Файл: Дріс таырыбы Дріс саны саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Қазіргі таңда Қазақстандағы жүргізіліп жатқан билік халыққа қолайлы демократиялық болашақ дамуға бағытталған ағым. Әрине халық үшін ел тыныштығы, тұрақтылық, құқықтық демократилық жаңа заманғы бейімделу қажет. Еліміздегі өтпелі кезең, ескі мен жаңаның араласуы және адамнның да, сол сияқты саяси иниституттардың да іс-әрекеттердің мінезіне елеулі өзгерістер ензгізді. Мұның өзі жаңа саяси иниституттардың түрлерін көбейту, лидерліктің ролі күшету қажеттігін туғызды. Бізідің елімізде саяси лидерлік проблеммасын зерттеу кең өріс алған жоқ. Сондықтан жұрт әлі Президенттен басқа саяси лидердің тани бермейді. Қазақстан саясаткерлерінің едәуір бөлігін үкіметте жоғары лауазымға ие болу арқылы кездей соқ лидерлік дәреже алады. Өйткені мемлекеттік лауазымды адамның лидер болуы керек. Көпшілік Президенттер мен Примьерлердің басқару мерзім қысқа, ал оған даярлану уақытты ұзақ болып келеді. Олардың көпшілігі өздері шыққан көлеңкеге ауысып жатады. Қандай жағдайда да лидердің жолы ауыр да қауып-қатерлі. Лидерлердің тақтан таю себептеріне ең көп кездесетін түрлері төмендегідей.

  1. Саяси емес себеп (өлім, ауыру, зейнеткерлік).

  2. Институтционалдық себеп (ерекшше тапсырманың аяқталуы, мерзімнің бітуі, сайлауда жеңілу).

  3. Үнемі болып тұратын жағдайларды шешу және лобизм.

Саясат саласында және қоғамда егер саяси лидер ұзақ мерізімде қызыметін атқарса демек ол нағыз халықтың қамын ойлайтын және М.Вебердің бөліп көрсетіп кеткен лидерге тән осы үш қасиетті бірге алып жүретін ерекше таңдаулы лидер.

  1. Қазіргі таңда Қазақстандағы жүргізіліп жатқан билік халыққа қолайлы демократиялық болашақ дамуға

Қазіргі Қазақстанда лидерлердің айқын көрініп тұрған соңынан еретін ізбасарлары жоқ. Мұның себебі, бір жағынан саясаткерлердің билікті қолына алған жағдайда алдына қоятын мақсаты айқын емес, олар қоғамдағы бұрын қалыптасқан жағдайды сақтаймын, мынадай шамалы өзгеріс енгіземін немесе ірі өзгеріс жасаймын деп ашып айтпайды, екінші жағынан түпкі мақсат – билік үшін күрестің өзі шамалы. Лидерлікті қалыптасмтырудың тікелей жолы жетілген партиялық жүйе екенін көрсетіп отыр. Өйткені партия кадрларды даярлайды, іріктеп алады, жоғарылатады, оларға қоғамдық саяси қызмет тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Болашақта лидерлер партияның кеңселерінде тексеруден, дайындықтан, өткізіп, жоғарғы лауазымға жолдама алады. Саясаттанушылардың бағалауынша партия болашақ саяси қайраткерлер міндетті түрде өтетін қақпа. Саяси лидерлікті қалыптастырудың тағы бір факторы орта топтық болуы. Дүниежүзілік тәжірибеде саяси лидердің көпшілігі орта топтан шығатынын көрсетеді. Бұл – олардың таңдаулы білім алу мүмкіндіктері мен нақты саяси партия қатарында болуымен, мұндай әлеуметтік топтық саяси мәдениеті мен отбасының өзіне тән ерекшелігімен байланысты. Қазақстанда орта тап жаңа қалыптасып келеді, өз слидері етіп ел Президентін бір ауыздан атады. Республикамызға саяси лидерлік жаңа қалыптасып келеді. Бұл процесс елдегі саяси жүйенің, азаматтық қоғамның партиялық жүйенің, орта топтың қалыптасуымен бір мезгілде жүре бастады. Саясаттанушылардың алдында еліміз өміріндегі бұл саяси - әлеуметтік процестерге жиі көңіл бөліп, зерттей беру міндеті тұр. Қорыта келгенде мемлекеттің тұрақтылығы дамып, халықтың жағдайының жақсаруы саяси лидерге байланысты. Саяси лидердің атқаратын қызметі өте күрделі жауапты жұмыс. Жоғарыда айтып өткендей лидер қоғамның әрбір саласында бар, тіпті жанұяда да яғни отбасында лидер. Ол әке ролі. Демек отбасын басқара білген адам ол мемлекетті де басқарады деген сөз.