Файл: Дріс таырыбы Дріс саны саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.

Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.

Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.

60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

    1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

    2. Ә р түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.

    3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.


Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.

Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.


  1. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары.

Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады.Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды,екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегімен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.

Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г.Альмонд,Р.Даль,Л.Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударды. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші роль атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады.Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол серіксіз,біртіндеп жасалуға тиіс дейді.

Консерваторлар (С.Ханингтон, Дж. Нельсон,Х.Линдз) бұған керісінше қарайды.Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, биік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араласатын керегі шамалы.Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі.Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық керек.Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделу үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежейтін заңды, беделді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады.Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездескендіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар..

Дәріс 15

Тақырыбы: Саяси лидер қоғамының саяси жүйесінің субъектісі ретінде.

Жоспары:

1.Саяси лидерліктің түсінігі мен теориясы.

2.Саяси лидерліктің түрлері және олардың қалыптасуы. Саяси лидердің екрекше қасиеттері.

3.Қазіргі Қазақстандағы саяси лидерліктің жағдайы мен болашағы.
1. Қандай демократиалық ел болмасын, бүкіл халық билікке түгел қатыса алмайды. Қоғамда әрқашан басқарушы бағынушы топ деп бөлінген. Біздің қарастырғалы отырған топ басқарушы яғни саяси лидердің қоғамдағы ролі зор. Лидер қоғамның бар саласында қалыптасқан мысалы саясатты алып басқаны қойғанда ғылым-білім, өнер, бизнес, мектеп, тіпті жанұяда да.Сондықтан елді саяси лидер басқарады. Саяси лидердің қоғамдағы ролі зор. Саяси лидеолік елеулі жаңалық болғанмен, ол әлі толық жүзеге аспаған. Сондықтан лидердің еңбегін өлшеп бағалау қиын сонымен саяси лидерлік деңгейіміз не ? Әрбір нәрсенің өзіндік тарихи қасиеті мен ұғымының аудармасы болады. Лидер сөзіне көңіл аударатын болсақ, лидер ағылшын тілінен аударғанда “Leader”-басқарушы, көш басшы, жетекші ал енді қазіргі күнде кейбір ғалымдар тіпті бұд атауды “Серке” деп те атап жүр. Ал біз бұл ұғымның аудармасына қарағандықтан лидер деп алғанды жөн көрдік.

Осы саяси лидер ұғымын зерттеген батыстың ойшылы М.Вебердің лидер ұғымына айтқан сөзіне көңіл аударатын болсақ “Кімде кім ерекше ізгілік қасиетін бойынан көрсете алса және дұрыс шешім қабылдай білсе, ол құдайдың күшімен қоршаған ортасын өз еркіне бағындыра алады”. Яғни М.Вебер түсінігі бойынша лидерлік дегеніміз құдайдан берілген ерекше қасиет. Мұның анықтамасын беріде саясаттанушылар түрлі тұрғыдан келеді. М.Басстың анықтама кітабында ол тұрғыда бірнеше тобқа бөлінген.

Бірінші топ лидердің жеке басының ерекшелігін және оның ықпалын алға тартады, яғни лидердің басқаларды белгілі міндетті орындауға иландыра алу қасиетін атап көрсетеді.

Анықтаманың екінші тобы-лидерлік келісімге келуге мәжбүр ету өнері дегенге келеді

Үшінші тобы лидерлікті адамдарды мәжбүр етпей, сендірі, иландыру формасы түрінде қарастырады.

Төртінші тобы лидерлікті билікті қатынас ретінде қарастырады, яғни лидер басқарушы мен бағынушы арасында болатын қарама-қарсы әрекеттерді реттеуші.


Бесінші тобы лидерлік мақсатында жетудің тегі құралы ретінде қарастырылады.

