Файл: Жетысай жоары медицина клледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қасаң қабық, көз бұршағы шыны тәрізді дене және көздің ішкі сүйығы көздің оптикалық жүйесін құрайды, жарықты сындыру күші орташа 60,0 Д, оның 40,0 Д қасаң қабыққа , 18,0 Д –көз бұршағына,1,8 Д –шыны тәрізді денеге және 0,2 Д –  КІС келеді.
Көздің оптикалық жүйесі

Тор қабаттың шет бөлімі жарықты қабылдап, нерв импульсына айналдырады да, өткізу жолдары  миға жеткізеді. ми қыртысында нерв импульстері  бейнеге айналады. И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ғылымына жүгінетін болсақ, көру қабілеті дегеніміз сыртқы ортаны сезім ағзаларын анық және айқын  қабылдау, ал сапасы мен заттың қасиеттері сезім ағзаларына байланыссыз  анатомия. Көз ұясының (көз ұясының анантомо-физиологиялық) ерекшеліктері. Орбита төрт қырлы пирамида тәрізді, жіңішкерген төбесі бас миына қарай , ал кеңейген негізі (түбі) алдыға қарай бағытталған. 4 қабырғасының ішінде сыртқы қабырғасы ең берік және қалың. Ол самай шұңқырымен шекаралас орналасқан. Оны құрайтын сүйектер: 1 –шықшыт, 2-маңдай сүйегі, 3- негізгі сүйектің негізгі қанаты. Осы сүйектерде түрлі патологиялық процесстер дамуы мүмкін. Мысалы: туберкулезді остеомиелиттің (ең жақсы көретін орны) – шықшыт сүйек, ал ісіктің негізгі сүйектің үлкен қанаты. Іс жүзінде офтальмологта өте жиі кездесетін жәй: көз ұясына жақын орналасқан аймақтардан түрлі патологиялық процесстердің өтуі: оның ішінде ең алдымен оған танаудың қосалқы қуыстары және тістер жатады. Жоғарғы қабырғасы: 1-маңдай сүйегінен, 2 –негізгі сүйектің кіші қанатынан тұрады. Оның клиникалық ерекшелігі олар арқылы маңдай қуысынан және алдыңғы ми шұңқырынан көз ұясына түрлі процесстер өтуі мүмкін. Ішкі қабырғасы: өте жұқа көптеген тесіктері бар. Ол: 1 торлы сүйектен, 2- жас сүйегінен, жоғарғы бет сүйегінің маңдай өскінінен құралады, ал 3-тереңдігінде негізгі сүйектің денесінен тұрады. Ішкі қабырғасы торлы қуыстан көз ұясын бөледі, сондықтанда ол қуыс жедел және созылмалы қабыну процессінің себебі болуы мүмкін. Олай болған жағдайда көз ұясы жағынан коллатералды қабыну ісігі байқалады (орбитаның целмолиті), флегмона орбитаның көз ұясы веналарының тромбофлебиті көру нервісінің токсикалық (улану) невриті немесе қабыну және т.б. процесстерді кері өнуі мүмкін.Төменгі қабырғасы: 1- жоғарғы жақ сүйегінен, 2-шықшыт сүйектен, 3-таңдай сүйегінің орбитальды өскінінен тұрады. Бұл да жұқа қабырға және гайморов танау қуысынан орбитаны бөледі. Клиникалық ерекшелігі ішкі қабырғаға сәйкес. Көз ұясына бірнеше клиникалық маңызы жағынан ерекше тесіктер бар: ең төбесінде көру тесігі (негізгі сүйектің денесі мен кіші қанатының арасында) орналасқан. Ол арқылы көз ұясына – көз артериясы енеді (ол кіші ұйқы артериясының тарамы), ал шығады көз венасы.