Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

Перевод - Нора Галь (1958 г.)


Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай ханзада

Верт Леонға арналады


Балалардан осы кітабымды ересек адамға жолдағаным үшін кешірім сұраймын. Бұл ересектің менің ең жақын досым екендігімен ақталуға тырысамын. Оған қоса: ол Әлемдегі бәрін, балалардың кітаптарына дейін, түсінеді. Соңғысы, ол суық және аш Францияда тұрып жатыр, сондықтан оның көңілін көтеру жақсы болар еді. Мұның бәрі мені ақтамайтын болған жағдайда, мен бұл кітапты досымның бала болған кезіне арнайын. Себебі, барлық ересектер де бір кездерде бала болған, бірақ көбі ол жайында ұмытып қалған. Сонымен, мен арнауымды былай деп түзетемін:
Кішкентай болған кездегі

Верт Леонға арнаймын.


Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

I

Бірде, алты жасымда, ну ормандар туралы әңгімелеген «Шынайы оқиғалар» деген кітаптың ішінен мені қатты таңғалдырған суретті көрдім. Онда айдаһар жыланның жыртқыш аңды тұтастай жұтып жатқаны суреттелген-ді. Кітапта «айдаһар жылан аңды шайнамастан, тұтас түрінде жұтады да, содан соң асы толық қорытылмай, жарты жылға жуық уақыт бойы қозғала алмай жатады екен», - деп айтылыпты.

Мен шытырман оқиғаларға толы джунглидегі өмір жайлы көп ойландым да, сосын, өмірімде алғаш рет, қолыма түрлі-түсті қарындаштар алып, өзімнің алғашқы суретімді салдым. Бұл менің № 1-ші суретім болып еді. Міне, мен оған не салдым.

Өзімнің өнер туындымды ересектерге көрсетіп, олардан «бұл сурет қорқынышты емес пе?», деп сұрадым.

- Бұл телпектің несі үрейлі? – деп, таң қалды олар. Ал бұл мүлдем телпек емес-ті. Бұл пілді жұтып қойған айдаһар - жылан еді.

Онда, ересектерге түсінікті болсын деп, мен айдаһар - жыланды ішкі жағынан суреттедім. Себебі ересектерге бәрін түсіндіріп отыру керек қой. Бұл менің № 2-ші суретім еді.


Ересектер маған жыландарды не ішінен, не сыртынан суреттемеуге, оның орнына көбірек география, тарих, арифметика және сауатты жазумен қызығу қажеттігі жайлы кеңес берді. Осылай мен алты жасымда гажайып суретші мансабынан безуге бел будым. Мен № 1 және № 2 суреттерімді салғанымда сәтсіздікке ұшырап, өзіме деген сенімімді жоғалттым. Ересектер өздері ештеңе түсінбейді, ал балаларды оларға үнемі бірдеңені түсіндіріп отыру жалықтырады.


Сонымен, мен басқа мамандықты таңдауға мәжбүрленіп, ұшқыш болдым. Бүкілге жуық дүниені айналып, ұшып өттім. Шынымды айтайын, география сонда маған өте жақсы көмектесті. Соның арқасында мен бір қарағаннан Қытайды Аризонадан ажырата алдым. Бұл түнде жолдан тайып кетсең, өте пайдалы.

Өмірімде мен елеулі адамдарды көп кездестірдім. Мен ересектердің арасында ұзақ уақыт тұрдым. Мен оларды тым жақын көрдім. Бірақ, бұл жағдай, шынымды айтайын олар жайында менің пікірімді мүлдем өзгертпеді. Басқаларға қарағанда түсінігі мен ақылы бөлек болып көрінген ересекті кездестіргенімде, мен оған № 1 суретімді көрсететінмін – мен оны сақтадым және үнемі өзіммен алып жүрдім. Шынымен бұл адам бірдеңе түсінеме, деп білгім келді. Бірақ олардың бәрі маған «Бұл – телпек», деп жауап қайтарып отырды. Сондықтан мен оларға әрі қарай айдаһар - жыландар, джунгли, жұлдыздар жайлы ешқандай әңгіме айтпайтынмын. Мен олардың деңгейлеріне теңелуге тырыстым. Сондықтан олармен бридж бен гольф ойындары туралы, саясат пен галстуктар жайлы әңгімелер құратын болдым. Ересектер осындай ақылды кісімен танысқанына қатты риза болатын.

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

II

Осылайша мен, емін-еркін сөйлесер адам болмай, жалғыздықта өмір сүріп жаттым. Ал осыдан алты жыл бұрын маған Сахарада шұғыл қону қажеттігі туды. Ұшағымның қозғалтқышы бұзылып қалып еді. Менімен бірге механик те, тіпті жолаушы да болған жоқ, сондықтан қиын болса да, «өзім бәрін жөндеп көрейін», деп ұйғардым. Мен өзім - не ұшақ қозғалтқышын жөндеп шығуға, не өлуге тиіс едім. Себебі өзіммен бірге болған ауыз судың қоры бір аптадан аспайтын еді.