Алтыншы тобы лидерлік құрылым жасау ретінде яғни лидерліктің нәтиежесі топтық сыбайластық қарым-қатынас жасау деп баяандалады. Саяси лидер ұғымы әсіресе саясат саласында өте жарық та айқын және беделі жоғары. Қандай саяси іс-әрекет болмасын басшылықты талап етеді. Саяси басшылықтың негізгі мақсаты-болашақтағы және күнделікті саяси іс-әрекеттің стратегиясы мен тактикасын зерттеу. Адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы ертеден келеді. Бұны қалыптасқан заңдылық деп білуге болады. Соңғы кезе бұл атауды мағанасы кеңейе түсуде. Саяси жетекшіліктің топ бастарлықтың яғни лидердің табиғатын сыр сипатын ғылымдар ерте заманнан-ақ білгіліеі келген әсіресе саяси дидер ұғымына қатты көңіл бөліп қызығушылық білдірген Н.Макиевли, М.Вебер, Р.Ролон, Ф.Ницще, Р.Такер, З.Фрейду, М.Хермен, Д.Неру. Осы лидер ұғымының қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалымның еңбегі ерекше көзге түседі, ол Н.Макиавелидің белгілі “Патша” деген еңбегінде тиімді басшылық.

Ол басшы мен бағынушының өз ара қатынасына негізделген мәселелерді жазған.

Қазіргі саяси топ бастаушылары яғни лидерлер деп қоғамдық –саяси ұйымға қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады. Жалпы саяси лидер қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтвн лидерлерге қажеттілік пайда болады. Соымен қатар топ бастаушы өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көп партиялық ,парламентпен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, т.б жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелйтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толассыз жүріп жатады. Әрине қашанда қара халық әділеттілікті, демократияны, еркіндікті аңсап келген. Қай заманда болмасын халықты жеке тұлға яғни лидер басқарып келген және тарихта аттары қалған.

Лидер ұғымына қарама- қарсы ұғым саяси бастаушы көсемсымақ . Ол ұғым XIX ғасырда пайда болған бұл ұғымға популистік тұрғыда іс әрекет етуші адамдар жатады. Бұл ұғымды біздің қарастырғанымыз жөн шығар, үйткені қарапайым халық көп жағдайларды ажырата алмай немесе көңіл бөле бермейді. Ол өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа , үрейге, өшпенділікке негізделеді) жағдайын пайдалану: көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты өз бөлігіне шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол топтың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай жасырынып қауымның ығында жүреді. Біз осындай ұғыммен лидер ұғымын шатыстырып алмағанымыз жөн.


Әрине лидердің өзіне тән мақсат, міндеттері, қызметі деген сияқты көп қасиеттері бар. Олар яғни лидерлер басқарушы болғандықтан өздерінің мүддесі деп билікке талпынысын одан әрі кеңейту және бағынушылардың пікіріне сай іс тұтуды мақсат етеді. Әлбетте мұл саяси ерекше «құдылықтарына» жатады .Лидерлерді басқа адамдардан ажыратып көрсету үшін құрылымдық- құндылықтары өте маңызды бір өлшемді пайдаланады Д.ж.Сартори осы ұғымды альтернатифтік өлшем деп атайды. Егер біз қоғам құрылысын тік кесіп қарасақ , лидерлер тобы қоғамның үстінгі жағында жайғасатыны сөзсіз. Бұл өлшем бойынша, дейді Сартори кім жоғарыда болатын болса сол адам билік жүргізеді. Ал құндылықшылар қоғамды кім басқарады деген сұраққа былай жауап береді «даналы, ең абыройлы, алысқа көзі жететіндер». Әрине қай нәрсені алып қарасақ та жақсы жаман деген жақтары болады. Өмірдің өзі қарама-қайшылықтардан тұратын процесс. Мақсат мүддесін қатыгездік қасиетімен көрсеткен лидерлер де тарихта кездескен.

