Файл: Олимпиада тапсырмалары 8 сынып, теориялы сайыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Олимпиада тапсырмалары

8 сынып, теориялық сайыс

  1. Эскалатор метросы, онымен төмен түсіп келе жатқан адамды 1 мин. уақыт ішінде түсіреді. Егер адам екі есе тез жүретін болса, онда ол 45 с. ішінде түседі. Эскалаторда тұрған адам қанша уақытта түседі? (5 ұпай)

  2. Қимасы 6 см2 су ағыны қабырға нормалына 60° бұрыш жасай соқтығысып, одан серпімді түрде серпіледі (жылдамдық шығынынсыз). Су ағынының жылдамдығы 12 м/с болатын болса, қабырғаға әсер ететін күшті анықтаңыз. (5 ұпай)

  3. Температурасы 15°С, массасы 250 г суы бар калориметрге 20 г дымқыл қар тасталады. Сол кезде калориметрдегі температура 5°С төмендейді. Қардағы судың қандай мөлшері болған? Калориметрдің жылу сыйымдылығын ескермеңіз. (5 ұпай)

4. Тұрақты тоқ тізбегіндегі резисторлардың кедергісі R1, R2 , R3 және R4 , ал бірінші кедергіде бөлінетін қуат Р1 (1-сурет ). Қалған әрбір резисторда бөлінетін қуат қандай? (5 ұпай).




R2


R1 R3
R4



  1. сурет


9 сынып, теориялық сайыс

1. Трактордың артқы екі дөңгелегінің ара қашықтығы 2 м. Осы ара қашықтықтың ортасындағы нүкте трактор бұрылған кезде радиусы 9.0 м болатын доғамен қозғалды. Бұл кезде ішкі дөңгелек 8,4 айналым жасаған болса, сыртқы дөңгелек қанша айналым жасайды? Дөңгелектер жолмен сырғанамайды деп есептеу керек. (5 ұпай)

  1. Түзу сызықты бірқалыпты U1 жылдамдықпен жүгіріп бара жатқан түлкіні, абсолют шамасы тұрақты және бағыты барлық уақытта түлкіге бағытталған U2 жылдамдықпен қозғалатын ит қуады (2-сурет). Жылдамдықтардың U1және U2 векторлары өзара перпендикуляр бағытталған мезетте, түлкі мен иттің арақашықтығы L болады. Осы мезетте иттің үдеуі қандай мәнге тең болады? (5 ұпай)


U1


L
U2

2 - сурет

  1. Ішінде қалайы бар ыдыс электр тоғымен қыздырылады. Бірлік уақытта бөлінетін жылу мөлшері тұрақты. Қалайының температурасы 10 минутта 20°С-дан 70°С-ға дейін көтеріледі. Бұдан 83 минут өткенде қалайы толығымен балқиды. Қалайының меншікті жылу сыйымдылығын бу керек. Қалайының меншікті балқу жылуы 58,5 кДж/кг, ал оның балқу температурасы 232°С. Жылу шығынын және ыдыстың жылу сыйымдылығын ескеріп қажеті жоқ. (5 ұпай).

4. Тұрақты тоқ тізбегіндегі резисторлардың кедергісі R1,R2, R3 және R4 , ал бірінші кедергіде бөлінетін қуат Р1
(1-сурет). Қалған әрбір резисторда бөлінетін қуат қандай?

(5 ұпай)





R2


R1 R3
R4



  1. сурет



10 сынып, теориялық сайыс

1. Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын тасымалдаушының, ұзын горизонтальды лентасына қосымша жүк қойып, оған жерге қатысты лента қозғалысына қарсы бағытталған Vo=5 м/с жылдамдық береді. Уақыттың Δt = 4 аралығы өткеннен кейін, жүк пен лента жылдамдықтары теңеседі. Жүк пен лента арасындағы үйкеліс коэффициенті µ= 0,2. Осы есеп шарты бойынша келесі шамаларды анықтаңыз:

• тасымалдаушы лентасының V жылдамдығын;

• лентаға қатысты жүктің жүрген жолын;

• жерге қатысты жүктің жүрген жолын. (5 ұпай)