Сонымен, бірінші кеште мен айналадағы мыңдаған мильдерге ешбір тұрғын үй жоқ шөл құмдар арасында ұйықтап шығуға мәжбүр болдым. Теңіз ортасында күйреген кеменің сынығында жүзген адамның өзі дәл мен сияқты жалғыздықты сезінбес еді. Сондықтан таң сәріде мені біреудің жіңішке дауысы оятқанда, таңданғанымды өздеріңе елестетіп көретін шығарсыз. Ол айтты:

- Өтінемін... қошқар суретін салып берші!

- А?..

- Қошқарды маған салып берші...

Күн күркірегендей болып көрініп, мен жатқан жерімнен ұшып тұрдым. Көздерімді уқаладым. Жан-жағыма көз тастадым. Маған мұқият қарап тұрған кішкентай қызық адамды көрдім. Міне, мен салғандардың ішінен, ойымша, оның ең жақсы суреті. Бірақ менің суретімде ол, әрине, өмірдегіден әлде-қайда нашар шықты. Бірақ ол менің кінәм емес. Алты жасымда ересектер мені суретші бола алмайтыныма ұғындырды ғой, сондықтан мен ішінен және сыртынан айдаһар - жыландарды салудан басқа ештеңеге үйрене алған жоқпын.

Сонымен мен екі көзбен бұл ғажайыпқа таңдана қарап тұрдым. Менің тұрғын үйлерден мыңдаған шақырымға алыс орналасқанымды есіңізден шығармаңыз.

Сол уақытта балақайдың адасып келгені, немесе өлердей шаршап, әлде бірдеңеден қорқып, әлде аштан немесе шөлден өлуге жақын екені көрініп тұрмады. Оның түрінен бұл бала үй-күйі жоқ ми - дала шөл арасында адасып жүргенін де айтуға болмады.

Сөйлеуге мүмкіншілігім оралған сәтте сұрадым:

- Сен... мұнда не істеп жүрсің?

Ол қайтадан баяу үнмен және мұқият қарап қайталады:

- Өтінемін... маған қошқардың суретін салып берші.

Мұның бәрі соншалықты құпиялы, сонымен бірге түсініксіз болды, сондықтан бас тартуға тәбетім бармады. Қаншалықты оғаш болып көрінсе де, мұнда, өлімнен бір қадам жерде, шөл арасында тұрып, мен, әйтеуір, қалтамнан қағаздың ақ парағы мен мәңгі қаламымды алып шықтым. Осы уақытта менің көбінесе география, тарих, арифметика мен сауатты жазуға көбірек көңіл бөлгенім есіме түсті де, әлгі балаға (кішкене ызам да келіп) сурет сала алмайтынымды айттым. Ол жауап қайтарды:

- Бәрібір. Қошқар салып бер.

Өмірімде бір – де - бір рет қошқарларды салып көрмегеніме байланысты, мен оған бұрыннан білетін бір суретімді – айдаһар - жыланды сыртынан салып бердім. Келесі балақайдың сөздері мені қатты таң қалдырды:

- Жо-жоқ! Маған айдаһар - жылан ішіндегі піл керек емес! Айдаһар - жылан өте қауіпті, ал піл өте үлкен. Менің үйімде бәрі кішкентай. Сондықтан маған қошқар керек. Қошқардың суретін салып бер.

Мен сұраған суретін салып бердім.

Ол менің суретіме мұқият қарады да, айтты:

- Жоқ, бұл қошқар тым әлжуас екен. Басқасын салып бер.

Мен басқасын салып бердім.


Менің жаңа досым жұмсақ, сәл ғана жымиды.

- Сен өзің де көріп тұрсың ғой, - деді ол, - бұл кішкене қошқар емес.

Бұл үлкен қошқар. Оның мүйіздері бар...

Мен қайтадан басқаша сурет салып бердім.

- Бұл қошқар тым кәрі.

Маған ұзақ өмір сүретін қошқар керек, - деп, ол бұл суреттен де бас тартты.

Осы кезде менің шыдамым бітті – әлі ұшақтың қозғалтқышын тезірек бұзуым керек ғой – сондықтан мен оған жәшік суреттеп бердім.


Балақайға айттым:

- Міне саған жәшік. Ал оның ішінде сенің қалаған қошқарың отыр.

Бәрінен таң қалдырғаны, жаңағы қатаң сотым бір кезде қуанып, көңілі жадырап кеткені:

- Міне, бұл жақсы! Қалай ойлайсың, қошқарыма шөп көп керек пе екен?

- Онда не тұр?

- Менің үйімде бәрі азғантай ғой...

- Оған жетеді. Мен саған өте кішкентай қошқар беріп тұрмын ғой.

- Онша кішкентай да емес... – басын қисайта суретті мұқият қарап, айтты ол. – Қарашы, ол ұйықтап қалды...

Осылай мен Кішкентай ханзадамен таныстым.

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

III
Біраздан соң ғана мен оның қайдан келгенін түсіндім. Кішкентай ханзада маған сұрақтарын жудырды, бірақ менің сұрақтарыма естімеген шырай көрсетті.

