Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту


15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.



Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)

Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?

Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.



Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді.Мұғалім тақтаға AU белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.

Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,



Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: AI Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете    A=I·Ut    формуланы қорытып шығарамыз.SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:   P = А/t= I U

    Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

 

«Айналмалы бекет» әдісі. Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Джекенін дәлелдеу.

864·106 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса,бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?
Жеке жұмыс.Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1.Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
Жауабы: 26 Вт

  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

Жауабы: 14,4 Вт; 9,6 Вт

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)



Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

Жауабы: 1,3 Оммм2

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)



Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс.Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады

«Айналмалы бекет» әдісі барлық оқушы сабаққа қатысып, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке дағдыланады.

Оқушылар теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.

Оқушылар сабақ бойынша рефлекция жасап сұрақтарға жауап береді



Бағалау критерийлері
- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

- алған білімін тұрмыста қолдана біледі

Дескриптор:

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель жалғаудың формулаларын біледі

-Тізбектей,

параллель жалғаудың айырмашылығын ажырата біледі.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Электрсанауышымен жұмыс жасай алады

- Токтың жұмысының өлшем бірліктерін ажырата алады

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Қуат формуласын біледі және оны қолданады

-Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады

-Кедергі формуласын біледі және оны қолданады.

Жалпы балл-6

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл










Интерактив тақта,

оқулық
Физика 8-сынып.

Н.А.Закирова Р.Аширов
Демонстрациялық құралдар:
амперметр,
вольтметр,ток

көзі,

кілт,

қыздыру шамы,

реостат,

сымдар,

секундомер



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"


Бөлімі:




Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді;

Көптеген оқушылар: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды.

Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар:

- Математикалық маятниктің формуласы қалай жазылады?

-Математикалық маятникті қайда қолданады?

-Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді?

- Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.

-Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді.

- Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды.

- Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері

Жауаптары
(Геологияда, кен іздеуде. Еркін түсу үдеуінің мәні кестелік мәнінен үлкен болған жерлердде ферромагниттік қазбалы байлықтар немесе темір рудасының кені болуы мүмкін)

(маятниктің ұзындығы / жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне)

Оқулық

Слайд
Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді

Сабақтың ортасы
30 минут


Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау»

Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтау.

Теориялық бөлім



Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық.

Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз (конустық маятник).

Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.

Конустық маятниктің айналу периоды шеңбер бойымен қозғалыстың жылдамдығының формуласынан алынады:



Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең ():

ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан



Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:



Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:



Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз:



Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін.

Жұмыс барысы:

1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу

2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу

3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу.

4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу: Торт=tорт/N

5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу.

6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.



N

t,с

tорт

Tорт, с

gорт, м/с2

1
















2
















3
















4
















5
















Қателіктерді анықтау:

Абсолютті қателік:



Салыстырмалы қателік:





Қорытынды жазу.



Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит.

Сабақтың соңы.

5 мин


Рефлекция

Бағалау


Рефлексия. Бағалау.

Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді бағалаңдар.

Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)

1

2

3

Мен бүгін үйрендім….

Маған қызықты болды (немесе жоқ), себебі …

Жұмыс уақытында қиындықтар болды, себебі…




Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау.



Презентациямен мұғалім ұсынған қорытындыны көрсетуге де болады.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

Білім беру ұйымының атауы




Бөлімі:

11.3.D Атом ядросының физикасы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.8.2.1 - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру;

11. 8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: радиоактивті материалдарды қолдану, өңдеу және сақтауды сипаттайды;

Көптеген оқушылар істей алады: радиоактивті материалдармен жұмыс кезіндегі сәуле түрлерін және жартылай ыдырау периодын есептеуін түсінеді;

Кейбір оқушылар істей алады: медицинада, археологияда және тамақ өнеркәсібінде радиоактивті құбылыстардың қолданылуын түсінеді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Білім ленд порталы

10 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Білім дағдысы: Түсіну (D)

Оқушыларға Білім ленд порталында радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері тақырыбында бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбадан соң слайд арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

Оқушылар видеоны қарап шығады. Радиоактивті сәулеленуге байланысты туындаған сұрақтарды сұрайды.


Дескриптор:

- радиоактивті сәулелердің биологиялық әсерімен танысады;


https://bilimland.com/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/atom-yadrosynyng-fizikasy/lesson/radioaktivti-saulelerding-biologiyalyq-aseri-radiacziyadan-qorhanu

Сабақтың ортасы.

Жеке жұмыс

«Ғажайып сәулелер» әдісі
10 мин



Білім дағдысы: Білу

Топтық жұмыс(G)

Белсенді оқыту. «Ғажайып сәулелер» әдісі арқылы.

1 тапсырма. Оқушыларға сәулелердің қасиеттерін зерттеуге арналған тапсырма беріледі.

1.Альфа сәулелердің қасиеттері.

2 . Бета сәулелердің қасиеттері.

3 . Гамма сәулелердің қасиеттері.

Оқушылар қалта телефондарын пайдаланып сәулелердің қасиеттеріне байланысты мәлімет іздейді.ортада мұғаліммен талқылайды.

Дескриптор:

-альфа, бета, гамма сәулелердің қасиеттерін біледі.

Жалпы балл -3

ДЭ

Презентация

Оқулық 11-сынып.

Қалта телефон


«Кестені толтыр» әдісі

7 мин


Білім дағдысы: Қолдану (Р)

2-тапсырма. «Кестені толтыр» әдісі арқылы оқушыларға Соддидің ығысу ережесіне байланысты берілген кестені толтыруға тапсырма беріледі.

Оқушылар альфа ыдырау, электрондық және позитрондық бета ыдырау кестесін жұппен бірге толтырады.

Дескриптор

-ыдырау кезінде элементтердің Менделеев кестесінде қандай орынға жылжитынын біледі;

Жалпы балл -3


ДК экраны

11-сынып оқулығы.

ДМ қосымша 1

Жеке жұмыс

«Кім жылдам» әдісі

10 мин

Білім дағдысы: Қолдану

3-тапсырма (І) «Кім жылдам» әдісі арқылы есептер беріледі.


Оқушылар тақырыпқа қатысты берілген есепті шығарады.

Дескриптор:

-ядролық реакцияға берілген есептерді дұрыс шығарады;

Жалпы балл -4

ДК экраны

11-сынып оқулығы

ДМ қосымша 2

Сабақтың соңы.

Рефлексия

3 мин

Рефлексия Құтқару шеңбері. Үйге тапсырма: шығармашылық тапсырма 235 бет

Оқушылар қиындық тудырған сұрақтарды стикерге жазып шеңберге іледі.