Ішкі қабырғасында торлы және маңдай сүйектерінің арасында алдыңғы және артқы торлы тесіктер орналасқан. Осы теіктер арқылы танау қуысына аттас артериялар веналар жіне нервтер енеді. Жоғарғы және төменгі қабырғасы арасында жоғарғы көз саңылауы орналасқан. Көз ұясының құрлысының ерекшелігін еске ала отырып, көңіл аударатын жәй бұл саңылау көз ұясын орта бас ми шұңқырымен қосады және ол арқылы көз ұясына барлық көз қозғалтқыш сезімталдық және симпатикалық нервтер енеді де жоғарғы көз венасы шығады. Сондықтанда осы саңылау маңызды зақымдану болғанда жоғарғы көз саңылауы синдромы дамиды птоз, мидриоз, экзофтальм, офтальмология көз маңындағы терінің жансыздануы анестезия байқалады. Орбитаның сыртқы және төменгі қабырғасының арасында төменгі көз саңылауы орналасқан (негізгі сүйектің үлкен қанатының төменгі шеті мен жоғарғы жақ сүйегінің денесінің арасында). Ол көз ұясын алдыңғы бөлігінде төменгі самай шұңқырымен қатыстырады. Бұл саңылау арқылы қана таңдай шұңқырының венозды сплетенесімен көз веналары арасындағы анастолиздер және беттің терең венасы өтеді. Төменгі самай шұңқырынан төменгі көз саңылдауы арқылы көз ұясына өтеді. Ол қанат-таңдай шұңқырында үштік нервтің 2 бұтағынан (тарамынан, жоғарғы бет нервісінен) бөлінеді. Көз ұясының түбінде шеңбер (дөңгелек) тесік орналасқан (негізгі сүйекте)және ол қанат таңдай шұңқырын орта бас ми шұңқырымен және бір жағынан көз ұясымен қатыстырады. Бұл тесік арқылы қанат-таңдай шұңқырына жоғарғы бет нервісі енеді. Мұның бәрі көз ұясының бетті, қанат-таңдай шұңқырын танаудың қосалқы қуыстарын  бас сүйек негізін бір тұтасқа біріктіреді. Көз ұясын көз алмасы оның байланыс аппараты май клеткасы бұлшық еттер мтамырлары мен нервтер толтырады. Тәжірибелік топографиялық алдыңғы және артқы хирургиялық кеңістікте көз алмасы, ал артқы хирургиялық кеңістікте тамырлар нервтер бұлшық еттер көз клетчаткасы орналасқан. Тенонды капсула екі кеңістік арасында шекара. Бұл капсула көру нервінің қатты ми қабатымен тұтасып (бітісіп) көз алмасын көмкере артқы бөлігінде орналасқан. Ол алдыға қарай экваторға 3 мм дейін (келе тығыздалып) қалыңдайды да одан кейін жіңішкеріп лимбке дейін жетеді. Бұлшық еттердің бір-біріне фасцияльді өскіндер орбитаның қабырғасының сүйек қабатына және көз ұясының қырына тарзоорбитальді фасцияға жетіп озо тенонді сумканы орбитада пери то құрлысындағы пери топографиясындағы орбитада жалпы және локальді себептердің салдарынан түрлі патологиялық процесстердің болатындығын көрсетеді. Орбитаның қабыну аурулары кезінде окулист өзінің алдына көздің көру қабілетін сақтауды ғана емес онымен бірге аурудың өмірін сақтау мақсатын қойды