2. Түзу сызықты бірқалыпты U1 жылдамдықпен жүгіріп бара жатқан түлкіні, абсолют шамасы тұрақты және бағыты барлық уақытта түлкіге бағытталған U2 жылдамдықпен қозғалатын ит қуады (1 сурет). Жылдамдықтардың U1 және U2 векторлары өзара перпендикуляр бағытталған мезетте, түлкі мен иттің арақашықтығы L болады. Осы мезетте иттің үдеуі қандай мәнге тең болады? (5 ұпай)


U1


L
U2



  1. сурет


3. Көлемі 120 м3 бөлменің температурасы 15°С-тан 25°С-қа артқанда оның ішінен қанша молекула шығып кетеді? Атмосфера қысымы 750 мм сын баг. (5 ұпай)

4. Электромагниттік контурдың тербеліс жиілігі 30 кГц. Контурдың жазық конденсаторының жапсарларының ара қашықтығын 1,44 есе арттырса, оның жиілігі қандай болады? (5 ұпай)


11 сынып, теориялық сайыс

1. Түзу сызықты бірқалыпты U1 жылдамдықпен жүгіріп бара жатқан түлкіні, абсолют шамасы тұрақты және бағыты барлық уақытта түлкіге бағытталған U2 жылдамдықпен қозғалатын ит қуады (2-сурет). Жылдамдықтардың U1 және U2 векторлары өзара перпендикуляр бағытталған мезетте, түлкі мен иттің арақашықтығы L болады. Осы мезетте иттің үдеуі қандай мәнге тең болады? (5 ұпай)
U1


L
U2

2-сурет

2. Сыйымдылығы С1 белгісіз, 80 В-қа кернеуге дейін зарядталған конденсаторды сыйымдылығы 60 мкФ және 16В-қа дейін зарядталған конденсатормен параллель қосады. Оларды қосқаннан кейінгі кернеу 20В болса, С1 сыйымдылығы қандай болғаны. Конденсаторлар астарларында: а) біртекті зарядтар, б) әртекті зарядтар болатындай етіп қосылады. (5 ұпай)

3. Ұзындығы 1 м өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалып барады. Егер өткізгіштің ұштарында 0,02 В
кернеу пайда болса, магнит индукциясының шамасы қандай болғаны? (5 ұпай)

  1. Айнымалы конденсатордың сыйымдылығы 56 дан 667 пФ-ға дейін өзгереді. Тербелмелі контурды толқын ұзындығы 40-тан 2600 м-ге дейінгі аралықтағы радиостанцияға бейімдеу үшін қандай өздік индукция шығырларын таңдап алу қажет? (5 ұпай)


Есептердің шығарылу жолдары.
8-сынып, №1 есеп

Берілгені: t1= 1мин = 60с / U1= Uэск + Uа ; t2=45с / U2= Uэск + 2Uа ; U3 = Uэск .

Т/к: t3 - ?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - қозғалыс түзу сызықты бірқалыпты деп алып, үш жағдай үшін қозғалыс теңдеулерін жазуға және ары қарай белгісіз шамалардан құтылып, ізделініп отырған шаманы табуға негізделген. Үш жағдайда да жол L және бірдей болғандықтан:

Uэск + Uа = , мұны екіге көбейтсек: 2Uэск + 2Uа = (1), Uэск + 2Uа = (2)

және: Uэск = (3) Егер (1) –ден (2) –ні алсақ: Uэск = (4) (4)-пен (3) –ті теңестірсек:

(5) – соңғы қажетті формуланы аламыз.

Сан мәндерін қойсақ, есеп жауабы: t3 = 90с = 1,5 минут

2 есеп.

Берілгені: S=6.10-4 м2 ; α =60o ; U=12м/с.

Т/к: F - ?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы – су ағыны бұрыш жасай серпімді соғылғанда қабырға алатын импульс екі еселенген су импульсінің қабырға нормаліне проекциясына тең екендігіне және қабырғаға әсер ететін күш импульсі су импульсінің өзгерісіне тең екендігіне негізделген.

Онда: FΔt = 2mUx (1) Ux=U cos α FΔt = 2mUcos α (2)

m = ρ V = ρ S L = ρ S U Δt (3) (3) -ті (2) -ге қойсақ:

F = 2 ρSU2cos α (4) – соңғы қажетті формуланы аламыз.

Сан мәндерін қойсақ, есеп жауабы: F = 86,4 Н

3 есеп.

