Файл: 1Блім. Сотмедициналы сараптама жргізу жне йымдастыру Сотмедициналы сараптаманы жргізуді зыретіне мыналар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13) формальдегидпен (формалинмен)  уланғанда - ішіндегісімен қарынды,  ішіндегісімен бірге аш ішекті, бүйректі алады;

14) фосфорорганикалық және  карбаматты пестицидтермен уланғанда  бауырды, бүйректі, қарынды, ішекті, қанды алады; тыныс алу арқылы  ФОС түскенде қосымша ми мен  өкпені алады;

15) фторидтермен уланғанда  - ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге алады;

16) хлорорганикалық көмірсулар мен хлорорганикалдық пестицидтермен уланғанда - миды, май бездері, ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге бүйрек алады;

17) этил спиртімен уланғанда  - қан мен зәрді 20 миллилитр  мөлшерде (тығыны бар ыдыста) алады;

18) қанды пипеткамен немесе  шприцпен қолдың ірі көктамырынан немесе мидың қатты қабықшасының синустарынан алады. Қанды, зәрді немесе мүшелерді жіберу мүмкін болмағанда бұлшықет ұлпасын (1000 грамм жуық) алады.

Зерттеу үлгілерін (объектілерін) тек жүрек гликозидтерімен, фенотиазиннің  туындыларымен, фосфоорганикалық пестицидтермен, алколоидтармен және трицикльді антидепрессаттармен  улануға сезіктенген жағдайда ғана консервілейді. Бекіту үшін құтыда деңгейі ішкі мүшелердің бетінде кем дегенде 10 миллиметр спирт-ректификатты пайдаланады. Зерттеу үлгілерімен (объектілерімен) бірге бір мезгілде сол партиядан 250-300 миллилитр мөлшерінде спирттің бақылау сынамасын жібереді.

Құтыларды шыны тығындармен (ерекшелік ретінде полиэтилен қақпақтарымен) тығыз ауа кірмейтіндей етіп жабады, таза қағазбен орайды, шпагатпен немесе берік жіппен байлайды да мөрді бұзбай ашылмайтындай етіп жабады.

Әрбір құтыға үлгі нұсқа ретінде бекітілген этикетканы желімдейді де, оған барлық қажетті жазуларды жазады.

Сүргі салынған зерттелетін  үлгі бар (объектілер) құтыны дереу  сараптау мекемесінің химиялық-токсикологиялық бөліміне жібереді.

Үлгілерді (объектілерді) басқа  қалаға жіберу үшін құтыларды жәшікке  салып, оларды механикалық зақымданудан толық сақтануын қамтамасыз ететіндей  етіп орайды. Жәшікке құтылардың нөмірлері мен ішіндегі заттары тізіліп жазылған тізімдемені салады, онда үлгілерді жіберген адам қол қояды. Ол адамда тізімдеменің көшірмесі қалады. Жәшіктің қақпағына "Абайла - әйнек!" деп көрсетеді және сараптау мекемесінің мекен жайы мен жіберушінің мекен жайы көрсетіледі.

Бір мезгілде мыналарды жолдайды:

1) мәйітке сот-медициналық  сараптау тағайындалғаны туралы  қаулының көшірмесін; сот-медициналық  эксперттің өлімнің болу жағдайын  қысқаша мазмұндамасын және мәйітті зерттеудің негізгі деректері мен диагнозын; өлген адамның аты-жөні мен жасын; уланудың болуы мүмкін жорамалданған уды; сот-медициналық сарапшы-химиктің шешуі тиіс басқа мәселелерді жолдайды;


2)егер өлген адам ауруханада  немесе амбулаторлық емделсе,  ауруы жөніндегі құжаттың көшірмесін;

3) егер объектілер қосымша  анализге жіберілетін болса, алғашқы  сот-медициналық сараптау қорытындысының  көшірмесін жібереді.

Қабірден қазып алынған  мәйітті химиялық-технологиялық сараптауға зерттеген кезде табыттың астындағы топырақ, киімнің тілімдері, тыстары, төсеніштері, табыттың төменгі 500 шаршы сантиметр жуық тақтайлары жіберілуі мүмкін.