Көздің көру қызметі


Көз көру қыметі – диаспарантты рецептор, ол бізге қоршаған орта туралы толық мәлімет береді (заттың түсі, пішіні және т.б.). Көру қызыметінің негізгі көздің жарықсезгіштігі тор қабықпен жарықты қабылдауда 2 бөлімді ажыратады – орталық бөлімі сары дақ онда құтышалар бар және шеткі бөлімі онда таяқшалар шоғырланған. Таяқшалар мен құтышалар өткізу жолдары мен көру орталықтары 2 және көру аппараттары (күндізгі және түнгі). Олардың арасында анатомиялық және функциональді байланыс бар. Оның дәлелдемесі күндізгі көрудің біртіндеп түнгіге өтуі. Көру анализаторлары 5 көру қызметін жүзеге асырады:

  1. жарықты сезу

  2.  шеткі, түнгі көру

  3. орталық немесе күндізгі көру

  4. түсті көру

  5. бинокулярлы көру

Көру бірнеше ретті үдерістерден тұрады.

  • Айналадағы заттардан жарық сәулесі көздің оптикалық жүйесінен торлы қабыққа түйіседі.

  • Көру пигменттерінің фотохимиялық реакцияға катысу нәтижесінде тор қабықтың фоторецепторлары жарықтық энергияны нерв импульсына ауыстырады. Таяқшалардың құрамындағы көру пигментін — родопсин, ал сауытшалардағы — йодопсин деп атайды. Жарықтың әсер етуінен родопсиннің молекула құрамына кіретін ретиналь (А дәрменінің альдегиді) фотоизомерацияға ұшырайды, соның салдарынан нерв импульсі туындайды. Қолданған сайын көру пигменті ресинтезделеді.

  • Тор қабықтан нерв импульсі көру анализаторының қыртысты бөліміне өткізгіш жолдар арқылы түседі. Бас миы, екі тор қабықта да бейненің синтезделу нәтижесінде көрінгеннен тамаша бейне туындатады.

Көз үшін физиологиялық тітіркендіргіш — жарықтық сәуле (электромагниттық толқын ұзындығы 380—760 нм). Көру қызметінің морфологиялық субстраты ретінде тор қабықтың фоторецепторлары қызмет етеді: тор қабықта таяқшалардың саны шамамен 120 миллион, ал сауытшалар шамамен 7 миллион құрайды.

Сауытшалар ең тығыз макулярлы аймақтағы орталық шұңқырда орналасқан, ал таяқшалар мұнда жоқ. Әрі қарай сауытшалардың тығыздығы біртіндеп төмендейді. Таяқшалардың тығыздығы ең көп фовеоланың айналасындағы сақинада орналасып, шеткеріге жақындаған сайын олардың саны азаяды. Сауытшалар мен таяқшалардың функциональды айырмашылығы мынадай.

  • Таяқшалардың әлсіз жарыққа сезімталдығы жоғары, бірақ түстілік сезімін жеткізетін қабілеті жоқ. Олар шеткері (перифериялық) көруге жауапты (таяқшалардың орналасуына негізделген), яғни шеткері көрумен және жарық сезумен сипатталады.

  • Сауытшалар жарықтың түсуі жақсы болғанда қызмет етеді және түсті ажыратуға қабілетті. Олар орталық көруді қамтамасыз етеді (аталуы тор қабықтың орталық аймағында орналасуымен байланысты), яғни көру өткірлігімен және түсті сезумен сипатталады.


Көздің функционалды қабілеттерінің түрлері

  • Күндізгі, немесе фотопиялық көру (грек тілінен аударғанда: photos — жарық және opsis — көру деген мағынаны білдіреді) жарық түсу қарқынды болғанда сауытшаларды қамтамасыз етеді; жоғарғы көру жітілігімен және түсті ажырату қабілеттілігімен сипатталады (орталық көрудің белгісі).

  • Ымырттық көру, немесе мезопиялық көру (греч. тesos — орташа, аралық) жарық түсу дәрежесі әлсіз болғанда және таяқшалардың тітіркенуі басымдау болғанда туындайды. Ол төмен көру жітілігімен және заттардың ахроматикалық қабылдануымен сипатталады.

  • Түнгі, немесе скотопиялық көру (грекше skotos — қараңғылық) таяқшалардың жарықтың деңгейлік және деңгейлік үсті шегімен туындайды. Бұл кезде адам тек жарықты және қараңғылықты ажыратуға қабілетті.

Ымырттық және түнгі көруді таяқшалар қамтамасыз етеді (шеткері көруді көрсетеді); ол кеңістікте бейімделуге қажет.

Орталық көру

Тор қабықтың орталық бөлігінде орналасқан сауытшалар орталық формалық көруді және түсті сезуді қамтамасыз етеді. Орталық формалық көру — көру жітілігінің арқасында қарап жатқан заттың пішінін және бөлшектерін ажырату қабілеті.

Жарықты сезу – көру ағзасының филогенезінің  қарапайым қызметі. Таяқшамен жарыққы өте сезімтал, төменгі жарық энергиясымен қызады (ымырта, қараңғыда). Түнгі көру мен ымырты көру адамдарда шеткі көрумен қамтамасыз етіледі, және ол кеңестікте қозғалуға мүмкіндік береді.