Берілгені: t1=15oC ; m1=0,25кг; m2=2.10-2 кг ; t2=0oC ; Δt=5oC,онда: t3=10oC ;

c=4,2.103 Дж/кгС ; λ = 330.103 Дж/кг.

Т/к: Δmсу-?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - жылу балансы теңдеуін қолдануға негізделген. Дәлірек айтсақ, су салқындағанда бөлінетін жылу дымқыл қар құрамындағы қарды еріту мен ондағы жалпы су жылығанда алынатын жылу мөлшерлерінің қосындысына тең болады.


Q1 + Q2 = 0 (1) және мұндағы: Q2 = Q2/ + Q2// (2)

Q1 - су беретін

Q2/ - дымқыл қар құрамындағы қарды еріту үшін

Q2// - 0оС-тағы m2 суды жылыту үшін берілетін жылу мөлшерлері және

Q1= cm1 (t3-t1) (3) , Q2/ = (m2 - Δmсу) λ (4) , Q2// = cm2(t3 – t2) (5)

(2), (3), (4) және (5) - ті (1) – ге қойсақ:

cm1 (t3-t1) + (m2 - Δmсу) λ + cm2(t3 – t2) = 0, Δmсу= (6) – соңғы қажетті формуланы аламыз. Онда сан мәндерін қойсақ, есеп жауабы: Δmсу ≈ 0,007кг = 7 г

4 есеп.

Берілгені: R1; R2; R3; R4; P1- белгілі.

Т/к: P2; P3; P4 - ?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарына негізделген.

R1 және R2 үшін I1,2 ортақ және: I1,2= (1), онда P2 = Онда (1) –ді ескерсек: P2 = R2 (3)

Және , яғни: (4) , бұдан:

(5) Ал: (6) және (7) екені белгілі, онда (5)-ті (6) және (7)-ге қойсақ, сонымен қатар (1) –ді ескерсек:

және

Яғни, есеп жауаптары: (3), (8) және (9) теңдеулер.

9-сынып, №1есеп.

Берілгені: L=2м; R­L/2 =9м; онда: R1 =8м; R2 =10м; N1 =8,4айн.

T/k: N2 =?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы – трактордың сәйкес дөңгелегі R-радиусты α-рад бұрышқа бұрылғандағы - αR-жүрген жолы дөңгелектің N айналыс жасағандағы жолына тең болу жағдайы болып табылады.


Яғни, трактор α– рад бұрышқа бұрылды десек және екі дөңгелек радиустары r бірдей.

Онда ішкі дөңгелек үшін:

α R1 = N1 2П r (1)

Сыртқы дөңгелек үшін: α R2 = N2 2П r (2)

(2)-ні (1)-ге бөлсек:

, бұдан: N2 = N1 (3)

Сан мәндерін қойсақ: N2 =10,5айн. Есеп жауабы: N2 =10,5айн.

2есеп.

Берілгені: U­­­­1=Uтүлкі-тұрақты; U2=Uит-шамасы тұрақты, бағыты түлкіге бағытталып,

өзгереді; U2 перпендикуляр U1 болғанда қашықтық L.

Т/к: а2=?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - ит үдеуі ретінде - бұрыштық үдеу анықталады, себебі нормаль үдеу ретінде анықтауға R=L қашықтық тұрақты емес.

Бұрыштық үдеу: = (1),

мұндағы: - бұрыштық жылдамдық және = (2), ал уақыт: t = (3)

(2), (3) → (1), онда = (4). Есеп жауабы: =

Тексеру: [ε] =

3есеп:

Берілгені: τ1=10мин; t1 =20°C; t2 =70°C; τ2=83мин; t3 =232°C; λ=58,5 · 103 , қалайы.

Т/к: с - ?

Талдау: Есептің шығарылу идеясы - екі жағдайда алынатын жылу мөлшерлері қыздырғыш қуатына және уақытқа тура пропорционал анықталатынына негізделген.

1=cm(t2 – t1), (1) және екінші жағынан: Q­1=P τ1 (2). Сол сияқты

Q2= Q2/ + Q2// = cm(t3 – t2) + mλ (3) және екінші жағынан: Q­2=P τ2 (4)

(2) → (1) : cm(t2 – t1) = P τ1 (5)

(4) → (3) : cm(t3 – t2) + mλ = P τ2 (6)