Қоғамдағы саясаттың қай бағытқа жүруін қадағалап жол көрсетуші осылар. Ал енді сондай әділ де мейрімді лидерлерге тарихьа қалған Индианың саяси қайраткері М. Гандиді айтуға болады. Бұл жайында Индианың бірінші президенті Д.Нерудің өзінің «Дүние жүзілік тарихқа көз қарас » деген еңбегінде М.Гандидің қызық бір портіретін қалдырған екен. Д. Неру өзінің алдында Гандиді саяси лидердің символы ретінде үлгі тұтқан екен. Д. Неру өзінің «Дүние жүзілік тарихқа көз қарас» деген еңбегінде былай дейді «Гандидің даусы басқа адамдардан ерекше өзгешеленіп тұратын еді, ол жаймен бір қалыпты сөз бастағанда көп адамның шуылдаған дауысы басылып, бүкіл халық оны мұқият тыңдайтын дейді, және өте мәйім, салмақты, сабырлы. Сөз сөйлеп тұрғанда қарапайым даусымен, оның әрбір сөзі қайратқа толы, сүіспеншілікпен бірлікке шақыратын жалынды сөздер еді, оның бойынан бір қалыптылықты, ерекшелікті, ақылдылықты байқауға болады » дейді.

Бастысы сапалы лидердің бойында құштарлық , жауапкершілік сезімі мен көзөлшем болу керек . Саяси лидер өз жұмысында осы үш қасиетті қолдана білсе ол халықтың сыи құрметіне ие болады. Саяси лидер неғұрлым саясатқа құштар болса, солғұрлым еңбегі жемісті болады. Бұл лидердің бірінш заңы болып есептеледі .

Жалпы М. Вебер саяси лидерді оның құрамдық қасиетіне қарай үшке бөлген

1.Дәстүрлі жолмен басқару яғни патриархалды , атадан балаға өткен билік манархиалық жолмен келген.

2. Харизматикалық - құдайдан берілген ерекше қасиет.

3. Құқықтық яғни заңды түрде халық өзі сайлаған. Халықтың қалаулысы бюрократиалық жолмен. Дәстүрлі лидер әрине монархиялық жолмен келгендіктен ол өз басқару жүйесіне салт-дәстүр қасиеттерін қосады ал харизматикалық лидер құдайдың берген қасиеті болғандықтанол басқаруды өзінің ерекше эмоциясымен жүргізеді. Көбінесе бұндай басқару тнрлері діни мемлекеттерде және діни салаларда кездеседі. Тағы айтакететін жайт бұндай басқару түрлері ерте замандарда көтеріліс кезінде пайда болған. Ал құқықтық лидер халықтың таңдауы болғандықтан заңға сүйеніп халықтың мнддесіне сәйкес билік жүргізеді. Нағыз осы лидер түріне қазіргі кездегі көптеген мемлекет лидерлерін жатқызамыз. Соның ішінде өзіміздің Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевті лидерлердің үшінші яғни құқықтық лидер түріне жатқызуға болады. М.Вебер өзінің керемет тезисін былай қалдырған екен « Адам қоғамда өмір сүру үшін немесе саясат үшін өьір сүру керек, (бұл лидерлерге қатысты) немесе саясаттың арқасында өьір сүру керек(ал бұл қарапайым халық үшін айтылған )». Саяси лидер ол саяси іс-қимылды тек ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар саясаттың тарихын өзгертіп, басқыру жүйесін дұрыс таңдап өзінің саяси мақсат-мүддесіне жете алатын адам. Саяси іс-әрекеттті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың яғни лидерлердің орны ерекше. Оның халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін бойында саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Өйткені саяси топ бастаушыға саяси топ басқарушыға қызыметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Лидер жеке тұлға М.Вебер айтқанындай харизматикалық қасиеттермен ерекшеленіп тұрады және үлкен сый-құрметке лайықты адам. Әрбір өркенетті құқықтық елдерден дәл сондай лидерлерді қажет етеді. Саясат саласында да және қоғамда егер саяси литдер ұзақ мерзімді қызымет атқарса демек ол нағыз халықтың қаман ойлайтын М.Вебердің бөліп көрсетіп кеткен лидерге тән осы үш қасиетті бірге алып жүретін ерекше таңдаулы лидер.