Файл: 2тосан бойынша аза тілінен Бжб, Тжб орытындысы 20222023 оу жылы 11 сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-тоқсан бойынша Қазақ тілінен Бжб, Тжб қорытындысы 2022-2023 оқу жылы 11 «ә»сыныбы

Пән мұғалімі.Сарсенбаева Айжан

Реті

Оқушының аты -жөні

1-бжб/13

2- бжб/7

Тжб -30

Жиынтығы

Қойылған баға

1

Ақын Санжар

10

5

22

76

4

2

Жөкенбай Арсен

10

5

23

78

4

3

Қыдырбаева Ақниет

12

7

28

92

5

4

Мұқан Бегайым

10

5

24

79

4

5

Мұхамеджан Мадияр

10

6

24

80

4

6

Рақымберді Жансая

11

7

27

90

5


Анықтама

А.Нүсіпбеков атындағы мектеп –гимназиясында 16.11.2022 жылы 10 «а»сыныбында «Өз құқығыңды білесің бе?»атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында ҚР Канститутциясының баптары жайлы ақпарат,адамгершілік ізгі қасиеттер , ар-ождан бостандығы мен қоғамдағы заңдарды білу және құрметтеу туралы айтылды.

Бұл тақырыптың өзектілігі тереңде жатыр. Өйткені адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оның өмірі,денсаулығы,тыныштығын қорғап тұрған заң бар,соған байланысты заңдарды білу,өз құқығын білу жайлы әңгіме,сұрақ-жауап болды,заңды білу біздің міндетіміз,және заман талабы,- деп санаймыз.

Миға шабуыл сұрақтары қойылды.Оқушының міндеті мен құқығы бойынша слайд көрсетілді.

Екі топқа тапсырмалар беріліп,сұрақтар қойылды.

«Мақалды жалғастыр» айдары бойынша ,мақалды аяқтады.

Тәрбие сағатын қорытындылай келе өздерін толғандырған сұрақтарын құқық пәнінің ұстазына сұрақтарын қойып жауап алды.

Сонымен, Ата заңды құрметтеп,өз құқықтарымызды қорғай білуге ,заңды біліп жүруге бір –бірімізді шақырайық.

Анықтама беруші:Сарсенбаева А

А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясы


Сынып сағаты

«Өз құқығыңды білесің бе?»

10 «а»сыныбы

Сынып жетекші:Сарсенбаева Айжан

Нүсіпбеков атындағы орта мектеп « мектепке

дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі

10-сынып оқушыларының «Наурыз-жыл басы »

атты тәрбие сағатының өту барысы жайлы

Анықтама

20.03.2023 жылы 10 «а»сынып оқушыларының қатысуымен «Наурыз-жыл басы»тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға Мұсылман елдерінің жаңа жыл мерекесі 22-Наурыз туралы оның тарихымен таныстыру ,білгендерін сұрау және толықтыру.

Наурыз мерекесіндегі басты тағам Наурыз көже туралы,оның құрамы туралы айту.Мейрамдардағы ұлттық ойындар мен мақал-мәтелдерге тоқталу.Өлеңдер оқу,жұмбақтар жасыру. Ұл балалардың атқа міну дәстүрі туралы айтылды.Наурызда күн мен түн теңеліп ,көк шығып,мал төлдейтін уақыт ,ауызымыз аққа толатын шақ келетіні айтылды.Үлкен аталардың Ақ мол болсын,мал-жан аман болсын деп бата-тілектер айтатыны Қызыр бабаның ел аралап бата беретіні жайлы аңыздарға тоқталдық.

« Е,құдайым қолдасын,Еш жамандық болмасын,Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын» ,деген батамен сабағымызды аяқтадық.

Анықтама беруші:Сарсенбаева Айжан

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»

Сыныбы:10 «а»

Сынып жетекші:Сарсенбаева А.Ә

Хаттама

А.Нүсіпбеков атындағы мектеп –гимназиясының 10 «а»сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.

Күні:16.11.2022Ж

Қатысқаны:-5

Қатыспағаны-0

Күн тіртібінде :

  1. «Өз құқығыңды білесің бе?»атты тақырыбы бойынша оқушылар арасында сұрақ –жауап ұйымдастыру.

Өз құқығы жайлы түсіндіру және бала конвенциясы жайлы мәліметтер беру.

