Файл: Даму жне жас ерекшелік психологиясына кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Даму және жас ерекшелік психологиясына кіріспе

Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.

Жас ерекшелігі психологиясы – адам психикасының дамуын және оны тұрғысынан әртүрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді.

Жас ерекшелігі психологиясының баса ғылымдармен байланысы: анатомия, физиология, философия, жалпы психология.

  • Жалпы психология – барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін, оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.

  • Анатомия және физиология – баланың дене құрылысының әр жасқа қарай нығайып өсуін, органдардың атқаратын қызметін, әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.

  • Философия – барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады.

Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектіс і- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі. Олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі
балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы - педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді. Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарымқатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде. Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар. Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап, жас өспірімдік шаққа дейінгі аралыққа өзгерістер енгізілді. Олар жеті сатыдан тұрады:

  • Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

  • Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)

  • Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)

  • Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)

  • Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)

  • Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)

Жас ерекшелік психологиясы-психология ғылымының саласы. Пәннің зерттейтіні-адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, психикалық процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.

Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар психологиясы, бастауыш мектеп психологиясы
, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы жатады. Жас ерекшелік психологиясы пәні-жас ерекшеліктерінің психикалық процестерін, жеке даму факторларын оқытады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең. Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді. Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы, бөбектер мен жас өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.
Логопедия УЛ (ЗК)-22-02 тобының студенті

Сисенгали Эльвира Жанболаткызы