  Шеткі көру 4 негізгі тәсілдермен анықталады:

  • периметрия – көру аймағын зерттеу. Көру аймағы қозғалыссыз көзбен қабылдайтын кеңестік. Бұл тәсілмен көру аймағының шекарасы және оның ішіндегі ақаулар анықталады.

  • Кампиметрия – көру  аймағының орталық бөлімін зерттеу, ол соқыр дақтың мөлшерін, аталған тор қабықтың бөлімінде ақауларды анықтайды.

  • Бақылау тәсілі барлық мамандар мен қолданылады. Дәрігерлердің көру аймағымен болжама науқастың көру аймағымен салыстыру.

  • Адаптометрия – түнгі және ымыртты көруді бағалау үшін қараңғы және жарыққа сезімталдығын анықтау.

  • Шеткі көрудің өзгерістері: Көру аймағының таралуы концентерлі күйде тіпті түтін тәрізді таралады немесе шектелген таралу. Аталған өзгерістер тор қабықпен көру нервісінің органикалық өзгерістерінде кездеседі. (тор қабықтың қабыныуы, дистродиясы, невриттер, көру нервісінің семуі.)

  • Скотомалар – көру аймағының ошақтық таралуы. Тор қабық пен көру нервісінің органикалық өзгерістерінде (қабыну, дистродия) Скотоманың келесі түрлерін ажыратады; оң науқас өзі дақ ретінде көреді, теріс (зерттеу арасында анықталады) абсалютты (объект көру аймағынан толық жойылады) салыстырмалы (оъект түрінде, бірақ анық емес); орналасуы бойынша скрбома: орталық ортаға жақын, шеткі, секторлальды.


Физиологиялық сотома –соқыр дақ (абсалюті теріс скатома, КНД кеңестіктегі проекциясына сай) және ангиоскотомалар. Соқыр дақтың шекарасының ұлғаюы кейбір аурулардың глаукоманың, КНД сүйелденуінің гипертония ауруының және т.б. ерте белгісі.

Гемианопия – көру аймағының түсіп қалуы . Көру жолдарының хиазмалық және ретрохиазмалық бөлімінің зақымдануына кездесіуі. Оның келесі түрлерін ажыратады.

Гемонизімді – екі көзді көру аймағының самай немесе танау жағы түсіп қалады. Зақымдау ошағы хиазмада орналасады. (мысалы хиазма ісігі битемпоральды гелшанапция ) немесе хиазманың қилыспаған талшықтары зақымдалса  (мысалы  ішкі ұйқы артериясының аневризмасында немесе 2 жақты оның склерозында бинзальды гемианопсия). Яғни шеткі көруді зерттеу жалпы ауруларда топикалық диагноз қоюға лирмніндік береді.

Ымыртты көрудің патологиялық жағдайы – гелиропатия (тауық соқырлық ) немесе түнгі соқырлық . Ол функциональды (гиповитаминоз А) және симтоматикалық  фотарецептуралар көру нервісінің, тор қабықтың хорамалардың органикалық ауруларында болып бөлінеді. Күндізгі көру құтышалармен жағаны жарық қарқында (30 жылдан жоғары) қамтамасыз етіледі. Оны орталық көру деп те атайды. Құтышалар тор қабықтың орталық шұнқырында шоғырланған жоғары көру өткірлігімен сипатталады түстерді және заттардың формасын жақсы ажыратады объектілерді айқындауға мүмкіндік береді. Ол тор қабықта = 0,004 мм тең немесе 4 микрон , яғни бір құтышаның диаметрі. Екі құтыша қозу жағдайында болу үшін арасындағы 1 құтыша тыныштықта болады. Екі қатар орналасқан құтышалар қозса бейнелер және көрінбейді. Сондықтан орталық көру өткірлігімен өлшенеді көру өткірлігі бір – бірімен минималды қашықтықта орналасқан нүктелерді 1 минутқа тең бұрыш астында қабылдау қабілеті. Бұндай көру өткірлігі =1,0 тең және ол қалыпты. Одан төмен көру өткірлігі 1,0 дің ондық , жүздік, мыңдық бөлімі. Көру өткірлігін анықтау кестелері бар. Ересектерде Свирцев, балаларда Орлов кестесі қолданылады.

Көру өткірлігі (жітілігі)— көздің бір-бірінен өте жақын қашықтықта, сол сияқты жеке-жеке орналасқан екі нүктені қабылдау қасиеті.

