Файл: Таырыбы Таматану пирамиддасы Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Тамақтану пирамиддасы

Мақсаты: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстана білуге үйрету.

Көрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, плакаттар, қызықты тапсырмалар т. б.

Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

-Балалар, көңіл-күйлерің жақсы ма?

-Сабаққа әзірсіңдер ме?

-Олай болса, сабағымызды бастайық.

Ширату тапсырмасы:

1.Күбіге құйып піскен не? (қымыз)
2. Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)
3. Табаға салып жапқаным не? (таба нан)
4. Үйітіп қазанға асқаным не? (бас, сирақ)
5. Кілегей шайқап алғаным не? (май)
6. Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)
7. Тұзын көріп татқаным не? (сорпа)
8. Келіге түйіп ақтағаным не? (тары)

-Осы сөздердің барлығын топтастырып бір сөзбен қалай атауға болады?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ас-адамның арқауы

Мақсаты:

Денсаулықты күту, дұрыс тамақтана білу, салауатты өмір салтын ұстана отырып, дұрыс тамақтанудың қажеттілігін түсіну;

Сұрақ-жауап

-Адам неге тамақтануы керек?(жүгіру, ойнау, жүру, жұмыс істеу, жалпы өмір сүру үшін)

-Адам тамақтанбай жүре ала ма? Жоқ

Адамдар тамақтанбай ұзақ өмір сүре алмайды.

«Ас –адамның арқауы деп ата-бабаларымыз астың адам денсаулығы үшін маңыздылығын дұрыс ұғынған. Денсаулық көбіне адамның немен және қалай тамақтануына байланысты болады. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Адамдар тамақсыз ұзақ өмір сүре алмайды.Оттың ұзақ жануы үшін оған отын қажет қой.Адам үшін тамақ та отын секілді.Ол денені ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдық заттектер секілді қажетті көректік заттармен қамтамасыз етеді.Отын жақсы болса, от жақсы жанады. Егер отын ылғал немесе шіріген болса от жанбайды, түтіндеп түбінде өшіп қалады. Адамның тағамы да сондай. Егер тағамның сапасы жақсы болса, уақытында берілсе, адам да от секілді жанады, яғни ұзақ және екпінді өмір сүреді. Қоршаған ортасын жылу мен жарыққа бөлейді. Әсіресе балаларға дұрыс тамақтану маңызды. Олардың организмі өсу үстінде. Оған құрлыс материалы қажет.Ал оның бәрін қайдан алады? Дұрыс, тек пайдалы тағамдаран. Ал сен дұрыс тамақтанып жүрсің бе? Мына сұрақтарға шынайы жауап беріп көрейікші.


Шынайы жауап Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?

7.Ципсыды жақсы көресің бе?

8. Конфетті ше?

-Олай болса мына видео роликті тамашалайық.

Видеоролик: Дұрыс тамақтану

-Не түсіндіңдер?

Балалар жауабы
Ең тиімдісі 4 рет тамақтану:

1.Таңертеңгілік-құнарлы тамақ

2. Түске дейінгі-жеңіл тамақ

3. Түскі тамақ- күшті тамақ

4. Кешкі тамақ- жеңіл тамақ

Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы. Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу денсаулыққа зиян. Асты асықпай жақсылап шайнап жеу керек. Ғалымдар адамның денсаулығына пайдалы азық-түлікті көрсету үшін тамақтану пирамидасын ойлап тапқан. Пирамиданың негізіндегі тамақ түрлерін барынша жиі пайдалану керек.Пирамида биіктеген сайын ондағы тамақ түрлерін сирек пайдалана бастаған дұрыс. Ал пирамиданың ең ұшында орналасқан тамақ өнімдерінен мүлдем бас тарту немесе барынша сирек пайдаланған дұрыс болар еді.

Видео: Тамақтану пирамидасы

Топтық жұмыс

Тамақтану пирамидасын құрастыр

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды.

Бағалауда ескеріледі:

1. Пирамиданың дұрыс құрастырылуы

2. Тазалығы

3. Әдемілігі

Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.
Тамақ ағза үшін пайдалы және зиянды өнімдерден тұрады.Азық түліктің құрамына белок, май, көмірқышқыл, су,минералды тұз, витаминдер енеді Артық мөлшердегі тұз, қант, ащы заттар, қуырылған тамақ және т.б денсаулыққа зиян.Тәтті кофе, шай, газды сусындарды көп мөлшерде қабылдамауға тырыс. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.
Жеміс – жидектердің құрамында, адам денсаулығына қажетті
дәрумендер өте көп.

Слайд: Дәрумендер\\\

Өлеңдер оқу

Бағалау: Жарайсыңдар!

Қортындылау

Сыйлықтар сұрақтары:
1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?

2. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек?
3.Тамақтанар алдында не істеуіміз керек?

4.Денсаулықтың достарын ата

5. Адам күніне неше рет тамақтану керек?

6. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата

7. Тамақ, ас туралы мақал айт

8.Зиянды тағамдарды ата

9. Қандай дәрумендерді білесің?

10. Сүттен жасалатын тағамдарын ата

11. Еттен жасалатын тағамдарды ата

12.Қандай тағамдарды шектеу керек?
Дұрыс тамақтану- салауатты өмір қуанышын ұзарту. Әр адам өз денсаулығын қадағаласа, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанса Қазақстанда адам жасы орта есеппен 70 емес 100 болар еді. Ал 100 жасаудың бір ғана құпиясы бар. Ол тиімді тамақтану мен дұрыс энергия жұмсау.

РефлексияТөрт терезе

Бағалау: Білім пирамидасы

,