Аздап, біртіндеп, жолай естіген сөздерден маған бәрі ашылды.

Алғаш рет ұшағымды көргенде (ұшақты мен суреттемеймін, бәрібір қолымнан келмейді), ол сұрады:

- Бұл неткен зат?

- Бұл зат емес. Бұл - ұшақ. Менің ұшағым. Ол ұшады.

Содан соң мен мақтана оған ұша алатыным жайлы түсіндірдім.

Сонда ол таң қалды:

- Қалай! Сен аспаннан құлап қалдың ба?

-Ия, - қарапайым жауап қайтардым мен.

- Қалай қызық!..

Кішкентай ханзада қатты, сыңғырлата күле бастады, мен онысына ренжіп қалдым: себебі өзімнің бастан кешкен жағдайларыма мұқият қарағанды сүйемін.

Сосын ол қосты:

- Ендеше сен де аспаннан келген екенсің ғой. Қандай ғаламшардан?

«Міне, мұның шөлде пайда болуының құпиясы екен ғой», - деп ойладым мен, сондықтан тура сұрадым:

- Ендеше сен осында басқа ғаламшардан келіп отырсың ғой?

Ол жауап қайтармады.

Ұшағымды жан-жағынан қарап өтті де, басын ақырын шайқап,

- Мұнымен сен алыстан ұшып келе алмас едің..., - деді де, ұзаққа бірдеңе жайлы ойланып қалды.

Сосын қалтасынан менің қошқарымды алып шықты да байлығын тамашалауға үңілді.

«Басқа ғаламшарлар» жайында жартылай мойындаудан менің әуесқойлығым қаншалықты өртенгенін өзіңізге елестетіп көріңізші.

Көбірек білуге тырысып едім:

- Балақай, сен, сонымен, қайдан ұшып келдің? Үйің қайда? Менің қошқарымды қайда апармақсың?

Ол біраз үндемей ойланып тұрды да, сосын айтты:

- Сенің маған жәшік бергенің өте жақсы болды, қошқар онда түнде ұйықтайды.

- Әрине. Ақылды болсаң, мен саған күндіз қошқарды байлап қоятын арқан және жерге қағатын таяқшасын суреттеп беремін.


Кішкентай ханзада түнеріп кетті:

- Байлауға? Неге?

- Өйткені, егер сен оны байлап қоймасаң, ол таныс емес жаққа кетіп қалады да, адасып кетеді ғой.

Осы кезде менің досым қайта көңілденіп күліп жіберді:

- Ол қайда кетіп қалады?

- Баратын жер аз ба? Тура көз көрген жаққа жүре береді, жүре береді, сосын жоғалады.

Онда Кішкентай ханзада шынынан жарылды:

- Бұл қорқынышты емес, себебі менің үйімде орын аз.

Содан соң көңілсіз раймен қосты:

- Егер үнемі тура жүре берсе, алысқа кете алмайсың...

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери
IV
Осылай мен тағы бір маңызды ашу жасадым: оның туған ғаламшарының мөлшері, сірә, үйдің мөлшерінен аспайды!
.

Шынында бұл мені қатты таң қалдырмады. Мен білетінмін, Жер, Юпитер, Марс, Венера тәрізді ірі ғаламшарлардан басқа, жүздеген басқалары, тіпті мүлдем кішкентайлары да бар, оларды телескоппен көруге қиынға тиеді. Астрономдар мұндай ғаламшарды ашқан бойы, оған ат бермейді, жай қарапайым санмен белгілейді. Мысалы, 3251-ші астероид.

Кішкентай ханзаданың «В – 612 астероид» деп аталатын кішкентай ғаламшардан ұшып келгені деп ойлауға жалпы менің нақты негіздерім бар. Бұл астероидті бір-ақ рет телескоппен бір түрік астрономы 1909 жылы көрген екен.



Ол жолы астроном өзінің тамаша ашуы жайлы Халықаралық астрономиялық конгрессінде мәлімдеген екен. Бірақ оның түрікше киінгеніне байланысты оның сөздеріне ешкім сенбепті. Қайтесің, ересектер осындай адамдар болған соң!


В – 612 астероидтің бақытына қарай, түрік сұлтаны өзінің қарамағындағы жұртына өлім жазасымен қорқытып еуропалық киім киюді ұйғарған екен.

Сол астроном өз ашуы жайлы 1920 жылы қайта баяндайды. Бұл жолы оның киген киімі сәннің соңғы үлгілерінен болуына байланысты – онымен бәрі де келіседі.




Мен сендерге В – 612 астероид жайлы егжей-тегжейлі айтып, тіпті оның нөміріне дейін хабарлап жатқаным, тек қана ересектердің себебінен. Ересектер сандарды тым жақсы көреді.

Оларға жаңа досың пайда болғаны жөнінде әңгімелесең, олар ешқашанда ең маңызды мәселелер жайлы сұрамайды. «Оның дауысы қандай? Қандай ойындар ойнауды жақсы көреді? Көбелектерді аулайды ма екен?», деп олар еш уақытта сұрамайды.