Екі нүктенің ең аз қашықтықта жеке-жеке көруі, тор қабықтың анатомиялық физиологиялық қасиетіне байланысты. Егер екі нүктенің бейнесі екі көршілес сауытшаларға түссе, олар қысқа сызыққа тұтасады. Егер екі нүктенің бейнесі, тор қабықта (екі қозған сауытша), бір қоздырылмаған сауытшамен айрылса, екі нүкте бөлек қабылданады. Сонымен, сауытшаның диаметрі максималды көру жітілігінің шамасын анықтайды. Неғұрлым сауытшалардың диаметрі кіші болса, соғұрлым көру жітілігі жоғары болады


Көрінген заттың ең шеткі нүктелері мен көздің түйінді нүктесінен (бұршақтың артқы полюсінде орналасақан) пайда болған бұрышты көру бұрышы деп атайды. Көру бұрышы — көру жітілігін айқындауға әмбебап негіз. Көздің сезімталдық шегі қалыптыда көп адамдарда 1-ге тең (1 бұрыштық минут).

Көз, арасындағы бұрыш 1-ден кем емес екі нүктені бөлек-бөлек көрсе, көру жітілігі қалыпты болып саналады және оны бір бірлікке тең деп анықтайды. Кейбір адамдардың көру жітілігі екі бірлік және одан да жоғары бірлікке ие болады.

Жас келе көру жітілігі өзгереді. Затты көру 2—3 ай кезінде пайда болады. 4 айлық балада көру жітілігі шамамен 0,01 құрайды. Бір жасқа таман көру жітілігі 0,1—0,3-ке жетеді. 1,0-ге тең көру жітілігі 5-15 жаста қалыптасады.

Көру жітілігін анықтау үшін арнайы әр түрлі көлемді әріп, сан немесе белгілер (балалар үшін суреттер — көлік, шырша және т.б.) бар кестені қолданады. Бұл белгілерді оптотиптер деп атайды. Оптотиптердің құрылу негізіне, олардың бөлшектерінің көлемі халықаралық келісім бойынша жасалған, яғни барлық оптотип 5 м қашықтықтан 5′ бұрышқа т

Кішкентай балалардың көру жітілігін шамалап анықтайды, яғни, әр түрлі көлемді, жарық заттарға фиксациясын бағалайды. Үш жастан бастап көру жітілігін арнайы кесте арқылы бағалайды. Біздің елімізде Головин—Сивцев кестесі ең кең тараған, оны жарықты кестеге біркелкі түсіретін, қабырғасы айнадан жасалған жәшік — Рот аппаратына орнатылады. Кесте 12 қатардан тұрады.

Головин-Сивцев кестесі: а — үлкендерге; б — балаларға

  • Науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады. Әр көзге зерттеу бөлек- бөлек жүргізіледі. Екінші көзді қалқанмен жабады. Ең алдымен оң көзді (ОD — oculus dexter), кейіннен сол көзді (03 —oculus sinsiter) зерттейді. Екі көздің көру жітілігі бірдей болған жағдайда, ОЕІ (oculi utriusque) деген белгіні қолданады.

Кестенің белгілерін 2—3 с аралығында көрсету керек. Ең алдымен оныншы қатардағы белгіні көрсетеді. Егер науқас оны көрмесе, әрі қарай зерттеуді бірінші қатардан бастап, біртіндеп келесі қатардағы белгілерді де көрсете отырып жүргізеді (2-ші, 3-ші және т.б.). Зерттелуші ажыратқан ең кіші көлемді оптотиптермен көру жітілігі сипатталады.

Көру жітілігін есептеу үшін Снеллен формуласын қолданады: visus = d / D, яғни, d — науқастың кестедегі ең анық қатарды оқыған қашықтық, ал D — көру жітілігі 1,0 тең, берілген қатарды оқитын қашықтық (бұл қашықтық әр қатардың сол жағында көрсетілген).

Мысалы, егер зерттелуші оң көзбен 5 м қашықтықта екінші қатардағы белгілерді ажыратса (13=25 м), ал сол көзбен бесінші қатардағы белгілерді ажырата алса (0=10 м), онда