналады да оның бойымен  3 нейрондарға беріледі: 1-таяқшалар мен құтышалар, 2 нейрон –биополярлы клеткалар және  3 нейрон–ганглиозды немесеи мультиполярлы клеткалар. Олардың өскіндері барлық тор қабаттан жиналып бір жерге көру нервісін түзейді. Көру нервісі бас сүйегінің түбінде шығады.

Көз алмасы алдыңғы және артқы камереға бөлінеді. Маңыздысы алдыңғы камера – қасаң қабық пен шатыраш қабық арасында орналасқан және сұйыққа толы. Оның шет жағында көздің дренажды аймағы орналасқан (лимб бойымен) және ол арқылы сұйық көзден венозды жұйеге ағады. Дренажды жұйе трабекулалардан, шлеммов каналынаннемесе синустан және коллекторлардан тұрады.

Шатыран қабақтың артында көз бұршағы орналасады-екі жағы шығыңқы мөлдір линза, (артқы жағында басым), тығыз,жарық сындыру күші 18,0 Д. Онда алдыңғы және артқы капсуласын, ядросын,қыртысты бөлімдерін ажыратады. Атқаратын қызыметі: жарық өткізу, жарық сындыру және аккомадацияға қатысу. 

Шыны тәрізді дене– көз алмасының көп бөлігін алады, көлемі 4 мл, консистенциясы  – қоймалжың, 96% судан тұрады, регенерацияға қабілеті жоқ. Оның ортасында артқы полюсінен көз бұршағына қарай клокетов каналы  (шыны тәрізді дененің эмбриональды артериясының қалдығы) өтеді. Ол КНД маңайына , тісті сызықтың бойымен бекінеді. Шыны тәрізді дененің қызыметі – оптикалық, тор қабықты бекітуші.