2.Көшеде ,мектепте жүргенде өз құқығыңды біле отырып өз құқымызды да,өзгенің құқығын ба бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер азаматы болуға шақыру.


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша сынып жетекші әр оқушының құқық сауаттылығын тексеру мақсатында сұрақ -жауап алынды,

2.мәлімет бойынша бала конвенциясындағы бала құқығы туралы баптардан баяндама оқыды.

.

ҚАУЛЫ:

1.Сынып жетекшінің түсіндірмелері еске алынсын.

2.Әр білім алушы өз құқығын үнемі орындап ,біліп жүрсін.

Хатшы: Сарсенбаева А

Мектептің кіреберіс фойесіндегі көрнекі тақтаға 1 және 2 -ауысымдарға бөлінген сабақ кестесі ілінген. Кәсіподақ ұйым төрағасының келісімі және мектеп директорының мөрімен бекітілген. Кесте СанПИН ережелеріне сәйкес құрылған. Мектеп осы оқу жылында күнделік.кz –ке қосылды.Тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Сынып журналдары толтырылған. Мұғалімдердің күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарлары бекітілген.

2018-2019 оқу жылына арналған оқу тәрбие жоспары жасалған. АББ – нен келген бұйрықтар мен нұсқаулар негізінде жоспар толықтырылып отырады.

Мектеп әкімшілігі мүшелерінің, мұғалімдердің қызметтік міндетттері бұйрықпен бөлініп таныстырылған.

Мектепте «Міндетті оқу» папкасы жинақталған. Мұғалімдердің сапалық құрамы апталық жүктемелері, контингент, сағат сеткасы, бағдарлы оқу жұмыстары жүйеленіп салынған. Мамандар сабақ беретін пәндеріне сәйкес бөлінген. Информатика пәні бойынша маман декреттік демалысқа кеткендіктен физик маманына жүктелген. Шағын орталық 25 баладан тұратын 1 топқа жинақталған. 3-5 жасты қамтитын аралас топ «Балапан» бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Жылдық, айлық, апталық және күнделікті жоспарлары бекітілген. Жатын бөлмесі, ойын бөлмесі мен сынып бөлмесі жабдықталған.

Асханада күнделікті меню жасалған бекітілген. Сынама тағамдар тоңазытқышта сақталады. Балаларға арналған әжетхана бар. Унитаз қойылған, су ағады. Мезгілімен тазаланады.

Кітапхана жоспары бар. Оқушылар толық оқулықпен қамтылған. Оқырман саны – 378. Әр оқырманның формулярлары толтырылады. Кітапхана ережесіне сай кітаптар беріліп, қайтарылады.

«Жүз жаңа оқулық», «Рухани жаңғыру», «А.Нүсіпбеков бұрышы», т.б. бұрыштар бар.

Мектеп ауласы таза, мектеп атауы жазылған вывеска жаңаланып ілінген. Қол жуатын раковиналар жұмыс істейді. Техқызметкерлер тұтынатын ыстық суға бойлер қойылған. Диспенсер жоқ. АББ-ға сұраныс берілген.


Сынып кабинеттері жабдықталған, тех.қауіпсіздік ережелері, термометрлер талапқа сай ілінген. Сынып бұрыштары тиісті ақпараттармен толықтырылған.

Жылу қазандығы жаңа, қысқа әзірлік жұмыстары жүргізілген. Мектепке бөлінетін лимит 40900л, келгені 12000л. Қабылдау актісі мен құрылған комиссия құрамы толық қатысады.

Цистерна пломбаланған, қасына сыйымдылығы10000 л цистерна қойылды. Қазандық қойылған бөлмеде «Тех.қауіпсіздігі ережесі» журналы бар. Оператор нұсқаулықтармен таныстырылған. Өрт қауіпсіздігіне арналған қалқанша бар. Жауапты – Б.Егінбаев. Мектепте видео бақылау қондырғылары жоқ. Сұраныс берілген. Спортзал, алаң жабдықталған. Ұлдар, қыздар болмелері бар. Киім ілгіштер ілінген. Спорт үйірмелері кестеге сай жүргізіледі. 9 бағыттағы үйірмеге 185 оқушы қамтылған. АӘД кабинеті, алаңы жабдықталған. Осы оқу жылында полигон алаңын, жаттығу тирін қайта жасау жоспарлануда.